• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:04:00
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда тағы да митинг, тағы да аналар... (видео)

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Hilton» қонақүйінің жанында көп балалы аналардың наразылық акциясының өтуде

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Hilton» қонақүйінің жанында көп балалы аналардың наразылық акциясыны өтуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Халықаралық экономикалық форум өтіп жатқан аталмыш ғимараттың алдына 30-ға жуық аналар (көп балалы, жалғызбасты) жиналып, Қазақстанның бұрынғы президенті Н.Назарбаевтың билікке  келіп, өзі уәде еткен атаулы әлеуметтік көмекті беруін талап етті.

"Елбасы билікке қайта келсін. Бізге өзі айтқан атаулы әлеуметтік көмегін берсін. Біз Елбасын көргіміз келеді. Елбасымен кездескіміз келеді" деп ұрандаған аналарды Астана қалалық полция департаментінің өкілдері форум өтіп жатқан ғимаратқа жібермей қойды.

Наразылық білдірген аналар Қазақстан халқының, оның ішінде көп балалы аналардың жағдайы нашар екенін айтып, бұл мәселенің оңды шешілуін талап етті. 

"Балаларға үй берілсін!", "Баспана" деп айқайлаған аналармен сөйлесуге форум өтіп жатқан ғимараттың ішінен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев келіп, оларды автобуспен қала әкімдігінің ғимаратына алып кетті.

Наразылық білдірген аналар "автобусқа БАҚ өкілдері мінсе ғана, қала әкімдігіне барамыз" деп талап қойды. Көп балалы аналардың талабын орындаған қала әкімі мен министр журналистерді де автобусқа мінгізіп, қала әкімдігіне қарай жол тартты.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі алдағы уақытта оқырмандарға Нұр-Сұлтанда өткен аналардың наразылығы туралы толықтай мәлімет береді.

 

 ♦Оқи отырыңыз: https://www.qamshy.kz/article/maseleninh-sheshilwi-ushin-analar-mindetti-turde-mytyngke-shighwi-kerek-pe.html

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір