• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:50:06
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2018 NEWS

«Нұр Отан» партияның әр мүшесінің әлеуметтік бейнесін біледі - Т.Дүйсенова

Одан басқа аймақтық форум қатысушылары үшін "Шешендік шеберлік", "Саяси коммуникациялар" тренингтері өткізілді

Алғашқы партиялық ұйым жұмысының белсенділігін арттыру үшін «Нұр Отан» партияның әр мүшесі үшін әлеуметтік және кәсіби бейнесін құрастыруға мүмкіндік беретін деректердің кеңейтілген базасын құрастырады. Бұл партиялықтарға нұротандықтардың жұмысы мен сайланатын лауазымға көтермелейтін партиялық кадрлық резервтің сапалы құрамын жақсартуға мүмкіндік береді. 
Бұл туралы бүгін Павлодарда өткен Алғашқы партиялық ұйымдардың бірінші аймақтық форумында «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова хабарлады. 
Павлодарда «Нұр Отан» партиясын жетілдіру аясында алғаш рет партия Хатшысы Тамара Дүйсенованың және «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен АПҰ аймақтық форумы өткізіліп отыр. 
Форумға алғашқы ірі партиялық ұйым мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысының аймақтық филиалдарының жетекшілерін қосқанда, бас-аяғы 250-ден астам адам шақырылыпты. Екі күндік жиынның негізгі мақсаты – АПҰ белсендіру тұжырымдамасының жобасын талқылау.
- Біз тұжырымдама жобасын әзірледік және оны партия қызметін жетілдіру бойынша міндеттер тұрғысынан қарастырып отырмыз: «алғашқылар» ретінде жалпыұлттық күн тәртібін жасауға, Елбасының тапсырмалары мен жаңа мақсаттары туралы халықты ақпараттандыру үшін қандай технологияларды қолдану қажет, жастармен қалай жұмыс жүргізу керек, аймақтардағы әлеуметтік проблемаларды мониторингілеу мен оларды шешу үшін саяси және стратегиялық әлеует қандай болуы тиіс, партия мүшелерінің сапалық құрамы қандай болуы тиіс деген мәселелер қарастырылады. Аймақтық форумның нәтижесі бойынша оның қатысушыларының ұсыныстары Астанадағы АПҰ республикалық форумына ұсынылатын болады», - деп ағынан жарылды Тамара Дүйсенова іс-шараның ашылуында. 
Форум аясында партиялық сонымен қатар, «алғашқылардың» қызметін бағалау, ынталандыру мен жандандыру жүйесін енгізуді, партиялық оқыту, адами ресурстарды басқару мәселелерін, партиялық кадрлық резервті қалыптастыруды, сондай-ақ, идеологиялық жобаларды, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, ШОБ дамыту, үштілділікке ауысу бойынша жаңа 22 партиялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстың түрлері мен әдістерін талқылады. 
Одан соң форум қатысушылары партияның бүкіл қызметін цифрландыруға, қағаз құжатайналымын қысқарту мен оның мүшелерінің бірыңғай базасын құруға бағытталған «Цифрлық партия» жобасымен танысты. Одан басқа, аймақтық форум қатысушылары үшін «Шешендік шеберлік», «Саяси коммуникациялар» және т.б. тренингтер өткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір