• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:11:06
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 Әлеумет

Өлген жерім осы ма?... (өмірде болған оқиға желісімен)

Анау қараңғы түкпірде жын-шайтандар  сықылдап күлгендей болды.

 Түнгі уақыт болатын.  Көше қараңғылығы ерекше сұсты, қорқынышты. «Кел бері...» деп әлдебіреу  құлақ түбіңе сыбырлап, бұрыштан шығып арқаңнан қағатын секілді. Анау қараңғы түкпірде жын-шайтандар  сықылықтап күлгендей дыбыстар естіледі.

Осы түн әлдебір сұмдықтың боларын білдіріп  тұрғандай еді. Жел гуілдеп үй терезелерін бір өбіп өтті де, перделерді қозғалтып үй ішіне тастай қатты суық ызғарды кіргізді.  

«Түйме!». «Түф құрғыр-ай!». «Осы тігісімді таң атқанға дейін бітіріп үлгерсем екен... Мына түймені қайда түсіріп алдым. Қап!»-дейді белі талған Әсия. Манағы желмен келген ызғар- ажал ызғары еді. Терезе айқара ашылғанын байқаған Әсия жерге түскен түймесін ұмытып, орнынан тұрып, есікке қарай беттеді. Алдымен есікті жауып, терезеге келіп тұрды.

Дала тастай қараңғы. Алыста ағараңдаған бейне көрінеді. Әсия денесі тоңып кетті ме, әлде алыстағы бейнеден шошынды ма, терезені тарс жауып артқа жылжыды. Кенеттен тігісі мен жоғалтып алған түймесі есіне түсті. Ажалы түймеден боларын білген жоқ еді. Қайтсін...

Жаңа түймені қорапшадан шығарып алып, инесін көздеп, жібін сабақтады. Түймені тағы түсріп алам ба деп есі шығып, тісіне бастырды. Бекер-ақ..

«Әй, мынау оңбаған қыз әлі отырма!»-деп айқайлаған анасын көріп шошып кетті, селк еткені сол-ақ екен, қақалып қалды. Көзінен жасы парша-парша ағылды, сөйлей алмайды. Жанұшыра тамағын ұстады,  бозарып кетті. Жерге сұлқ құлады. Анасы жанында түк түсінбеген қалпы шырылдап жүр. Талып қалған екен дейді. «Қызым! Қызым! Әсия!»-дейді тамағы қарылып.

Қызынан бір-ақ сәтте айырылып қаларын кім білген. Әрине, ажал айтып келмейді. Бірақ дәл осылай боларын ана жүрегі сезіп пе? 5 жасынан тігіс тіккен қызын шошытып алып, өзі өлтіріп қоярын біліп пе? Жоо-жоқ, ана жүрегі өзіне мұндай қылмысты кешіре алмайды.

«Қызғалдағым... Әсиям!...» деп жылайды ана жүрегі. Амал не, жүрек соғысы естілмейді, қатты шошынған не жүрегі тоқтап қалған деген қорытындыға келген жедел жәрдем қыздың туыстарына көңіл айтып жатты.

Арада үш күн өтті. Қыз жерленді. Аққа оралып, жерге көмілді. Қайғырған ананың тілі күрмеліп, сөйлеуге келмей қалған.

Дәл осы сәтте оның сүйікті қызы, тұла бойы тұңғышы жер бауырлап, топыраққа тұншығып мәңгі ұйқыға кеткен еді.  Алайда, бәрі осылай оп-оңай болса-ғой шіркін! Қорланған ана жүрегін тағы бір тосынсый күтіп тұр еді....

 

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

-Ей, болсаңшы! Неменесіне созылып жүрсің, қазір кешігеміз!-дейді қара киімді жігіт.        

-Көлікті оталдыра бер. Қазір келем,-дейді қасындағы сары бала.

«Ең бастысы барлығын тыныш қана бітіру. Бәрін кеше біз жоспарлағандай істейміз. Артық нәрсе керек емес. Барамыз, аламыз, келеміз. Жақсы ма?»

«Ой, бауырым, миллион рет істеп жүрген іс-қой! Қобалжымашы!!!»-дейді сары бала.

Екеуі жоспарланған жерге келіп ойларындағы сұрқия істі жасамақшы. «Күректі әкел!»-дейді бірі.

Тым-тырыс. Айналада топырақ пен қараңғылық, адам есімдері мен жылдары жазылған тастардан басқа ешнәрсе жоқ, ешкім жоқ. Бақилық болғандардың рухтары ауада ұшып жүрген тәрізді әсер қалдырады. Зираттардың ішінде жаңа көмілген төмпешіктерді қарай бастады. Таңдап алып, қазды.

Арада көп уақыт өтпей  аппақ мата көрінгендей болды. «Өй, мынада түк жоқ шығар. Кеттік келесі зиратты көрейік» дегенше болмады, күрекке сүйеніп тұрып шұңқырға құлап түсті.

Тарс етті. Дәл мәйіт үстіне құлады. «Ойбай!!! Құдай атқыр! ААААА!!!! САРЫЫЫЫ!!! Мынау тірі ғой!!! Шығар меніііі!!!!!»-дейді  жүрегі жарылып кетердей болған қара күртеше киген жігіт.

Жапа тармағай шұңқырдан қалай шығып, көлікке мініп кетіп қалғандарын өздері сезген жоқ. Ағараңдаған бейнелер мен осы жерден шақырым жерде орналасқан көше шамдарының әлсін-әлсін оттары артта қала берді.

Әсия оянды. Не болғанын түсінген жоқ. Бар есіндегісі-түйме. Жер астында не істеп жүргенін түсінбеді. «Мынау тозақ па? Құдайым-ау бұл не? Мен қайдамын?» дейді қыз. Үстіне құлап түскен ер адам оны оятты. Әсия есін жинай бастады. Шұңқырдан шығып, өзінің зираттар мекенінде екенін түсінді. Әлгі жігіттің шұңқырда не істеп жүргенін енді түсінгендей болды, күрсінді. Оның бұл жерге қандай оймен келгенін түсінсе де, дәл осы сәтте Әсия сол жігітке риза еді....

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дала тұман. Көше бойын жағалап келе жатқан бір ғана көлеңке ағарып көрінеді. Ақырын аяңдап, баяу қозғалып келе жатқан ол әлденені іздеп жүрген тәрізді.

Дәл осы сәтте терезеге қарап ой орманына шомып кеткен Әсияның анасы айдаладағы қараңғы жаққа телміріп отыр еді. Ағараңдаған әлденені көргенде көзіме елестеген шығар деді. Сөйткенше, болмады ап-анық көше бойы  сүйретіліп келе жатқан ақ матаны көрді де, таныды. Талып кетті...

Дала қызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір