• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:47:50
+35°

25 Қыркүйек, 2018 NEWS

NUR.KZ журналисін өлтіріп кетті

Иринамен қоштасу рәсімі  27 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Артем» сауда орталығы ауданындағы мешітте өтеді.

24 қыркүйектен 25-іне қараған түні NUR.KZ порталының тілшісі Ирина Бекетованы Астанада өлтіріп кетті. Бұл туралы бүгін NUR.KZ хабарлады. 

Полиция оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Ирина – төрт баланы өсіріп отырған жалғызбасты ана еді. Үлкені мүгедек, одан кейінгісі екінші сыныпта оқиды, кейінгі екі баласы үш жастағы егіздер. Сонымен қатар Иринаның жасы қартайған ата-анасы бар.

Құрбылары Иринаның көңілді, бауырмал жан болғанын айтады. Жаңалықтар порталына жұмысқа орналасқанын мақтанышпен айтып жүреді екен. Nur.kz порталына дейін «Қазақстан теміржолшысы» газетінде жұмыс істеді.

«Астана полициясы 37 жастағы жергілікті тұрғынды 34 жастағы тұрғынның өлтіргенін анықтады. Күдіктіні қолға түсіру үшін жұмыстар жүргізілуде. Тиісті экспертизалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Астана ІІД ведомствосы.

Nur.kz редакциясы болған жайтқа сенбей отыр.

«Қайғылы оқиғаға байланысты әріптесіміздің туған-туыстарына көңіл айтамыз. NUR.KZ сіздермен бірге қайғырады. Өз тарапымыздан Иринаның отбасына материалдық көмек көрсетуге дайынбыз», - деді редакцияның директоры Қуат Бахридинов.

Иринамен қоштасу рәсімі  27 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Артем» сауда орталығы ауданындағы мешітте өтеді.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі марқұм Ирина Бекетованың балалары мен ата-анасына және туыстарына қайғырып көңіл айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір