• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:03:30
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2018 NEWS

Нұрлан Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі ақпарат таратты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс  министрі болып тағайындалды", - делінген президент жарлығында.

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев- 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында туған. Қазақ.

КСРО Қорғаныс министрлігінің Қызыл Тулы Әскери институтының шығыстілдері факультетін (Мәскеу, 1986) «Қытай және ағылшын тілдері» мамандығы бойынша үздік; Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін (1996) инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Саяси ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясы мәнмәтіндегі Азиядағы қауіпсіздік саласындағы көптарапты өзара әрекеттесу: саяси аспектілері».

«Қазақстан және әлем елдері» кітабының (2006), ондаған мақаланың тең авторы.

Қазақ, орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін біледі.

1981-1991 жылдары - КСРО Қарұлы күштерінде нағыз әскери қызметте. 1984-1985 жылдары - Ангола Халық Республикасына қызметтік іссапарда.

1991 жылдан - «Қазақстан-коммерция» АСҚ бас маманы. 1992 жылдан - «КРАМДС» корпорациясының жүйесінде қызмет атқарған.

1993 жылдан - ҚХР-дағы ҚР Елшілігі жанындағы сауда өкілдігінің аға сарапшысы. 1995 жылдан - «Австриядағы қаласын сауда үйі» Мемлекеттік сыртқы сауда компаниясының Алматыдағы өкілдігінің директоры. 1996 жылдан- «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 1997 жылдан - «Юнитэк Лтд.» сауда-инвестициялық компаниясының бас директоры.

1999 жылдан - Бейжін қаласындағы «Қазақстан Халық банкі» ААҚ өкілдігінің басшысы.

2001 жылдан - Қытайдағы ҚР Елшілігінің кеңес 2003 жылдан - Сингапур Республикасындағы ҚР сенімді өкілі (Дипмиссия басшысы).

2004 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі

2006 жылдан - ҚР Президентінің кеңесшісі - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі

2007 жылдан - ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары 2010 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Президентінің көмекшісі.

Марапаттары- «Құрмет» орденімен, «КСРО Қарұлы Күштеріндегі қызметі үшін» медалімен, бірқатар мерейтой медальдарымен марапатталған. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Өкіл (2007).

Еске сала кетсек, 2016 жылы Қорғаныс министрі болып Жасұзақов Сәкен Әділханұлы болып тағайындалған. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір