• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:48:49
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Оксана Тен: Қазақты сүйген баланы молаға сүйредіңіздер

Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы жалғасуда.

Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бүгін сотта спортшының анасы Оксана Тен түсінік берді. Ол Денис Теннің өлімі тапсырыспен орындалған деген пікір айтуда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа тілшісі сот залынан.

Денис Теннің айтуынша, сол күні оны "Т9 групп" ЖШС директоры Мадина Аманова "Гедонист" ресторанына шақырған.

"Ресторанның директоры Руслан Хайруллаев Дениспен 1-3-сыныпта бірге оқыған. Денис онымен жақсы араласпайтын. 13:45-те Хайруллаев оны түскі асқа шақырған. 13.48-де Денис оған келіседі. Ал 18 шілдеде бүгін күдікті болып отырған үшеуі Алматыда жиналады. Олар 18 шілде күні кешкі 21-де қаланың ортасынан пəтер жалдаған. Ақшалары жоқ олар қымбат ауданнан қалай пәтер жалдаған?! Барлық əрекет 19-ы күні түскі екіде басталады. Түскі 14:14-те олар Наурызбай көшесімен Гогольға бұрылған.

14:15-те күдікті Толыбаева қоңырау шалады. Толыбаева үнемі телефонда болған. 14:18-те Денис рестораннан шықты. 14:30-да қылмыскерлер сол оқиға орнында болған.  Осы уақытқа дейін Құдайбергенов қолғабымен жүргізуші жақтың айнасын шешіп алған. Денис машинаға Құрманғазы көшесімен келе жатады. Құлағында құлаққап, музыка тыңдап бара жатады. Толыбаева оның көлік иесі екенін қайдан білді? Ол сыбайластарына хабарлап үлгереді. Денис машинаға келгенде Құдайбергеновты көрген. Сол сəтте Құдайбергенов оның қолына екінші айнаны ұстатады. Қандай ұры көлік иесіне өзі ұрлаған затын ұстатушы еді? Содан соң Дениске  Құдайбергенов бірдеңе айтып, Денис ашуланып кеткен. Оған не айтқанын білмеймін. Құдайбергенов спорт алаңына қарай қаша жөнеледі. Оның артынан Қиясов жүгіреді. Денис сол жерде қансырап құлағанша аяғынан тік тұрған. Оны бір куəгер көрген. Ол бірақ төбелестен қорыққанынан машинадан шықпаған» - дейді Оксана Тен.

Оның айтуынша, автоұрылар әуел бастан айна ұрлауды мақсат тұтпаған. Мен келгенде айналар Денис құлаған жерден сол жақта жатты.

"Денистің сөмкесінде айнадан да қымбат заттар болды. Неге оны алмаған? Олар не үшін жасады мұны? Ақша үшін екені рас. Біз тапа-тал түсте адам өлтіре салатын ел емеспіз. Күндіз пышақ ұстап, адам өлтіру бола бермейді. Мен осы нұсқаға көп адамның сенгенін қаламаймын. Денис Қазақстанын тек қана жақсы жағынан көрсеткісі келетін, елін мақтайтын, жақсы көретін, бəрін қонаққа шақыратын. Бізге келген қонақтар «Қазақстан қандай əдемі, тамақтарың қандай дəмді», - деп айтып кететін. Ұсталғандарға айтарым, сіздер Қазақстанға қарсы ауыр қылмыс жасадыңыздар. Бұл қара күйеден Қазақстан жақын арада тазармайды. Қазақты сүйген баланы молаға сүйредіңіздер ", - деді Оксана Тен.

Оның айтуынша,  Денистің өмірлік ұстанымдары біреуге ұнамаған немесе оның өміріндегі сəттілік біреулерге кедергі болған.

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын.

Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды.

Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті. Айта кетейік, кеше Денис Теннің өлімі бойынша басты сот талқылауы басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір