• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:55:00
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2019 NEWS

Нұр-Сұлтанның жолдарын сусабынмен жуа бастады (видео)

Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық.

Нұр-Сұлтанның жолдарын арнайы сусабынмен тазалауда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов өзінің фейсбук парақшасы арқылы мәлімдеді. 

"Құрметті қала тұрғындары! Қадірлі астаналықтар! Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал – жолдың үстіне арналған сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтты тайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген жапқыштардан, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазалау мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды. 
Бұл шампуньді коммуналдық қызметтердің пайдалануы жол сапасын және біздің жүргізушілеріміздің қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді.
Жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, өйткені жол шампунь қоршаған ортаға зиянсыз.
Алдағы уақытта коммуналдық қызметтердің алдында көптеген жұмыстар бар, көшелер қажет болса күн сайын тазартылатын болады", - деп жазды Бақыт Сұлтанов. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір