• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:05:12
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 Саясат

Нұрсұлтан Назарбаевқа ырзашылық хат

Біз Елімізді жаңғырту процестерінің баянды жалғасатынына сенеміз және Мәңгілік елімізді сақтау үшін қолымыздан келгенді аямаймыз деп уәде береміз.

Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

      Сіздің халыққа арнаған Жолдауларыңызды қазақстандықтар қашанда аса үлкен ықыласпен күтеді, тыңдайды. Өйткені онда үнемі ел дамуының стратегиялық жолдары көрсетіліп, жұмыс бағыт-бағдары айқындалып беріледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтатуыңыз туралы бүгінгі Жолдауыңызды қазақстандықтар, оның ішінде қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы толқи, ерекше тебіреніспен тыңдадық.

      Сізге «Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі  бұйырды». Өзіңіз жүргізген мемлекеттік сарабдал саясатыңыздың арқасында Қазақстан шын мәнісіндегі тәуелсіз де еркін, экономикасы мен мәдениеті дамыған өркениетті елге айналды, әлем қауымдастығынан лайықты орын алды.

      Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатыңыз – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға бағытталғанын мақтанышпен айтуымызға болады. Тәуелсіздік жылдары ұлттық өнер, сахна өнері құлашын кеңге жайды. Өзіңіздің бастамаңызбен Республикада тәуелсіздік жылдары көптеген жаңа театрлар ашылды, талантты бірнеше жас буын өсіп шықты.

      95 жылдық тарихы бар қара шаңырақ, әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсету мәртебесіне ие болған М.Әуезов театры Өзіңіздің «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламаңызда атап көрсетілгендей, «Қазақстанның мәдениетті және прогрессивті идеалдар қоғамына айналуы...»  жолында  аянбай  еңбек етіп келеді. Өзіңіз бастамашы болған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған, әлі де ақарылатын жұмыстар аз емес.  

       Кешегі тарихи Жолдауыңызда Өзіңіз елімізді басқарған 30 жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы бірнеше сөйлеммен ғана түйіп айтып өттіңіз. Ал, мұның астарында Сіздің ақыл-парасатыңыз, даналығыңыз, қаншама жан еңбегіңіз, күш-қуатыңыз бар екенін халық жақсы біледі. Біздер, сахна қайраткерлері, оның ішінде М.Әуезов театрының ұжымы шын мәнісіндегі тәуелсіз Қазақ елінің тұңғыш Президенті, дара Тұлға, қайталанбас құбылыс  – Өзіңізбен замандас болғанымызға, ұстанған сара бағытыңызды мұраттастықпен қолдап, еңбек етіп келе жатқанымызға бақыттымыз. 

      Сіздің кешегі тарихи Жолдауыңыздың әрбір сөзі, сөйлемі біздерді қатты толқытты. «Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін» дедіңіз.  Біздерге Өзіңіздей Елбасы бұйырғанына біздер де аса бақыттымыз. Және Тұңғыш Президентімізге бүкіл Қазақстан халқы, олардың қатарында М.Әуезов театры ұжымы да аса үлкен ырзашылығымызды білдіріп, басымызды иеміз.

      Қазақстан халқына кешегі Жолдауыңызда: «...Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін. Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді» деген сөзіңіз бізге қанат бітіріп, көңілімізге сенім ұялатты.

      Біз, сахна қайраткерлері Елімізді жаңғырту процестерінің баянды жалғасатынына сенеміз және Мәңгілік елімізді сақтау үшін қолымыздан келгенді аямаймыз деп уәде береміз.

Аса үлкен құрметпен,

КСРО Халық артисі, КСРО, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері, Көркемдік жетекші Асанәлі Әшімов.

Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Сәбит Оразбаев,

Қазақстанның халық артистері Нүкетай Мышбаева мен Торғын Тасыбекова,

Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сәбит Әбдіхалықов,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғас Толғанбай,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Азамат Сатыбалды,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері  Берік Айтжанов пен Еркебұлан Дайыров,

Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері Аян Өтепберген және барша театр ұжымы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір