• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:12:54
Алматы
+35°

13 Қазан, 2018 NEWS

"Нұр Отан" партиясы Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар орындалуын жіті қадағалайды

Қызылорда облысының жиырма жеті мың тұрғынының материалдық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мың бес жүз отыз екі мың гектар жерге жаңа аудан бой көтеріп жатыр.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында бірқатар міндеттер мен тапсырмалар берген еді. Қазіргі таңда оның жүзеге асуы үшін барлық жұмыстар атқарылып жатыр. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Қызылорда облысына іс сапармен барды. Арнайы сапар барысында Елбасы артқан міндеттерден бөлек, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген мақсаттардың орындалуы, «Нұр Отан» партиясы жасаған жобалары қалай жүзеге асып жатқанына назар салып, бақылау еді.  

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысында «7 – 20 – 25» мемлекеттік бағдарла­ма­сы­ қалай іске асырылу жатқанын қадағалады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында, атап айтар болсақ «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Сол себепті, «7 – 20 – 25» мемлекеттік бағдарла­ма­сы­ның Қазақстан халқы игілігі үшін қаншалықты жұмыс істеп жатыр. Оның жүзеге асырылуы қалай жүріп жатыр деген сынды сұрақтарға жауап алды.

Бұдан бөлек «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының Бі­рінші орын­басары Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың баспанамен қамтамасыз етуден бөлек, көрсетілген әлеуметтік, экономикалық хал-ахуалды жақсарту жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы өзекті мәселелерді де назарға алды.

- Жолдауда Мемлекет бас­шы­сы қоғамда қызу талқыланып жүр­ген ең өзекті әлеуметтік мә­се­лелерді қамтып, оларды шешу үшін нақты шараларды ұсынды. Атап айтқанда, халықтың әл-ау­қа­тын арттыру, тұрмыс-жағ­дайын жақсарту, баспанаға қол­жетімділікті қамтамасыз ету, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығындағы қордаланған мә­селелерді шешу, тарифтерді шек­теу, өңірлердегі жолдарды жөн­деу, шағын және орта бизнесті қол­дау және қоғамдық қауіпсіздік се­кілді мәселелер көтерілді. Сон­дықтан Елбасының ұсыныстарын бір реттік емес, керісінше жүйелі си­патқа ие деп айтуға толық негіз бар. Себебі, олардың әрқайсы­сы­ның стратегиялық маңызы зор, – деді «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының Бі­рінші орын­басары Мәулен Әшімбаев.

Қазақстан бойынша, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Сол себепті де «7 – 20 – 25» мемлекеттік бағдарла­ма­сы қабылданып, оның іске асып, Қазақстан Республикасы халқының игілігі үшін жұмыс істеп, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін аталмыш бағдарлама құру идеясы туындады. Ол қазір идеядан нақты қадамдар жасауда. «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының Бі­рінші орын­басары Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен барған Қызылорда өңірін де халық саны жылдан-жылға артып келеді. Сол себепті онда тұрғын үй мәселесі өте өзекті болып отыр. Қызылорда облысында тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың саны – жиырма жеті мыңнан астам адам.

Бұл Қызылорда облысының жиырма жеті мың тұрғынының материалдық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мың бес жүз отыз екі мың гектар жерге жаңа аудан бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жаңа ауданда Қызылорда облысы тұрғындары үшін барлық жағдай қарастырылған. Онда тұр­ғын үй­лер, әлеуметтік нысандар, сауда жә­не кеңсе ғимараттары, сонымен бірге, жағалау аймағындағы қала­лық­тардың демалуы үшін сая­жай­лар, желекжолдар болады. Сонымен қатар, үш жүз жиырма орынды балабақша, жас­тар ресурс орталығы, «Бо­лашақ» уни­­вер­ситетінің білім беру кам­пусы, неке сарайы, көп­са­лалы емханасы бар аурухана, фи­зика-математикалық мектеп және отбасылық медицина орта­лы­ғының құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Өздеріңіз байқап отырғандай халықты тек баспамен қамтамасыз ету ғана емес, қосымша Қызылорда облысы халқына ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалуда.

Бұл Қызылорда облысында халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан жалғыз жоба емес. Бұдан бөлек Сыр өңірінде тұрғын үй құрылыс жұмыстары қызу жүргізілетінін де атап өту керек. Онда «Орда» тұрғын үй құрылысының жол картасы дайындалып жатыр. Осылайша Қызылорда облысы тұрғындары мен Қызылорда облысына қоныс аударуды жоспарлап жүргендер алғашқы жарнасыз-ақ үлкен жеңілдікпен тұрғын-үй ала алатынын ескертеміз.  Бұл атқарылып жұмыстардан Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жүктелген тапсырмалар мен міндеттер, мақсаттар орындалып жатқанын аңғаруға болады.

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан бойынша өңірлердегі әкімдерге кредит алу кезінде алғашқы жарнаны жер­гілікті бюджет есебінен ішінара жеңілдікпен беру туралы мәселені талылап, жетілдіруге тапсырма берген болатын. Бұл өз кезегінде нұротандықтар «Пре­зи­денттің бес әлеуметтік бас­та­ма­сының» іске асырылуын бақы­лау жө­ніндегі Республи­ка­лық қоғам­­дық кеңестің отырысында жария еткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір