• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:47:38
Алматы
+35°

30 Желтоқсан, 2016 NEWS

Обама Ресейдің 35 дипломатын АҚШ-тан қуды

Америка билігіндегілер АҚШ-тан ресейлік 35 мәмілегерді елден шығарып, жұмадан бері Ресейдің Мэриленд пен Нью-Йорк штатындағы екі мәмілегерлік өкілдікті жауып...

Америка билігіндегілер АҚШ-тан ресейлік 35 мәмілегерді елден шығарып, жұмадан бері Ресейдің Мэриленд пен Нью-Йорк штатындағы екі мәмілегерлік өкілдікті жауып жатыр, - деп хабарлайды Reuters агенттігі АҚШ әкімшілігіндегі жоғары қызметтегі шенеунікке сілтеме жасап.

Жоғары қызметтегі шенеуніктің айтуынша, Ресей азаматтары 72 сағат ішінде АҚШ аумағынан кетуі тиіс.

Азаттықтың жазуынша, Бұл - Вашингтонның АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде «Ресей ұйымдастырды» деп сипатталған хакерлік шабуылға жауабы.

9 желтоқсанда The Washington Post газеті ЦРУ ресейлік хакерлер тек америкалық сайлау жүйесіне нұқсан келтіріп қоймай, Трамптың президент сайлауында жеңіп шығуына көмектеспек болды деп хабарлаған. The New York Times газеті хакерлердің Республикалық партияның компьютерлеріне де бұзып кіргенімен бұл партияға нұқсан келтіретіндей электрондық хаттар мен материалдарды әшкере етпеген деп жазған.

Ал РИА Новости мәліметінше, АҚШ президенті Барак Обама елден шығарылып жатқан мәмілегерлерді «барлаушылар» деп атаған. Барак Обаманың айтуынша, АҚШ-тағы екі мәмілегерлік өкілдік елдегі жағдайды барлау үшін қолданылып жүрген.

29 желтоқсанда, бейсенбіде Барак Обама Ресейге қатысты жаңа санкциялар туралы қаулыға қол қойды. АҚШ қаржы министрлігінің мәліметінше, санкция Ресейдегі алты адам мен бес ведомство үшін енгізіліп отыр. Оларды америкалық жүйелерге кибершабуыл жасады деп айыптап отыр. Айта кетейік, тізімдегі алты адамның ішінде Бас барлау басқармасының басшысы Игорь Коробов, бірінші орынбасарлар Владимир Алексеев пен Игорь Костюков, орынбасар Сергей Гизунов, Алексей Белан мен Евгений Богачев бар.

Айта кетейік, қаулы бойынша, санкциядағы тізімге енгізілген жеке тұлғалардың мүлігіне тыйым салынатын болады.

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (немесе FBI) мен ішкі қауіпсіздік министрлігі президент сайлауы кезіндегі кибершабуылдар туралы есебін жариялады. Ведомстволардың мәліметінше, кибершабуылдарға Ресей арнайы қызметінің қатысы бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір