• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:42:33
Алматы
+35°

Бүгін, 23-сәуір күні «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп, алдағы кезектен тыс президент сайлауына үміткер ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Съезд барысында Елбасы партияның атқарған әрі жоспарланған жоспарлары туралы айтып, бағдарламалар туралы талқылады.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы 9-маусымды кезектен тыс президент күні деп жариялады. Мемлекет басшысы өте кемел адам. Біз әлемге тағы да өзіміздің демократияның үздік үлгісін ұстанатынымызды көрсеттік.

Тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүргенге не жетсін?! Қазақстанда береке-бірлік бола берсін!

"Нұр Отан" партиясының үміткерін қолдауға, оның бағдарламаларын жан-жақты қарап, талқылауға шақырамын", - деді Елбасы.

"Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президенттікке ұсынамын", - деп түйді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір