• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:31:43
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 Әлем

Оларда мәдениет жоқ: Саакашвили мұсылмандарға тіл тигізді

«Грузияның мұсылмандар одағы», елдің экс-президенті Михаил Саакашвилиден Аджаридің Хуло ауданында тұратын мұсылман ...

«Грузияның мұсылмандар одағы», елдің экс-президенті Михаил Саакашвилиден Аджаридің Хуло ауданында тұратын мұсылман дінін қабылдаған жергілікті тұрғындарға тіл тигізгені үшін  кешірім сұрауын талап етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме жасап.

Саакашвили: «Хулоның тұрғындарына ешқандай да сурет галереясы қажет емес»,  - деп, мәдениеті жоқ аудан екендігін айтқан. Сонымен қатар ол жергілікті саясаткерлердің бірін «артта қалған» және «үстінен жағымсыз иіс шығады» деп кекеткен.

«Мұсылмандар одағының» басшысы Тариэл Накашидзе, экс-президенттің бұл әрекетін «қорлық пен кемсітушілікке» балады.

Ескерте кетейік, Хулода және Грузияның басқа да аймақтарында 19 мамыр күні қала мэрінің сайлауы өтеді. Грузия сотынан қашып, шетелде бой тасалап жүрген экс-президент әлеуметтік желілер мен видеоүндеулер арқылы өзінің «Бірыңғай ұлттық қозғалыс»  партиясының кандитатына дауыс беруге шақыруда.

Дайындаған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір