• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:35:07
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019 Саясат

"Неге әлі жоқ?" Назарбаева елде жаңа министрлік ашуды ұсынды

Назарбаеваның айтуынша, елімізде түйіні шешілмей тұрған мәселелердің бірі – сауда саласы екен.

16 министрлік жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасында тағы бір, яғни 17-ші министрлікті ашу ұсынылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ұсынған – Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева. Атауы – Сауда министрлігі.

Себебі, Назарбаеваның айтуынша, елімізде түйіні шешілмей тұрған мәселелердің бірі – сауда саласы екен.

«Бізде сауда саласында қиындықтар көп, оны реттеуді қадағалай алмай отырмыз, әкімшілікпен де мәселе жетерлік.  2018 жылдың бірінші тоқсанында елдің көлік және логистика секторындағы ЖІӨ 8,2% -ды құрады, біз Көлік және инфрақұрылым министрлігін құрдық.  2018 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің көтерме және бөлшек сауда үлесі жағынан ЖІӨ шамамен 15% құрады. Бірақ әлі Сауда министрлігі жоқ», - деді Дариға Назарбаева.

Назарбаеваның сөзінше, Қазақстан – Еуразия континентіндегі ең ірі транзиттік, көлік-логистикалық орталық. Сол себепті сауда мәселесін де жоғары дамытып алуға әбден мүмкін. Ал елдегі сауда істерімен айналысып отырған сауда департаменті ішкі және сыртқы саудаға әсер ететін құралдардың жоқтығын айтып «шағымданыпты». Мұны ескерген Дариға Назарбаева «сауда үлесі жағынан ЖІӨ жоғары пайызды құрайтын елде неге әлі сауда министрлігі жоқ?" деген сұрақты қоя салды. Сұраққа жауаптың қандай болатынын болашақта бірге көреміз. 

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір