• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:05:17
Алматы
+35°

08 Сәуір, 2017 NEWS

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ШВЕЦИЯ КОРОЛІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Швеция Королі XVI Карл Густавқа Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды

Нұрсұлтан Назарбаев Швеция Королі XVI Карл Густавқа Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеделхатта Стокгольмдегі террорлық акт салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Біз Швеция халқы мен үкіметінің халықаралық терроризмге қарсы тұру ниетін қолдаймыз.

Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетсек, 7 сәуір күні Стокгольмде терракт болып, нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 15 адам жараққаттанған болатын. Жүк көлігі жоғары жылдамдықпен Дроттнинггатан көшесінде серуендеп жүрген бірнеше адамды қағып өткен.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір