• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:20:06
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2019 NEWS

Облыс әкімі: Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар?

Өндіріс саласына келген кезде жастар мемлекеттік тілде сөйлеуі керек.

Өндірістік орында жастармен кездескен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мемлекеттік тілге көп басымдылық берілу керек екенін баса айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорындар мен зауыттардағы жазба тақтайшаларының мемлекеттік тілде жазылмауын сынға алған облыс әкімі ең бірінші ортаны тәрбиелеу керек екенін жеткізді.

«Басқа жиналыстарды мемлекеттік тілде жүргізсек, зауыт-фабрикалар мен жаңа технологияға келгенде ресми тілмен сөйлейміз. Ол да ойландыратын дүние. Өндіріс саласына келген кезде жастар мемлекеттік тілде сөйлеуі керек. Оны оқу орындарында қалыптастырған жөн», — деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы қытай басшысының есебін аударып отырған қызметкер де ескерту алды.

«Қытай тілін жақсы меңгеріп алған екенсің. Бірақ қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар? Қайта өзіңнің ана тілің. Келесіде аударманы мемлекеттік тілде жүргізсең», — деп тапсырма берді өңір басшысы.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Фариза Жомартқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір