• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:59:31
Алматы
+35°

01 Тамыз, 2017 Спорт

Неймар сәрсенбі күні «ПСЖ» клубына ауысады

Неймар 2 тамыз күні Катар елінде «ПСЖ» клубына ауысуы үшін медициналық тексерістен өтеді

«Барселона» клубының шабуылшысы Неймар 2 тамыз күні Катардағы «ПСЖ» клубына ауысуы үшін медициналық тексерістен өтеді. Испаниялық Marca басылымының хабарлауынша, дәл осы күні ол париждік клубтың басшысы Нессер Әл Хейлаифимен кездеседі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін шетелдік БАҚ Неймар «ПСЖ» клубына ауысатын болса, онда француздық клубтың бас демеушісі Qatar Sports Investments компаниясымен келісімшарт жасайтынын хабарлады. Бұл келісімшарт бойынша бразилиялық футболшы Катардағы әлем чемпионатының ресми өкілі атанады, әрі бес жылдың ішінде 300 миллион еуро көлемінде пайда табады.

 Еске салайық, өткен аптада Marca басылымы «ПСЖ» клубына Неймарды «Барселонадан» 222 миллион евроға сатып алатыны туралы жазды. Сондай-ақ бұл келісімшарт бойынша Неймардың әкесі әрі оның агенті 40 миллион евро көлемінде сыйақы алатыны айтылды. Ал шабуылшының бір жылдық жалақысы 30 миллион еуро болады.

Айта кетейік, Неймар «Барселона» сапына 2013 жылы бразилиялық «Сантос» сапынан ауысып келді. Осы уақытқа дейін ол каталониялық клуб сапында 123 кездесуге қатысып, 68 гол соқты. Сонымен қатар ол «Барселонамен» бірге екі рет Испания біріншілігін, үш рет Испания кубогын, Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогын, Испания суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір