• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:27:55
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2017 NEWS

Неге ҚБТУ мен ҚазҰТЗУ бөлініп кетті?

ҚазҰТЗУ өкілдері ҚБТУ акцияларын сатып алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтып отыр

Қазақ-Британ техникалық университеті мен Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті бөлінгенін және бұдан былай жеке-дара ғылыми-білім беру мекемесі ретінде дамитынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz мәліметіне сүйеніп.

1 қыркүйекте "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ арасында ҚБТУ акцияларының 100 пайыз үлесін сенімді басқару келісімшарты аяқталған.  

"Осы сәттен бастап ҚБТУ мен ҚазҰТЗУ жеке-дара ғылыми-білім беру мекемесі ретінде дамиды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ҚБТУ-дың 100 пайыз акциясына ие. ҚБТУ-да білім беру мен ғылым толықтай өзара әрекеттестікте" екені айтылды. 

Ал өз кезегінде ҚазҰТЗУ өкілдері ҚБТУ акцияларын сатып алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтып отыр. "ҚБТУ сегіз жыл қатарынан үздік техникалық университет, Қазақстан теңіз академиясы мен Қазақстанда үздік Халықаралық экономика мектебі бар. Сөзсіз, ҚазҰТЗУ ҚБТУ-мен бірігуден ұтар еді, алайда оны сатып алуға мүмкіндігі жоқ. ҚазҰТЗУ ҚБТУ-мен ғылыми жобалар және ЖОО-дан кейінгі бағдарламалар бойынша қызметтестікке мүдделі", - деді Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ баспасөз қызметінің өкілдері Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында.

Еске салайық, 2015 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық екі ЖОО-ны біріктіру туралы тапсырма берген болатын. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойып, ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өткен еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір