• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:59:58
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2018 NEWS

"Өлгім келді". Бетперде киген бойжеткен депутаттар алдында сөз сөйледі

Бес жыл бұрын ата-анамнан айырылып, тәтемнің қолына өттім. Алғашқы күні өзге үйге, өзге төсекке жатқанда ата-анамның жоқтығын қатты сезіндім.

Ата-анасынан айырылып, өз-өзін өлтірмек болған, алайда «111» жедел желісінің қыметкерлері құтқарып қалған қазақстандық бойжеткен депутаттар алдында бетперде киіп сөз сөйледі.

«Біздің «111» сенім телефоны 2017 жылы 104 баланы суицидтен құтқарып қалды. Сол балалардың бірі бүгін осында келіп, сөз сөйлеуге рұқсат сұрады. Бетперде киген қыз не себепті сондай қадамға барғанын түсіндіріп бермек. Құлақ асуға міндеттіміз, оның себебі көп. Біз балаларды киіндіріп, тамақтандырамыз, тоңса жылытамыз әрі сол жеткілікті деп ойлаймыз. Бір біз баланың жаны бар екенін ұмытып кетеміз», - деді Мәжіліс депутаты, балалардың құқығын қорғау өкілі Зағипа Балиева.

«Бес жыл бұрын ата-анамнан айырылып, тәтемнің қолына өттім. Алғашқы күні өзге үйге, өзге төсекке жатқанда ата-анамның жоқтығын қатты сезіндім. Ол күнге дейін ата-ананы жоғалту дегенді түсінбеген екем. Ата-анасыз қалай өмір сүруге болады деп ойладым. Әрі қарай өмір сүргім келмеді. Бірақ туыстарым маған демеу болды, қолдады. Сол жылдары бой жеттім, сабағым нашарлады, тіпті оқымай кеттім десем де болады. Қатты жалғызсырадым. Сырымды кіммен бөлісерімді, мұңымды кімге шағарымды білмедім. Сөйтіп суицид жайлы ойладым. Интернеттен бұған қатысты түрлі сайттарды оқыдым, фильмдер көріп, түрлі өлеңдер тыңдадым», - деді бойжеткен.

Қыздың айтуынша, сенім қызметі жайлы жарнама арқылы білген.

«Маған алғашында бәрі анонимді түрде өтеді деп айтқан. Оператормен байланысып, жағдайымды түсіндірдім. Ол маған психологпен сөйлесуге кеңес беріп, басқа желіге қосты. Негізі жағдайымды ашып айтқым келмеді, себебі мені түсінбей қалатындай көрінді. Бірақ мамандар мені тыңдап, менімен жұмыс істеуге дайын болды. Ата-анамнан  басқа да жақындарым бар екенін түсіндірді. Кез келген уақытта сенім телефонына хабарласып, жағдайымды айтып бере алатынымды түсіндірді. Жақын туыстарыммен араласып тұруыма септігін тигізді. Сөйтіп бәрін тәтеме айтып беруге бекіндім, айтып бердім де. Ол мені психологтың қабылдауына жазып қойды. Қазіргі уақытта біраз жеңілдеп қалдым. Мені ешкім түсінбейді деген ойдан арылдым. Достарыммен сырласып тұрамын. Олардың мені қолдайтынына көзім жетті. Әлемге басқаша көзқараспен қарайтын болдым. Олар мені өлімнен құтқарды. Алғысым шексіз», - деді бетпердедегі бойжеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір