• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:06:13
Алматы
+35°

08 Қараша, 2016

Нұртас Адамбай: Кинотеатр мәдениетін үйренбей, үздік елдер отыздығы жайлы сөз қозғаудың өзі ұят!

Нұртас Адамбай кинотеатрда аяғын алдыңғы орындықтың үстіне шығарып отыратын әдепсіз жандарға өз өкпесін білдірді. Танымал актердің  айтуынша, бүгінде...

Нұртас Адамбай кинотеатрда аяғын алдыңғы орындықтың үстіне шығарып отыратын әдепсіз жандарға өз өкпесін білдірді. Танымал актердің  айтуынша, бүгінде жастар ғана емес, ересек адамдар да қоғамдық орында өздерін қалай ұстау керектігін білмейді.

Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды. 

 Нұртас демалыс күндері екі рет кинотетарға барғанын және ондағы кей көрерменнің қарапайым ғана кинотетарда отыру этикеттерін білмеуіне налыды, жастарды былай қойып, ересек әйелдердің аяқтарын орындықтарға асып қойып отыратынын айтсаңшы дейді режиссер.

«Аяғын көтеріп отырған жандарға ескерту жасағым келді, алайда олар менен алыстау жерде отырды. Керек десеңіз бүкіл залға да айқайлайын дегенмін. Бірақ өз ата-аналары тәрбиелей алмаған жандарға менің сөзімнің өтуі екіталай. Мені ашуландырған нәрсе басқа. Сол аяғын жоғары көтеріп отырған «мәдениетті жандардың» арасында жасы үлкен әйелдің болуы. Сырт көзге қарасаң дені түзу «татешка».  Үп-үлкен адамдар осындай әрекетке барып отырған кезде жастардан не сұраймыз? Олар өз балаларына не үйрете алады? Ұят деген болу керек қой. Алайда ондайлар ұялмайды. Әлі күнге дейін киноға қалай бару керектігін білмесек, 30 елдің қатарына кіру туралы сөз қозғаудың өзі артық шығар?!» – деп жазды ол желідегі парақшасында.   

Желі қолданушылары Адамбайдың пікірін қостап, актердің ел мәдениетіне қатысты өзекті тақырыпты бірінші рет қозғап отырмағанын және сәті келсе осындай дүниелерге әлеуметтік ролик түсіргені жақсы болатынын айтып жатты.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір