• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:35:21
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 Денсаулық

Өлейін десем жан қымбат, өлмейін десем дәрі қымбат...

Біз отбасымызбен «INFINITI» компаниясының тауарларын тұтынамыз. Дәрінің пайдасынан зияны көп.

Дүниеде адамзатқа берілген басты құндылықтардың бірі – денсаулық!

Сондықтан да болар «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде», «дені саудың – жаны сау», – деп даурығып жатамыз. Алайда көбіне күйбең тірлікпен жүргенде сол денсаулыққа немқұрайлы қарап, ауруымыз асқынғанда бір-ақ біліп, өлейін десем жан қымбат, өлмейін десем дәрі қымбаттың күйін кешетініміз де шындық. Ал қазіргідей экология ластанып, тағамдар құнарсызданған кезде ауру көбеймесе азаймақ емес екені белгілі. Осы орайда адамдардың дәріге деген талғамы қандай, біз осы ем іздеп жүріп кез-келген алаяққа жем боп  жүрген жоқпыз ба? Мамандар не дейді, адамдар ше? – деген сұрақтар төңірегінде ізденіп көрмекпіз.

 Қала тұрғыны – Аралова Нұрлыгүл: Қазір қыс мезгілі. Көбіне тұмауратып қалып жатамыз. Сондай кезде аптекадан «Мукалтин», «Парацетамол» болмаса басқа көп дәрі алмаймыз.

 Керешева Гүлдана: Біз отбасымызбен «INFINITI» компаниясының тауарларын тұтынамыз. Дәрінің пайдасынан зияны көп. Дәрі асқазан, бүйрек, бауырды қоймайды. Ал «INFINITI»  - құрамы  100% экологиялық таза табиғи өнім. Осы өнімді пайдаланғалы жасы 60-қа  жақындап қалған  енем Зарипова Саруар Атауқызы көптеген ауруынан айықты. Қан қысымы қалпына келді, сахар дертінен құтылды, ішкі құрлысы тазарды. Жыл сайын гриппен ауыратын еді ол да қалды, қазір шүкір жағдайы жаман емес. Бәрінен бұрын қуық ауруы циститтен көп қорлық көріп еді, қазір «памперс», - деген пәлені төрт ай дегенде біржолата тастады. Бұл бір жағынан денсаулық болса, бір жағынан табыс көзі. Өзім көзім жеткеннен кейін осы өнімнің тауарларын сатумен айналысамын. Алушылар көп. Қазақстанның түкпір-түкпіріне тарап кеткелі екі жыл болды. Тіпті махаббаттың  символына айналған Анель мен Марлен де осы өнімнің қызығын көргендердің бірі. Бір жылдың ішінде  Анель демалатын аппаратын тастады. Екеуі алғыстарын жаудырып, Корей еліне тағы бір ота жасатуға кетті. Аман-есен оралса, отау құрмақшы екен. Біздің  компанияда қазір қайырымдылық акциясы ретінде лотерея ойнатылып жатыр. Одан түскен қаржыны осы Анельдің денсаулығына  жұмсайтын болады.

Психолог маман - Канышева Айгүл: Барлығы адамның ішкі сеніміне байланысты. Адам өзінің нерв жүйесін басқара білуі керек. «Мына дәріден маған пайда болмайды-ау», - деп іштей ойлай берсе, әлгі дәріден оған пайда болмайды. Кейбір дәрілер бір-екі рет ішкеннен бірден нәтиже бермейді. Алдымен дәрі ағзада еріп, қанға сіңуі керек. Алайда қашан әсер ететіні белгісіз. Сонымен бірге нәтиже қабылдаған дозаға да байланысты болады. Тіпті кейбір адамдар дәріні уақытылы пайдаланбайды. Дәріні бір ішіп, бір ішпей жүрген соң да дәрі әсер етпеуі мүмкін. Ал ағзада вирусқа міндетті түрде антивирус қажет. Өзім қазіргі күнде «IPAR» компаниясының өнімдерін пайдаланып жүрмін. Бұл енді дәрі емес дәрумен. Қымбаттау болғанмен кез келген өнімі бір аптаның ішінде әсер етеді.

Аты-жөнін жазбауды өтінген дәріхана сатушысы:

 Кез келген тұтұнушы дәріні алғанда сапасына мән беру керек. Себебі дәрілердің  түпнұсқасы да бар, дженериктері де бар. Дженерик дегеніміз –патенттік мерзімі аяқталған дәрілердің өндірісі. Бірақ түпнұсқаның әсері күшті. Оны дәрігерлер болмаса кез-келген адам ажырата алмайды. Врачтар науқастарға көбіне дженериктерді жазып береді. Өйткені соны шығарушы компанияның  өкілдері сол үшін оларға бонус береді. Ақша не істетпейді қазір... Күні кеше бір он алтыдағы жап-жас бала келді маған. Қандай дәрі сұрады десеңші? Постинор деген дәріні 15 жастағы жақын араласып жүрген қызына алмақшы екен. «Әй, саған бұл дәріні пайдалануға болады деген кім?» -деп сұрасам, «басқа аптекадағы апалар», - дейді.

«Олай айтқан апаларыңа ақша керек, ал сендерге керегі денсаулық емес пе шырағым-ау, «Постинорды» ішкен қыз ұрпақ көтере алмайды, мен зиян келтіретін дәріні сатпаймын», - деп қуып жібердім. Қазіргі жастар осы «интимдік қатынастан соң 7,8 сағат ішінде осы таблетканы ішпесе жүкті болып қалады», - деп өз болашағына балта шауып жатқанын да білмей шатасуда.

Иә ақша да, басқа да дүниенің қызықтары бір күн ауырғанда түкке  де тұрмайды. Алайда Алланың аманаттап берген денсаулығының сұрауы бар. Шетелдік шөптерді ішеміз деп, ішегіне құрт түсіріп алғандар  да, артық салмақтан бірден арыламыз деп жүріп қу сүйек болып, құр сүлдері қалғандар да, әжіміңді кетіреді, өміріңді ұзартады деп жүріп,  қайта-қайта ота жасатып одан сайын құбыжыққа айналып өзін де, өзгені де сан әуреге салғандар да, болашақтың тамырына балта шалғандар да күні ертең сұралады. Сондықтан денсаулыққа салғырт қарамайық.  

Гүлмира Сүйекенова, Атырау қаласы  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір