• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:52:59
Алматы
+35°

28 Наурыз, 2019 Денсаулық

Өлген адамның миын зерттеген мамандар мынаны ескертеді...

Сіз миды алып тастау түріңізді жағымсыз етеді деп қорқатын шығарсыз. Ешқашан олай болмайды.

Ми – тапшы орган. Нейроғалымдар әлем халқының 15 пайызынан астамын алаңдататын ауруларды зерттеу үшін ми ұлпасының кез келген түрін қажет етеді. Тиш Эвелді мысалға алайық. 2015 жылы оның әкесі Леви деменция ауруынан көз жұмғаннан кейін Эвелдің отбасы марқұмның миын зерттеуге рұқсатын береді. Олар мұның ұзақ уақыт алатынын білсе де, келіседі. Бұл тәжірибе Эвелдің донорлардың тіркелуін жеңілдету үшін «Ми доноры» жобасын қолға алуына түрткі болды. Бұл жобаға екі жылдың ішінде 2000-нан астам адам тіркелген.

МЕДИЦИНА

Миды беру туралы алыпқашпа әңгімені жоққа шығару. Желіде braindonorproject.org парақшасымен ашылған Тиш Эвелдің ұйымы қайтыс болған адамның миын зерттеуге беру процесін жеңілдетуді көздейді. Ұйым, сондай-ақ бұл тақырып­­қа қатысты түсініспеушілікті сейілтеді. Сіздің білуіңіз керек жайттар мынадай:

АҒЗА ДОНОРЫ

Егер сіздің жүргізуші куәлігіңізде «ағза доноры» деп жазылған болса, құттықтай­мыз, себебі сіз қа­йырымды­лықпен айналысып жатырсыз. Оған, әрине, барлық ағзаңыз кірмейді. Сіздің жүрегіңіз, кеуде қуысыңыз бен ұйқы безіңіз жолы болған жандарға барады, бірақ миыңыз, сіз арнайы келісім бермеген болсаңыз, өзіңізде қалады.

САУ МИ

Донорлық етіп, миыңызды берген сәттегі оның қандай күйде болары белгісіз. Алай­да, шындығы сол, ол тек кей жағдайларда және инфекциялық аурулар бар болса ғана зерттеуге жарайды. Ғылымға әртүрлі ми керек, өйткені зерттеу үрдісінің басты тұсы – аурулар мен сау ағзаларды салыстыру.

АШЫҚ ТАБЫТ

Сіз миды алып тастау түріңізді жағымсыз етеді деп қорқатын шығарсыз. Ешқашан олай болмайды. «Ми бас сүйектің артқы бөлігін тілік жасау арқылы алынатындықтан бастың пішінін өзгертпейді», – дейді Эвел.

ШЫҒЫНДАР

Егер сіз миыңызды АҚШ-тағы Ұлттық денсаулық сақтау институттарының алты ми банкінің біріне беретін болсаңыз, отбасыңыз миды алып-бергенге және сақтағанға ештеңе төлемейді.

УАҚЫТ

"Миыңызды ғылымның дамуына арнаймын" деп шешсеңіз, патологтар 24 сағаттың ішінде миыңызды шығарып алуы керек. Олар мидың ұлпасын да тез арада алғанды жөн көреді. Сондықтан отбасыңызға таңдауыңыз жайлы және оның қалай жүзеге асырылғанын қалайтыныңызды айтып кетіңіз.

Ми

 

Мына 101 жастағы донор қарияның миы өз қатарластарынан үлкенірек. Ол соңғы демі шыққанша зейінін жоғалтпаған деседі.

Лори Кусберт

nationalgeographic.kz

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір