• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:59:34
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 Әлем

ОАР президенті өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді

ОАР президенті Джейкоб Зума өз өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтамақ.

ОАР президенті Джейкоб Зума өз өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтамақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ТАСС порталының дерегіне сүйенсек, ол мұндай мәлімдемені сәрсенбіде «Африка ұлттық конгресі» басқарушы партиясының берген мерзімі аяқталғаннан кейін жасады. Олай болмаған жағдайда бейсенбіде сенім туралы мәселе бойынша дауыс беру кезінде оппозицияны қолдайтынын хабарлады.

«Мен республика президенті қызметінен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Ұйым басшылығының шешіміне келіспеуіме қарамастан, мен басқарушы партияның тәртібіне әрдайым бағындым», - деді Зума.

Сондымен қатар, ол сенімсіздік вотумынан да, импичменттен де қорықпайтынын және бұл процедуралардың өз көшбасшыларының өкілеттігін тоқтатуда азаматтардың қолданатын заңды тетігі екендігін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір