• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:07:10
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2019 Денсаулық

"Обыр дертінен қиналып өлген баланы өз көзіңізбен көрмесеңіз, үндемеңіз!"

Шекаралары ашық әлемде медицина бүгінгідей дамымаса, қашама адам қайтыс болар еді.

Соңғы жылдары халық арасында дәрігерлерге қатысты түрлі қауесет сөз таралып кетіпті. Айтуларынша, біз балаларға екпе егу арқылы денсаулықтарына зиян келтіреді екенбіз, ал өзіміз соның арқасында қырып ақша табамыз.

Біздің педиатрларымыз бен инфекционист мамандарымыз үнсіз болғандықтан, мен тақырыпты қайта қаузап көрейін. Бүгінгідей медицинаның дамып, шарықтау шегіне дейін жеткен кездің өзінде әлемде жылына 558 миллион адам жұқпалы аурулардың салдарынан көз жұмады. Ал мұндай медицина жоқ кезді көз алдыңызға елестетіп көріңізші?

Аурухана да, емхана да жоқ, дәрігер деген түсінік қалыптаспаған, адамдар емделу үшін емшілер мен шамандардың көмегіне жүгінеді. Ал қалғаны дәл бүгінгідей болсын. Оның үстіне, жыл сайын елімізде 400 мың бала дүние есігін ашады. Инфекцияның жеңіл түрлеріне шолып шығайық...

Қызамық вирусы. Жай ғана инфекция сияқты. Балалардың бәрі осы аурумен ауырады. Ештеңе етпес дейміз, ауырады, өтеді, кетеді, есесіне иммунитет өзінікі. Иә, дұрыс. Жоқ, дұрыс шығар... Алайда, бұл вирусты анасының құрсағында жатқанда жұқтырса, дүниеге соқыр, мылқау немесе жүрегі әлсіз сәбилер келеді. Мұндай сәбиді босандыру дәрігерлер үшін үлкен тәуекел.

Желшешек (ветрянка). Инфекцияның бұл түрімен балалардың бәрі ауырады. Жүкті аналар да ауырады. Алайда, инфекцияны жүкті кезінде жұқтырып алса, баланың аман есен дүниеге келуі екіталай. Ондай сәбилердің 31 пайызы шетінеп кетеді.

Паротит (свинка). Көбіне 3-тен 15 жасқа дейінгі балалар ауырады. Бала күнінде екпе егілмеген ересектер де жұқтыруы мүмкін. Дерттен өліп кету қауіп төмен, алайда дертті жұқтырғандар қатты қиналатын болады. Асқынып кетсе, адамның миы ісіп, кейбірі панкреатитке шалдығады, дертті жұқтырған 200 немесе 500 баланың біреуі менингитке шалдығады. Бұл инфекцияны жұқтырған 100 мың адамның біреуі өледі.

Полиомелит (жұлын қабынуы). 5 жасқа дейінгі балаға жұғуы мүмкін. Инфекцияға шалдыққан 200 баланың біреуі сал болып қалады. Инфекцияның салдарынан сал болып қалған балалардың 1 пайызы шетінеп кетеді. Ал жалпы ауруды жұқтырған адамдардың 30 пайызының дертпен күресуге шамасы болмай, қайтыс болады.

Көкжөтел. Бұл инфекцияны жұқтыру өте тез жүреді. Жұқтырған 6 айға дейінгі сәбилердің 60 пайызы шетінеп кетеді, егер одан үлкендері болса, 8 пайызы о дүниелік болады.

Дифтерия (жұқпалы тамақ ауруы). 1 жасқа дейінгі балалардың дерт салдарынан шетінеп кету қаупі жоғары. Ал одан жасы үлкендердің 10 пайызы қайтыс болады.

Сіреспе дерті. Ересектердің 80 пайызы мен балалары 95 пайызы қайтыс болады.

Ал егер медицина болмаған жағдайда, аман қалатын балаларды санап көріңіздер.

Ойларыңыздан әлі қайтпадыңыздар ма?

Бүгінгі жағдайда инфекцияны жұқтыру оңай. Иә, дертті жұқтырып, бірақ аман қалуға болады деп ойлайсыздар ғой. Бұрын да солай болған. Бірақ өткен ғасырларда аналарымыз дүниеге көп бала әкелген, олардың көбісі шетінеп кетіп отырған. Сол себепті қазақтар арасында Тұрар, Тоқтасын, Тұрсын деген сынды есімдер көп. Мәселен өзімнің әжем 16 бала туған, олардың 4-еуі ғана аман қалды.

Міне, медицинасыз өмір деген... Мұнымен аяқталған жоқ. Бізді әлі шешек ауруы күтіп тұр.

Медицинасыз әлемнің бар тұрғыны түрлі дертті жұқтырады. Ересектері де, балалары да. Халқы тығыз орналасқан мемлекеттерде шешектен тұрғындарының 70 пайызы өмірден өтеді.

Одан кейін оба ауруы. Бұл дерт туралы бәріңіз естіген боларсыздар. Құлаққа да түрпідей естіледі, солай ма? Қызыл киім кигізіп қойып, дұға оқиды, жалбарынады....

Медицина болмаса... Шекаралары ашық әлемде медицина бүгінгідей дамымаса, қаншама адам қайтыс болар еді.

Медицинаны жау санамаңыздар! Нағыз жау – компьютер алдында отырып алып, вакцинация жайлы жазатындар, осыған қатысты түрлі видео ролик түсіретіндер. Олар дифтерия дертінен қиналып қайтыс болған баланы өз көздерімен көрмеген болар немесе инфекцияға түгел шалдыққан бүтіндей бір ауданға бармаған.

Вакцинацияға қарсы негативке толы жазба жазбас бұрын, шешек ауруына шалдыққан сәбидің көздеріне қараңыз. Сосын «вакцина керек емес!» деген ұраныңыздың түпкі мағынасын түсіндіріңіз!

Эрик Әбенұлы

Эрик Әбенұлы, дәрігер-хирург

Аударып, ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір