• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:20:38
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 Саясат

«Нұр Отан» қамкөңіл жандарға қолайлы орта қалыптастыру ісіне баса мән беріп отыр

«Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыруда төрт бағыт бойынша жұмыс жасалатынын тілге тиек етті.

Астана қаласының әкімдігінде шаһардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін талқылаған арнайы жиын өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, қала басшысы, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Әсет Исекешев және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Жиын барысында сөз сөйлеген Партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыруда төрт бағыт бойынша жұмыс жасалатынын тілге тиек етті.

Бүгінде партия қызметін жаңғырту аясында еліміздегі жетекші саяси күштің «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын қайта жандандырып, осы салада белсенді әрекет етіп жатқаны мәлім. Жобаның мақсаты – еліміздегі барлық мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, партия құр статистика үшін емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға нақты көмек көрсету үшін жобаны жүзеге асыруда төрт бағытқа ерекше басымдық беретін болады.

– Партия қызметін жаңғырту аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын одан әрі жандандырып, тиімділігін арттыруды қолға алдық. Сол арқылы ерекше қажеттілікті талап ететін азаматтарға нақты көмек көрсетуге басымдық беріп отырмыз. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында біз нақты төрт басымдықты анықтадық. Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта қалыптастыру. Екіншіден, олардың инклюзивті білім алуларына ықпал ету. Үшіншіден, жұмысқа орналасуларына қолдау көрсету. Төртіншіден, осы салаға қатысты заңнамаларды одан әрі жетілдіру, – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Сондай-ақ ол Елбасының алдымызға ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды басты міндет етіп қойғанына назар аударып, мұндай мақсатқа қол жеткізу тек экономикамен ғана өлшенбейтініне тоқталды. Тиімді әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуі де бұл мәселеде басты талаптардың бірі болып саналатынын тілге тиек етіп, бұл жұмыстарда Астана еліміздің өзге өңірлеріне үлгі болуы тиістігін атап өтті.

Өз кезегінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев осы бағытта елордада атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап берді. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек комитеті, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Сәуле Егембаева мен Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев те көтерілген мәселе бойынша істелген жұмыстарға тоқталды.

Бұдан басқа, жиын барысында «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» атқарушы директоры Мәдина Ибрагимова, «ДОС» тәуелсіз өмір» мүгедектер орталығы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Қарлығаш Танабекова, «ELAMAN» әлеуметтік инновациялық жобалар қорының төрағасы Алмаз Ержан және тағы басқа белсенді азаматтар сөз алып, өз ойларымен бөлісті.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір