• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:48:54
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2018 Әлеумет

Өмірі Ауғанстанда өтіп Атақонысқа атбасын бұрған ағайынмен әңгімелесіп қалдым. Ол сөйлеп отыр, мен тыңдап отырмын.

-Ауғаныстан елінің соғыстан көзашпай келе жатқанын жақсы білесің, ол жерде қақтығыстар, кедейшілік, жоқшылық, қайыршылық, қантөгіс ушығып тұр. Оның алдындағы не түрлі алапатты айтпағанның өзінде 79-89 жылдар арасындағы советтің салған ойраны, онан кейінгі талибаншылардың лаңы, онан кейінгі америка әскерлерінің басып кіруі бірінен кейін бірі жалғасып жатқан соғыс, бүлік, аласапыран тірлік оларды әбден тұралатты. Сіз білесіз бе, Неге осыншалық қасіреттер Ауған елін айналдыра береді? Себебі сыртта емес, Ауған жұртының өзінде. Ендеше мен айтайын. Бірінші, олар адамзатқа апат әкелетін апиынды(героин) таратушы. Егеді, өңдейді, дүниеге жөнелтіп жан біткенді жамсатып, соның ақшасына нан жейді. Екінші, Қойдың(қаракөл қойдың) қарнын тірідей жарып жіберіп ішіндегі қозысын алып терісін сыпырады. Себебі тірі қойды жарып, оның тірі қозысының терісін сыпырса тітіркеніп елтірісі бүйра әдемі, сапалы болады екен. Недеген қанішер обалды әрекет десеңші!.. Үшінші, Ол елде пашуаздық ұшына шыққан. Пашуаздық дегенім, еркектермен еркектердің ұятсыз қатынасы. Биші жасөспірім балаларды базарға салып ақшалы бай-манаптар «сатып» алып нәпсісін қандырады. Онсызда назары түскен еркек баланы «зорлап» кету оларға түк емес. Міне көріп отырсыз, осының бәрін өзін «мұсылманмын» деп жүрген пенделер жасап жүр. Сіз кешіріңіз, бұл үшін Дін-Ислам кінәлі емес. Өз нәпсілері мен пайдасын көздеген азғындаған жұрт айыпты. Тарихтағы жаман дағдысын тастай алмай келе жатқан індет айыпты. Құдай тағалада түзелгісі келген, өзгергісі келген халықты тура жолға салады. Кері кеткен, біле тұра суға сиетін қауымды қайтпек!.. Ол жерден қайғы қасіреттің арылмауы, соғыстың сойқан салуы осы жағымсыз әдеттерінің «жемісі» деп білемін.

Тыңдап отырып жаным түршікті. Шынында... өмір сүрудің басқа қайырлы жолдары көп емес пе? Неге олар ең сорақысына тастай жабысып қалды екен? 

Ал, бізде ші? Халықты қанқақсатқан ұрлық асқынып тұр. Әлсіз аш-арықтардың хақы сұраусыз кетіп жатыр. Жоғары мен төменнің парақорлығы асқынғаны соншалық мемлекет, билік дабыл қағуда... сонда да тоқтайтын түрі жоқ. Зинақорлық көрнекті, көмескі болып елдік деңгейде етек алған... Осының бәрі Алла тарапынан айыпталып тиым салынған әдеттерге жатады. Құран мен Хадисте анық үкімдері бар. Бәрін Жаратушы Жаббар Ием көріп тұр. Арқаға аяздай батады. Бірдің кесірі мыңға тиіп жүрмесе болар еді!

Дәулетбек Байтұрсынұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір