• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:27:56
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019

«Nur Otan» меморган басшыларын тыңдауды қолға алды

Онда бизнесті қолдауға және дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды.

Бұл туралы бүгін партияның Орталық аппаратында өткен іс-шарада белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Нақты айтар болсақ, партияның кезекті XVIII съезінде Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan»-ға әр маусым сайын мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы орталық мемлекеттік орган басшыларын тыңдауды тапсырған болатын. Осыған орай партияның бастамасымен Мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау және мониторинг жүргізу орталығы құрылды. Бүгін аталған орталықтың алғашқы отырысы өтіп, онда бизнесті қолдауға және дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды.

Сөз басында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының съезде берген тапсырмасына назар аударып, оны орындау үшін партия жүйелі жұмысты бастап кеткенін айтты.

«Nur Otan»

– Бұл жұмыстардың мақсаты партияның мемлекеттік органдардан есеп талап ету емес, керісінше бағдарламаларды тиімді әрі уақытылы жүзеге асыруға ықпал етіп, еліміздің стратегиялық құжаттарында көрсетілген тиісті шараларды қолға алу. Осындай тыңдаулардың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасынан басталғаны да тегін емес. Өйткені ел экономикасы мен халықтың әл-ауқаты кәсіпкерлікпен тікелей байланысты, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол аталған тыңдаулардың жаңа форматта өткізіле бастағанын тілге тиек етіп, көтерілген тақырыптың ашық талқыланатынын атап өтті. Осы ретте тыңдаулар әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетінін айта кеткен жөн. Сол арқылы талқылауға кез келген азаматтың қатысып, өз пікірін білдіруіне мол мүмкіндік бар.

Сонымен бірге партия Төрағасының Бірінші орынбасары мұндай тыңдаулардың нәтижесінде ұтымды ұсыныстар дайындалатынын жеткізді.

– Осындай тыңдаулардың қорытындысы бойынша партия жанынан құрылған жаңа Орталықпен бірге бірқатар ұсыныстар дайындап, оны елдің басшылығы мен Үкіметке жолдаймыз. Сондықтан бүгінгі талқылаулар нақты ұсыныстар даярлауға өз септігін тигізіп, еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуға тың серпін береді деп сенемін, – деді Мәулен Әшімбаев.

«Nur Otan»

Отырыс барысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, «Атамекен» ҰКП-ның Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Nur Otan» партиясы Мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау және мониторинг жүргізу орталығының директоры Рахым Ошақбаев және тағы басқа мамандар сөз алып, атқарылған жұмыстар жөнінде айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір