• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:52:34
Алматы
+35°

14 Қыркүйек, 2018 NEWS

«Нұр Отан» партиясының қатарына өту қатаңдатылады

Аталмыш құжатты патиялықтар тамыз айынан бастау алған «Бастауыш партия ұйымдарының» аймақтық Форумындарында талқылауда.

Партиялық жаңғырту басымдықтарының бірі – партия қатарын сапалы жақсарту болып табылады. Осыған байланысты партияға қабылдау және мүшелерін есепке алу тәсілдері қайта қаралады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Егер бұрын партия мүшелері туралы ақпарат тек 2 бағыт, 22 параметр бойынша мәліметтерді қамтыса, енді 9 негізгі бағыт бойынша – 70-тен астам параметрлерді қамтиды. Осы және өзгеде жаңашылдықтар «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруға арналған тұжырымдама жобасына енген.

Аталмыш құжатты патиялықтар тамыз айынан бастау алған «Бастауыш партия ұйымдарының» аймақтық Форумындарында талқылауда. Осы уақытқа  Оңтүстік, Орталық Солтүстік-Шығыс өңірлерін қамтыған, 800-ге жуық бастауыш партия ұйым басшыларының басын қосқан форумдар Шымкент, Қарағанды, Павлодар қалаларында өткен болатын. Енді соңғы аймақтық форум Ақтөбе қаласында өтті.

Тамара Дүйсенова

Ақтөбедегі алқалы жиында Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан жиналған 200-ден астам партиялықтар бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруға арналған тұжырымдама жобасын талқылады.

Форум жұмысы 4 секция бойынша жүріп, әр секцияда партиялықтар көтерілген тақырыптар төңірегінде өз ұсыныс, пікірлерін айтты.

Нұр отан

Секция жұмыстарына «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова жеке қатысып, айтылған ұсыныстардың барлығы іріктеліп, сарапталып, жыл соңында Астанада өтетін республикалық БПҰ-ның форумында жарияланатынын жеткізді.

Нұр отан

Тұжырымдама жобасы бастауыш партия ұйымдарының жұмыс тәсілдерін қайта құруды қарастырады. БПҰ жұмысын жандандыру үшін қолданыстағы көзқарастар қайта қаралып, жаңа тәсілдер, бағыттар қалыптасады. Бұл туралы бірінші секцияда айтылды. Секция барысында БПҰ-ның қызметін бастауыш партия ұйымы және партия мүшелерінің деректер базасын өзектендіру, жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар партияның барлық қызметін цифрландыруға, партия мүшелерінің бірыңғай базасын құрып, құжат айналымын қысқартуға және партия қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған «Сандық партия» жобасымен танысты.

Екінші секцияда партия жұмысының әлеуметтік желідегі технологиялары туралы айтылды. Бұл секцияда партиялықтар әлеуметтік желіде қалай жұмыс істеу керектігін, заманауи жаңа тәсілдерді үйренді.

Үшінші секцияда шағын және орта бизнесті дамыту, цифрландыру, «Рухани жаңғыру» шеңберіндегі партиялық жобаларды іске асыру тәсілдері, спикерлермен жұмыс жасау меxанизімдері талқыланды. 

Төртінші секцияның жұмысы партиялық кадрлар резервін қалыптастыру мәселелеріне арналды. Онда партиялық кадрлық резерв қалыптастырудың мақсаты және негізі қағидалары түсіндірілді. Партиялық резервке енген БПҰ-ның үздік төрағалары мен белсенді партия мүшелері мемлекеттік органдардағы саяси және сайланбалы лауазымдарға және партиялық органдардағы лауазымдарға ұсынылатын болады.

- Келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап «Сайлау» туралы заңға енген өзгерістер мен толықтырулар өз күшіне енеді. Соған сәйкес аудандық деңгейден бастап жергілікті мәслихатқа сайлау партиялық тізім арқылы өтетін болады. Ал, партиялық тізім партиялық кадрлық резервтен алынуы қажет. Бүгін біз форум барысында партиялық кадрлық резервтың қалай қалыптасатыны туралы және сол тізімге енген үміткерлерді ұсынуыда кездесетін кедергілерді талқылайтын боламыз, - деді партия Хатшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір