• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:26:08
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 Аймақтар

«Нұр Отан» су тасқынынан зардап шеккендерге жылу жинауды қолға алды

«Нұр Отан» жылы киімдер, резіңке етіктер, бұзылмайтын азық-түлік және тағы басқа гуманитарлық көмектер қабылдайтын 5 пункт ашты

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облысындағы табиғат апатынан зардап шеккен жандарға алғашқылардың бірі болып көмекке келді. Тасқын мен нөсер жауын салдарынан 140 жеке үй, 180 аула және 110 саяжайды су басып қалған. Шамамен 400-ге жуық жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, дәл қазіргі таңда тасқын су кері қайта бастаған. Соған орай халық та өз үйлеріне оралуда. Дегенмен, үй-жайларға айтарлықтай залал келгенін атап өткен жөн.

Су тасқыны

Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жылы киімдер, резіңке етіктер, бұзылмайтын азық-түлік және тағы басқа гуманитарлық көмектер қабылдайтын арнайы 5 пункт ашты. Аталған қабылдау нүктелері мына мекенжайларда орналасқан: 

  • Өскемен қ., «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ғимараты, Қ.Қайсенов көш., 121;
  • Өскемен қ., «Жас Отан» Жастар қанатының қалалық бөлімі, Әуезов көш., 5;
  • Өскемен қ., Облыстық жастар орталығы, Потанин көш., 37;
  • Семей қ., «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимараты, Шайжүнісов көш., 138;
  • Аягөз қ., «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимараты, Х.Дүйсенов көш., 104.

 Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз қаласының тұрғындарына мына есепшот арқылы қаржылай көмек көрсетуге болады:

 «Болашақ Аягөз» ҚҚ

БИН 110740000641

БИК KZKOKZKX

КБЕ 18

Ағымдағы есепшот нөмірі KZ279260301178000004 KZT «Казкоммерцбанк» АҚ бөлімшесі.

 «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметі бойынша зардап шеккендерге гуманитарлық көмектер кеше келіп түсе бастаған. Аталған акцияға қазірдің өзінде Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының филиалдары атсалысып үлгерді.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір