«Нұр Астана» имамы: Алла үйінде ұрлық жасағандарды қашанғы кешіре береміз?

«Нұр Астана» имамы: Алла үйінде ұрлық жасағандарды қашанғы кешіре береміз?
ⒸTengrinews

Жайнамаз үстінде өтірік сәждеге бас иген боп, көзді ала бере мешітте ұрлық жасайтындар саны тыйылар емес. Кеше ғана Елордадағы құлшылық үйіне намаз оқуға келген азамат ұялы телефоны мен сырт киімінен айрылып қалған. Аязды күнде күртесіз қалған жігіт полицияға хабар беріпті. Мешіт қызметкерлері қауіпсіздікті күшейттік дегеніне қарамастан, кейбір әккі ұрылар камера тұрған орындарға түспей ізін суытып кететінін айтады. Жалпы бүгінде бөтеннің мүлкін ұрлау үлкен мәселеге айналғаны белгілі. Дегенмен адамның Алланың үйінде бассыздық жасауға не итермелейді?

Бұрындары «Мешітке барып аяқкиім жаңартып қайту керек еді» деген қағытпа болушы еді. Бірақ бұл бүгінгінің шындығы болып тұрғаны өкінішті. Жақында ғана осы мешітке құлшылыққа жігіт сырт киімі мен ұялы телефонынан айрылып қалды. Ұрыны ұстау үшін бейнекамерадағы жазбаны қараған полицейлер оны көп ұзамай қолға түсірген.

Соңынан бұл іс сотқа дейін жетіпті. Бірақ жүрегінде иманы бар жігіт, өзінің мүлкін қолды еткен баукеспеге кешірім берген. 

«Кешіре береді екен деп ары қарай қылмыскер адам өз ісін жалғастыра беруіне болмайды. Полиция қызметкерлері ары қарай оның басқа да қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па екенін анықтап жатқан жағдайда, басқа қоғамдық жерлерде осындай қылмысқа барған жағдайда, жауапқа тартылуы тиіс» - дейді «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов.

Ал мына бейнекадрлер осы күзде Түркістан қаласындағы мешіттердің бірінде түсірілген. Онда тепсе темір үзетін жігіт, садаққа жәшігін жалаң қолмен ашқысы келген көрінді. Бірақ онысынан түк шықпаған соң, сырттан темір зат алып келіп, әуреге түседі.

ұрлықшы

Ал мына кадрларда құлшылық орнына келген баукеспе әуелі жан-жағына асықпай қарап тұр. Соңынан кісі аяғы азайған кезде бөгде адамның киімінен әмияннын алып, қаша жөнеледі.

ұрлықшы


Ал Алматы қаласындағы мешітте ұрлық үстінде қолға түскен сұғанақты имамдардың өзі қолға түсіріп, бейнекамера алдында қылмысын мойындаттырған. Қадрдан жас жігіттің қолды болған гаджетті кілемнің астынан жайбарақат алып, үстелдің үстіне қойғанын көруге болады. Жүзінде «ұят болды-ау»деген ойдың ұшқыны да жоқ. Жалпы мұндай сұғанақ қолдылардың жер бетіндегі ең қасиетті жерде де тайсалмауына не себеп? Таяуда ғана еліміздің бұрынғы бас прокуроры, қазіргі жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов олар өзінің қолға түспейтінін жақсы білетінін айтқан еді.    

«Біз ылғи жақсы көреміз ғой, сақтықта қорлық жоқ деп айтуды. Оның бәрі қазір ескірді. Қазір деген ұрылар, бұрынғыдай емес, өте қу. Олардың қулықтары көп. Жалпы халық құқық қорғау органдарына сенбейді. Өйткені тіркелген ұрлықтардың 70 пайызы жыл сайын ашылмай қалып жатады» - ҚР бұрынғы бас прокуроры Жақып Асанов.

Имамдардың айтуынша, ұрлық-қарлық көбіне жұма намазы секілді, жұрттың қарасы қалың кездерде болады екен. Кейбір әккілер камера тұрған орындарды бес саусағындай жаттап алған. Ол жерлерден жүзін көрсетпей өте шығады. Дегенмен мешіт қызметкерлері ұрлықшы ісін адамнан жасырғанмен, Алладан жасыра алмайтынын айтады.  

«Ұрлықшыға айтарымыз, бұл шариғатта дұрыс емес. Ұрлықтың дінімізде ең үлкен күнә екенін ескертеміз. Себебі пайғамбарымыздың хадисінде айтады: Мұсылманның ары, оның намысы, оның мал-дүниесі келесі бір мұсылманға ара делінген. Құранның аяттарында да, ұрлықтың ең үлкен күнәнің қатарында екенін ескертеді» - дейді «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов.

Мешіт қызметкерлері ұрылардың имандылықтың ұясы саналатын жерде де әрекет етуі азаматтардың құлшылық орнына аяғын аңдап басатын халге жеткізді дейді. Дегенмен мамандар қиямет күні барлық қылмыстың, жасырылған жымысқы әрекеттердің беті ашылып, күнәлілер жазаланатынын айтады.  Ол күні ешкім ештеңе де жасыра алмайды. 

Гүлнұр Жақсылықова

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 жыл бұрын

    Колдарын шабу керек.....

    • 1 жыл бұрын

      кой кол шапканы неси вагондап урамаганы ушин бе

      1
      HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
      16/02 23:20 0 110
      2
      Сексен төрттегі тарихи жеңіс!
      16/02 14:08 0 1182
      3
      Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» дұрыс зерттелді ме?
      16/02 13:42 0 291
      Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
      16/02 10:42 1 329
      Жапон суретшісінің елді қаратқан ерекше суреттерін көрдіңіз бе?
      16/02 10:24 0 501

      Таныстырылғандар

      Азат Перуашев: Қазақ жылқысына тек соғым деп қарамау керек
      Азат Перуашев: Қазақ жылқысына тек соғым деп қарамау керек
      Азат Перуашев: Қазақ жылқысына тек соғым деп қарамау керек
      Азат Перуашев Қостанай өңіріне сапары аясында «Қазақ тұлпары» жылқы зауытына барып, серіктестік басшылығымен кездесті
      Аудио тыңдау
      08/02/2019 15:49 0 742
      Тағы да трагедия: Бүтін бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
      Тағы да трагедия: Бүтін бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
      Тағы да трагедия: Бүтін бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
      1986 жылғы ер адам, 1993 жылғы әйел адам және 2015, 2016 жылы туған балалар.
      Аудио тыңдау
      08/02/2019 22:55 0 6125
      5 қыз тірідей жанып кеткен өрттің шығу себебі анықталды
      5 қыз тірідей жанып кеткен өрттің шығу себебі анықталды
      5 қыз тірідей жанып кеткен өрттің шығу себебі анықталды
      Төтенше жағдайлар комитеті өрттің неден шыққанын айтты
      Аудио тыңдау
      11/02/2019 11:39 0 10417
      Оңтүстікте көпбалалы екі отбасы баспаналы болды
      Оңтүстікте көпбалалы екі отбасы баспаналы болды
      Оңтүстікте көпбалалы екі отбасы баспаналы болды
      Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді
      Аудио тыңдау
      11/02/2019 15:59 0 3035
      Бақытжан Сағынтаев: Қыс келіп, үй өртеніп жатады, ал бәріміздің баяндамамыз керемет
      Бақытжан Сағынтаев: Қыс келіп, үй өртеніп жатады, ал бәріміздің баяндамамыз керемет
      Бақытжан Сағынтаев: Қыс келіп, үй өртеніп жатады, ал бәріміздің баяндамамыз керемет
      Астана қаласында бүгін кезекті Үкімет сағаты болып өтті
      Аудио тыңдау
      12/02/2019 14:10 0 1590
      Қасымов кетіп, орнына Тұрғымбаев келді
      Қасымов кетіп, орнына Тұрғымбаев келді
      Қасымов кетіп, орнына Тұрғымбаев келді
      2012 жылдың желтоқсан айынан бері ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарады.
      Аудио тыңдау
      12/02/2019 15:33 10 1095
      Қаза тапқан актрисаның анасы: Менің балапанымды басып өлтірген адамға кешірім жоқ
      Қаза тапқан актрисаның анасы: Менің балапанымды басып өлтірген адамға кешірім жоқ
      Қаза тапқан актрисаның анасы: Менің балапанымды басып өлтірген адамға кешірім жоқ
      33 жастағы күдікті ішімдік ішіп, көлік тізгіндеді деген айыппен толық келіспейді
      Аудио тыңдау
      13/02/2019 11:07 0 4545
      Шекара маңынан табылған 22 жастағы қыз: Жасым үште... (видео)
      Шекара маңынан табылған 22 жастағы қыз: Жасым үште... (видео)
      Шекара маңынан табылған 22 жастағы қыз: Жасым үште... (видео)
      Мама арақ ішіп, ұрғасын шығып кеттім.
      Аудио тыңдау
      13/02/2019 14:00 0 4737
      Қазақта бұрын "бренд" болған ба?
      Қазақта бұрын "бренд" болған ба?
      Қазақта бұрын "бренд" болған ба?
      Әлемде жылқы жануарын қолға үйреткен "қазақ халқы" деген ғылыми тұжырым айтылып жүр
      Аудио тыңдау
      13/02/2019 15:50 0 561
      Алматы әкімі: Негізсіз шығындардан арылу керек
      Алматы әкімі: Негізсіз шығындардан арылу керек
      Алматы әкімі: Негізсіз шығындардан арылу керек
      Үнемделген қаржылар бұрынғыдай қала тұрғындарының өтініштері негізінде әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады
      Аудио тыңдау
      13/02/2019 16:44 0 316
      Елбасы «100 есім» жобасының екінші кезең жеңімпаздарымен кездесті
      Елбасы «100 есім» жобасының екінші кезең жеңімпаздарымен кездесті
      Елбасы «100 есім» жобасының екінші кезең жеңімпаздарымен кездесті
      Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткерлерден өтінім қабылдау өткен жылдың қыркүйегінде басталды.
      Аудио тыңдау
      13/02/2019 18:00 0 221
      Алғабас тұрғыны ұлының туған күнінде лифттен құлап, ажал құшты (видео 18+)
      Алғабас тұрғыны ұлының туған күнінде лифттен құлап, ажал құшты (видео 18+)
      Алғабас тұрғыны ұлының туған күнінде лифттен құлап, ажал құшты (видео 18+)
      2018 жылдың 13 ақпанында «Зерделі» ықшам ауданының тұрғыны дәл ұлының туған күнінде лифт шахтасына құлап қайтыс болды.
      Аудио тыңдау
      14/02/2019 11:58 0 2447
      "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
      "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
      "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
      Назгүл Кенжетайдың зерттеулері шетелде жоғары бағаланған.
      Аудио тыңдау
      14/02/2019 14:08 0 1037
      Назарбаева: Журналистер елдің қамын ойлайды, олардың аузын жабуға болмайды
      Назарбаева: Журналистер елдің қамын ойлайды, олардың аузын жабуға болмайды
      Назарбаева: Журналистер елдің қамын ойлайды, олардың аузын жабуға болмайды
      Журналистер одағы деген бар, бірақ оның атын да естімейміз, не істеп жатқанынан да бейхабармыз.
      Аудио тыңдау
      14/02/2019 18:17 0 1066
      Абаев БАҚ-тағы дауға қатысты пікір білдірді
      Абаев БАҚ-тағы дауға қатысты пікір білдірді
      Абаев БАҚ-тағы дауға қатысты пікір білдірді
      Абаевтың айтуынша, мұндай ережені ұсынған БАҚ-тағы бас редакторлардың өздері екен.
      Аудио тыңдау
      15/02/2019 10:36 0 605