• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:01:12
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2019 Тарих

Нұх пайғамбардың моласы қайда?

Оның моласын анықтау үшін сөз түбіріне (өз түбіне), яғни сөздің өз атасына сөз береміз

Әлем тарихының қазақ даласынан басталғанының да, Нұх пайғамбар кемесінің Қазығұртқа тоқтағанының да, Нұх атамыздың моласының сол жерде сақталғанының  да бұлтартпас айғақтары бар. Ол – Қазығұрт тауының қасындағы Нұх пайғамбардың моласы. Оның моласын анықтау үшін сөз түбіріне (өз түбіне), яғни сөздің өз атасына сөз береміз. Таптық па? Иә, Иә! Ұқ (Үк), яғни Үкаша ата. Өздеріңіз көріп отырғандай атамыздың есімінің сөз түбірі Ұқ (Үк), яғни Нұх (Нүк).

Үкаша Ата мазары – Қаратаудың күнгей бетінде, Өгіз тау шатқалы маңындағы қыратта, яғни Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласынан 42 шақырым жерде. Кесенесінің жалпы ұзын 16 м, ені 5 м, биіктігі 3,5 – 4 м. Ғимараттың батыс жағында, диаметрі 3,5 – 4 м, биіктігі 4 – 4,5 м болатын шірімейтін қаңылтырдан күмбез тұрғызылған. Негізгі құрылысы тау тастарынан тік төртбұрышты етіп қаланып, сырты ақ және сұр түсті цемент қоспасына қиыршық тас араластырылып сыланған. Кесененің ішіндегі мазардың биіктігі 160 – 170 см, ені 150 см, ұзындығы 12 м-ге жуық. Кесененің батыс жағында 200 м жерде Үкаша ата құдығы бар.

Ежелде жер бетін алып диназавр, алып айдаһар, алып кесіртке, алып таутайлақ, алып самұрық құстар мекендегенін баршамызда тарихтан талай оқыдық. Қазіргі киттер мен пілдер сол алыптардан сақталып қалғандар. Қазақ даласының кез-келген жерінен олардың қаңқаларының табылып жатқанынан да хабардармыз. Соның бірі жақында ғана Маңғыстау ауданы жерінен табылды. Ертеректе Саура жерінен алып мамонттың қаңқасы табылған. Ақылға салып ойлап қарасақ, міне сол заманның адамдары да тура сондай алып болған. Үкаша (Нұх) ата мазарының ұзындығы 12 метр болатыны осыдан. Мұндай тарихи жәдігерлер Маңғыстауда да жетерлік. Мысалы, Қараман ата (мазарының ұзындығы 10 метр), Қырықкез әулие (20 метр), екі бірдей Алты Құлаш әулие (11-12 метр) қорымдар, салмағы бірнеше тонна, биіктігі 4 метрден асатын «Ерсарының қайрағы» т.т. бар. Мұндай жәдігерлер өзге өңірлерде де жетерлік. Соның бірі  Атырау облысында Мадияр төбе деген жерден жол қазып жатқан жұмысшылар тауып алған алып адамның қабірі. Аяқ жіліншігінің өзі бір метрдей.

Адамзат пен аңдардың ұсақталуы Нұх пайғамбар заманындағы топан судан кейін басталған.

Ал, Ашаға келсек бұл екі дүниенің, немесе бір заттың екіге бөлініп айырылатын жері дегенді білдіреді. Мысалы, Аша (айыр), Ашатаяқ, Ашамай (жас бала мінуге арналған аттың ері). Бұл қазақтың тектік шежіресінде де, сөз жасау жүйесінде де тек қана соны білдіреді. Алыпбидің (Әліппенің) бірінші дыбысы «А» мен басталып «А» мен аяқталатын сөздерде де солай: 1.Аға, 2.Ада, 3.Аза, 4.Ала, 5.Ана, 6.Апа, 7.Ара, 8.Аса, 9.Ата, 10.Ауа, 11.Аша, яғни Үкаша ата (Нұқ пайғамбар) 9-шы Ата мен 10-шы Анадан айырылып (бөлініп) кетіп тұр. Қайран Аталарым! Жарайсыңдар! Сөз жасасаң осылай жаса! Тарих жазсаң осылай жаз! Бұл тарихты Ұлы Жаратушы – Алладан басқа ешкім, ешқашан жоя алмайды.

Себебі, жер бетінде бір қазақ тірі тұрса, домбыра жойылмайды. Қазақтың домбырасына, Салдардың бас киімдеріне, қазақ келіндерінің сәукелесіне «Үкі» тағатын себебі де осы. Біздің үкілеп, аялап жүрген атамыз (Нұх пайғамбар) осы Үкаша атамыз. Үкілі домбыра, Үкілі Ыбырай, үкілі почта, үкі, үкі ою, үкім, үкімет, үкімет басы атаулары осы атамыздан қалды.

Бұны азсынсаңдар, тағы бір дәлел келтірейін: қазақтың тек қана сөзі емес, сөйлемдері де осылай жасалған. Сөйлем арасы мен соңына қойылатын тыныс белгілері де (үтір, нүкте, үтір-нүкте мен қос нүктелер) осыны білдіреді.

Аллатағала адамзатқа бірнеше пайғамбар жіберген, қасиетті Құран Кәрімде аттары аталатын 25 пайғамбардың ішінде Һұд және Лұт пайғамбардың есімдері бар. Өздеріңіз көріп отырғандай екеуінің де түбірі «Ұт (Үт)» болып тұр. Бір сөйлемнің  ішінде де бірнеше үтір қойыла береді.

Ал, сөйлем соңына «нүкте» қойылады. Бұл Нұқ ата деген сөз. Себебі, алдыңғы қауымның соңы Нұх пайғамбардың мұсылмандықты мойындап кемесіне мінген азғана адамымен аяқталады.

Қос нүкте — Қосай Нұх ата. Бұл Нұх пайғамбардың атасын (руын) көрсетіп тұр. Қос нүктеден кейін сөйлем қалай жалғасса, Нұх қауымыда солай жалғасып кетіп тұр.

Нұх пайғамбардың тегі қазақ, кеме тоқтаған жерде күні бүгінде де қазақтар отыр. Оларда осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген. Нұх пайғамбардың үш ұлының ең үлкені Қам өз әулетімен қазіргі Үнді жеріне кетіп, сонда қоныстанды. Қазақтан бөлініп өзге өңірге алғаш қадам басқан Қам атамыз болды. Қазақтың «Қадам (Қ-ада-м)» — Қамның атасы деген сөзі осылай дүниеге келді. Жылқы мен жылқышылардың пірі Қамбар атамыздың да тегі осы. Ортаншы ұлы Сам (Шам) өз әулетімен қазіргі Иран, Арабия жерлеріне барып қоныстанды. Ал, Нұхтың кенжесі Жаппас (Иафес), әке бұйрығымен солтүстікке қоныс аударды. Нұқтың өз елі қазіргі қазақ даласындағы Қазығұрт тауы (Сыр өңірі) алқабын жаз жайлау, Маңғыстауды қыс қыстауы етіп, мәңгі тұрақтап қалды. Ата жұрт бүткіл жер шарындағы үш ұлының елдерін осы өңірден басқарды. Осы өңір сан мыңдаған жылдардан бері бүкіл әлем елдерінің астанасы болып келді. Көшпенді ел (қазақтар) бүкіл әлем елдерінің ежелгі Ана тілін ешбір елдің тілімен будандастырмай бүгінгі күнге жеткізді. Біздер Нұх қауымының Атажұртында отырмыз.

«Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді. Үшеуіне айтты: «Адам перзенттерінен үшеуіңізден өзге ешкім қалған жоқ, үшеуіңіз үш жұртқа отырыңыз, ұрпақтарыңыз көп болса, сол барған жерлеріңізді жұрт етіп отырыңыз».

Иафес атасының әмірімен Жуды тауынан кетіп, Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің сегіз ұлы бар еді, ұрпақтары көп болды. Олар мыналар: Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», -деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы (оғланы) деген лақап қойды.

Түріктің төрт ұлы бар еді; Түтік, Хакал, Барсажар, Амлақ. Түрік өзі өлер шағында үлкен ұлы Түтікті өз орнына отырғызып, қайтпас сапарға кетті» (Әбілғазы «Түрік шежіресі»).

Түсініктеме: Күні бүгінге дейін бүкіл әлем елдерінің бірде-бір тарихшысы Әбілғазы атамыздың «Түрік шежіресіне» күмән келтірген емес.

Ежелгі қазақтар осы шежірелік атауға байланысты «жап» деп, қолмен қазылған каналды атаған. Жаппас – жаптың, немесе судың басы. «Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан» дейтін мақалдың сыры осы. «Авторлық құқық» толықтай сақталып тұр.

Нұқ қауымының қарашаңырағын кенже ұлы Жаппас (Иафес) ұстаған. Оларды Алшын шежіресі Алтын-Жаппас деп қосарлап атайды. Біз бұл сөз тіркестеріндегі Алтыннан Алшынды, Жаппастан 12 ата Байұлының бір баласы Жаппас руын көре аламыз.

Жаппастың үлкен ұлы Түрік оның тақ мұрагері болса, кенже ұлы Тарих қарашаңырағын ұстап қалды. Бұл қағида күні бүгінде де қазақи отбасында тура осылай сақталып келеді. Қазақтың «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» дейтіндері осыдан.

Ал, Ата-бабамыздың шежіре-тарихының кенже ұлда ғана сақталып қала алатынына кімнің қандай дауы бар?

Ұлы Аталарымыздан қалған ескі жәдігерлердің ішіндегі, ешкімді ешқандай дауға жібермейтін ең сенімді дерек көз: жер, су, тау, елдер мен елді мекен атаулары болып табылады. Міне осы қағидаға сәйкес, Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтап, іліңгір (жәкір) салған жер бүгінгі Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде алыстан қарағанда шөгіп жатқан қос өркешті түйені елестететін Қазығұрт ауданы жерінде орналасқан, Қазығұрт тауы болып табылады. Таудың төбесі ойпаң, жазық, ұзындығы 20, ені 10 шақырымдай, биіктігі теңіз деңгейінен 1768 метр. Осы тауда «Адам Ата шоқысы»,  “Кеме қалған”, “Пайғамбар тоқтаған”,  «Іліңгір (Леңгер (якор))», “Пайғамбар саусағы”, «Пайғамбар атының су ішкен жері»,  Ақбура, Көзді Ата, Әңгір ауылы аймағындағы тау шоқысының ернегінде Адам Ата мен Ауа Ана киелі тасы мен сол шоқының етегінде Қайып Ерен Қырық Шілтендер су ішкен бұлақ т.б. қасиетті жерлер бар.

Қазығұрт демекші, Қазығұрттың толық мағынасы Қазық (Қазақ) жұрт. Қазақ «қазық» деп қағып қойған жеріңнен ешқайда кетпейтін қазықты айтады емес пе? Аспандағы темірқазық жұлдызы да орнынан ешқайда аумайды емес пе? Адасқандар осы жұлдызға қарап жол табады емес пе? Бүкіл әлем елдері де сан рет адасып, қазаққа қарап жол тапқан. Мына атаулар сол Қазық жұрттан қалған ең сенімді дерек көздер. Қазақтар сол қазық жұртта әлі отыр. 

Ұлы Аталарымыздың ауыздарынан тастамай «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған» деген сөзді бекер айтып жүр, - деп ойлайтындар бар болса олар қатты қателеседі.

Нұх пайғамбар атамыздың кемесінің орнын сақтаған ел, моласының да орнын сақтап қала алатынына кімнің қандай дауы бар?

Тарих тағлымы: Ұлы Аталарымыз өз тарихын бір ауыз сөзбен жазып, бір ауыз сөзге тоқтаған мәрт халық болған. Ешқашан екі сөйлемеген, «Ердің екі сөйлегені өлгені» - деп ондайларды адам қатарына қоспаған.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір