• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:16:17
Алматы
+35°

25 Шілде, 2018 NEWS

Нью-Йорктегі қазақ полицей америкалық қызды жар етті

Салтанатты шара Гавайда өткен көрінеді. Ал қазақ жігітінің сүйіктісінің есімі – Дженнифер.

Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов шаңырақ көтерді. 13 жасында АҚШ-қа қоныс аударған Қазақстан тумасы неке қия рәсімінен суреттерді Instagram-дағы парақшасында жариялады. Салтанатты шара Гавайда өткен көрінеді. Ал қазақ жігітінің сүйіктісінің есімі – Дженнифер.

«Қандай керемет күн! Сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өмірімдегі ең ғажап күн бұл. Мен бүгін өзімнің ең жақын досыма, өмірімнің мәніне үйлендім. Құдайдан жаңбырсыз жайлы күнді тіледім, себебі тойымыздың алдында үш күн бойы жаңбыр жауған. Соған бола қатты күйгелектенгенім бар. Ал құдай менің тілегімді қабыл етті. Мауида аспан шайдай ашық болды. Құдайға, достарыма, бізге батасын берген отбасыма зор алғысымды білдіремін», - деп жазды полиция қызметкері өзінің парақшасына.

Айта кетейік, Димаш Нью-Йорк қалалық полиция департаментінде жұмыс істейді. 2017 жылы ең үздік полицей атанды. Сонымен қатар бокспен де әуестенеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір