• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:31:56
Алматы
+35°

28 Ақпан, 2018 NEWS

Нұрлан Ермекбаев Католик кафедралды соборында болды

Кездесу барысында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерді талқылады

 

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана қаласындағы «Құдай Ананың қалтқысыз көмегі» Католик кафедралды соборында болып, Рим-Католиктік Архиепархиясының Архиепископы Томаш Пэтамен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, елдегі конфессияаралық келісімді нығайту жайы талқыланды.

Нұрлан Ермекбаев бейбітшілік пен тыныштықты нығайту жолында ел азаматтарының рухани өміріне және қазақстандық қоғамның дамуына үлес қосып келе жатқан рим-католиктік шіркеуінің маңызды рөлге ие екенін атап өтті.

Архиепископ ҚР Үкіметіне және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне Құдай Ана – бейбітшілік патшайымы католиктік храмы орналасқан шіркеуге қатынайтын Келлеровка елді-мекенінен Озерное ауылына дейінгі (Солтүстік Қазақстан облысы) автожолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін оң қарастырғанына алғысын білдірді. Бұл жерде маңызы жағынан Иерусалимнен кейін екінші саналатын «Қазақстан жұлдызы» католиктік тағзым ету алтары орналасқан. Онда әлемнің барлық елінен келген католиктер тағзым етеді.

Өз кезегінде, Архиепископ Томаш Пэт собордың құрылу тарихын әңгімеледі, сондай-ақ рухани құндылықтарды қалыптастыру, бейбітшілік пен төзімділік, бірлікті және Қазақстан халқының бірлігін сақтау жолындағы діндарлардың мәдени-ағартушылық жұмыстары жайында хабардар етті.

Астана қаласында «Құдай Ананың қалтқысыз көмегі» шіркеуі 1999 жылы ашылған. Қазақстанда Рим-Католиктік шіркеуінің 80 діни бірлестігі өз жұмысын жүзеге асыруда.  Сондай-ақ олар ресми түрде тіркелген конфессиялардың құрамына кіреді.

Кездесу соңында министр Н. Ермекбаев Архиепископты және Рим-Католиктік шіркеуінің қызметкерлерін алдағы келе жатқан Алғыс айту күнімен құттықтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір