• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 23:39:27
+35°

10 Мамыр, 2017 NEWS

Өгей баласын өлтірген қылмыскерлердің соты ашық түрде өтпек

Туыстарының қолынан ажал құшқан баланың әжесі соттың ашық түрде өтуін талап етті.

Туыстарының қолынан ажал құшқан баланың әжесі соттың ашық түрде өтуін талап етті.

11 жасар Өркен Азаматұлының өлімі туралы іске қатысты күдіктілер алқабилер сотынан бас тартты, процесс ашық түрде өтетін болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik басылымына сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні Қаскелең қаласында Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Алматыда өгей баласын өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген әйелдің ісі бойынша бастапқы тыңдау өтті.

Сотталушылар: өлтірілген баланың өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Кәдіржан Гүләмов. сонымен бірге Руслан Мүтәлиев. Өлтірілген оқушының анасы мен әжесі соттың жабық түрде өтуіне қарсы екендіктерін мәлімдеді.

"Қылмыскерлерді соттау жабық түрде өтпеуі тиіс деп санаймын. Бұған қарсымын. Ашық түрде болсын. Бүкіл Қазақстан білсін", — деді Өркен Азаматұлының әжесі.

Судья Берікжан Байжүнісов соттың ашық түрде өтетінін мәлімдеді. Басты сот талқылауы 15 мамырға белгіленіп, Қарасай аудандық сотының ғимаратында өтетін болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір