Назаровтардың назарына: "Әлемнің, әлде кішігірім тұжырымның чемпионысыздар ма?"

Назаровтардың назарына: "Әлемнің, әлде кішігірім тұжырымның чемпионысыздар ма?"
Ⓒqamshy.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бейбіт Назаров жеңіл салмақта Titan FC уақытша чемпиондық белбеуі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды. Алматыда өткен турнирдің басты жекпе-жегінде отандасымыз америкалық Мартин Браунға есе жіберді. Осы жайтқа байланыста Ардақ Назаровтың инстаграм парақшасында "Біткен іске - сыншы көп...бәрінен бауыр қымбат" деген жазбасы халық тарапынан қызу талқыға ұшырап, арты дау-дамайға ұласты. Ардақ Назаровтың азаматтығына шүбә келтірмейтіндігімізді ерекше атап өткіміз келеді. Алайда "Қамшы" еркін ой-пікір алаңы екендігін ескере отырып, Ардақ Назаровтың ашынған жазбасымен қатар әріптесіміз Берікбол Төлегеннің қара қылды қақ жарған пікірін де оқырман назарына сол қалпында ұсынуды жөн санадық. "Спорт деген - әділдік" ұғымын жалау етіп, "бас кеспек болса да, тіл кеспек" жоқ екендігін екі тарап та түсінсе деген ниеттеміз. Қазақ жігіттерінің намысты қолдан бермей, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.

Ардақ Назаров:

"Біткен іске сыншы көп... бәрінен бауыр қымбат!
Кешегі менің басымдағы жағдай тауға түссе, тау үгіліп, темірге түссе, темір балқып кетер еді. 
Осы күнге жету үшін қаншама қиындықтан өттік. Қандай қиындық десеңізші, бұл ұзақ әңгіме...
Жарысқа шыққан бауырларымның ата-аналарына шын жүректен алғысымды айтамын. Сіздер нағыз батыр ұлдарды тәрбиелеп өсіргенсіздер. Алла қаласа, асыл ұлдарыңыз Қазақ еліне әлі талай жеңіс сыйлайтын болады. Өмір болған соң ыстық суығы қатар жүреді. "Ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімейді"-дейді дана бабаларымыз...

Біз екі жыл нәтижелі жұмыс жасап, Америкалық промоушнды Қазақстанға алып келуіміздің өзі үлкен жеңіс. Мұндағы мақсатымыз – жігіттердің деңгейін әлемдік шыңға көтеру. Ел үйренгендей қарсыластарды таңдап алып келіп, барлығын сабап жібергеннен спортшыларымыз өспейді. Осындай жарыстар арқылы жігіттеріміз өседі. Біз жаңа белеске шықтық. Әділ жарыс болды. Мықтының бағы жанды. Үлкен тәжірибе алдық. Кемшілігімізді, қателіктерімізді көре білдік. Бәрінен қымбат нәрсе – ол бауырмалдық. Бауыр жақсылығын асырады, кемшілігін жасырады. Мен қасымдағы бауырларымды ешқашан тастамаймын. Оларға тиген әрбір соққы менің жүрегіме тиеді...
Бауырларым!
Мың теңгеге билет алып, жанкүйер болуға шамасы жетпей, жеңсең, көре алмайтын "Ой, әлсізді әдейі әкелді", "ойбай, сатып алыпты жеңісті", жеңілсең, жерден алып жерге салатындарға МОЙЫМАҢДАР!!!
Біздің мақсатымыз үлкен. "Ит үреді, көш жүреді".
Тілекші болған күллі Қазақ Еліне Алла разы болсын. 
Бұл түсінген адамға үлкен белес, Жеңіс болса да, басқа болса да, Аллаға мақтау айтамыз. 
Аллаға шүкіршілік... халқыма ризамын".

Берікбол Төлеген:

"Айтпаса сөздің атасы өледі. "Әлемфайтерс" жігіттері Алматы Аренада жекпе-жек өткізді. Турнирдің басты жекпе-жегіне шыққан Бейбіт Назаров жеңіліп қалды. Ардақ Назаров өзінің инста парақшасында мұндай турнирлерді өткізудің өзі жетістік екендігін жазып, түсіндіргісі келді. Постына өз пікірімді жазып, ұсынысымды айтқанмын. Ол кісі сөзге келмей бұғаттап тастауды жөн көріпті. Сол пікірді сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Сонымен мен не жаздым?

"Жігіттер, бауыр мен рудың намысынан қазақтың намысы биік болуы керек еді. Жекпе-жек пен астындағы пікірлерді толық оқып шықтым. Халықтың 90 пайызы ренжулі. "Халық айтса, қалт айтпайды" дейді. Халықтың сын-пікірін "көре алмаушылық" деп қабылдауды қою керек. Одан кейін кішігірім бір турнирді жеңіп, "Әлем чемпионымыз" деп айтуды қашан қоясыздар? Радиода жүргенімде Бейбітпен сұхбаттасқан едім. Ешнәрсені ашып айтпайды. Иә, интернеттен шықпайтын, иә, ресми сайты жоқ турнирді ұтып, чемпион болдық деген соң журналистер де жаза салады. Дереккөз өздері ғана. Сонымен, сіздер әлем чемпионысыздар ма, әлде кішігірім тұжырым чемпионысыздар ма? Бұл турнирді жеңген қазаққа UFC-ге жол ашылар ма еді? Бейбіт өте дәрменсіз болды. Біткеннен кейін қолын көтеруі де ұят. 2013-тегідей астына жығып береді деп ойлады ма екен? Неге мықты қазақтарды басты кездесуге шығармадыңыздар? Біз бауырларымызды өтірік мақтағанымызбен, жетістігіне шын қуана алмаймыз. "UFC-ге шыққан тұңғыш қазақ" деген атақ үшін қаншама адамның жолы кесілді. Қайта, шүкір, шетел қазағы бұл атақты иеленіп қойды. Қашанғы мың клуб ашып, бір-бірлеріңіздің жалдарыңызға жармаса бересіздер? Сіздерді Азамат ретінде және үлгілі отбасы ретінде қатты сыйлаймын. Бірақ сіздер кәсіби мықты спортшы емессіздер. Спортшының міндеті спортта жетістікке жету, қазақтың жауынгерлік рухын таныту. Шын патриот болсаңыздар, пендешіліктен елдің намысын биік қойыңыздар. Сөзбен емес, іспен".

Осы сөз Ардақ Назаровқа жақпады. Назаровтарға деген сый-құрметім ерекше еді. "Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады" деуші ме еді. Бұл жігіттердің осы іс-әрекеті, одан қалды UFC-ге шақырды деген шындыққа жанаспайтын ақпаратпен халықты алдағысы келетіндігі менің оларға деген құрметімді жоғалтып жіберді. "Платон менің досым, бірақ шындық одан қымбат". Менің айтпағым – осы. Ардақ бауырымыздың елдің алдында жүрген беделіне жағынып қолпаштап қоюға да болар еді. Одан біз өсеміз бе?! Қазір шоу-бизнесте де, спортта да кемшілігін айтсаң көре алмағаның. Иә, рас, мен тек сөзі мен ісі алшақ кетпейтін "достойный" жігіттерді көргім келеді. Соларға жанкүйермін!".

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық емтиханды қалай тапсырды?
    23/04 22:02 0 105
    2
    "Парасатты тұлға" - Мұхтар Құл-Мұхаммед Тоқаев туралы пікір білдірді
    23/04 18:42 2 244
    3
    Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
    23/04 15:47 0 195
    Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
    23/04 15:35 0 116
    Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (видео)
    23/04 14:58 0 338

    Таныстырылғандар

    Желідегі парақшасында жұртқа алғысын айтты
    Желідегі парақшасында жұртқа алғысын айтты
    Желідегі парақшасында жұртқа алғысын айтты
    Тоқаевты қолдаған эколог сайлауға түспекші.
    15/04/2019 10:54 0 934
    Түркия: Жыл сайын 40 миллион турист
    Түркия: Жыл сайын 40 миллион турист
    Түркия: Жыл сайын 40 миллион турист
    Түркияға аса қызығушылық танытатындардың көшін ресейліктер, немістер мен ағылшындар бастап тұр
    15/04/2019 17:31 0 533
    Димаш Өзбекстанда өнер көрсетіп, өзбек жұртын таңғалдырды (видео)
    Димаш Өзбекстанда өнер көрсетіп, өзбек жұртын таңғалдырды (видео)
    Димаш Өзбекстанда өнер көрсетіп, өзбек жұртын таңғалдырды (видео)
    15 сәуір күні Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсімі өтті.
    16/04/2019 08:33 0 3239
    "Балуан Шолақ" фильмі: көруге итермелейтін 5 себеп
    "Балуан Шолақ" фильмі: көруге итермелейтін 5 себеп
    "Балуан Шолақ" фильмі: көруге итермелейтін 5 себеп
    Бүгін "Chaplin" кинотеатрында "Балуан Шолақ" картинасының алдын-ала көрсетілімі болды.
    17/04/2019 00:48 0 899
    Головкин жанкүйерлеріне уәде берді
    Головкин жанкүйерлеріне уәде берді
    Головкин жанкүйерлеріне уәде берді
    Кейін Головкиннің өзі кезекті жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.
    17/04/2019 05:31 0 842
    Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)
    Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)
    Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)
    Аталмыш іс ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер департаменті мен Білім және ғылым министрлігінің жеке бақылауына алынды.
    17/04/2019 13:13 0 1057
    Мұрат Құсайынов Нұр-Сұлтан әуежайында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді
    Мұрат Құсайынов Нұр-Сұлтан әуежайында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді
    Мұрат Құсайынов Нұр-Сұлтан әуежайында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді
    Алайда әйгілі "Дос-Мұқасан" тобының әншісі мұның бәрін жоққа шығарып отыр.
    17/04/2019 21:41 0 1721
    Жетісайдағы өгей шешеден қорлық көрген қыздарға қатысты министрлік пікір білдірді
    Жетісайдағы өгей шешеден қорлық көрген қыздарға қатысты министрлік пікір білдірді
    Жетісайдағы өгей шешеден қорлық көрген қыздарға қатысты министрлік пікір білдірді
    Жетісай ауданындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді
    18/04/2019 21:11 0 976
    Үміткерге 107 аурудан ада деген анықтама керек
    Үміткерге 107 аурудан ада деген анықтама керек
    Үміткерге 107 аурудан ада деген анықтама керек
    Президенттікке үміткер азамат симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қосқанда, органикалық дертпен ауырмауы тиіс.
    19/04/2019 10:20 0 297
    Паркинсон ауруы туралы білесіз бе?
    Паркинсон ауруы туралы білесіз бе?
    Паркинсон ауруы туралы білесіз бе?
    Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ем жүргізілетін сырқат түрлері өте көп
    19/04/2019 10:49 0 403
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    2018 жылдың қыркүйегінде жүктіліктің екі айлық кезінде Гүлзина Джалал-Абадта УДЗ-ге түседі. Зерттеу оның жатырында үш эмбрион барын көрсеткен.
    19/04/2019 17:33 0 560
    Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
    Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
    Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
    Жұмысшының уақыты бағаланып, еңбекақысы желінбейді бұл жүйеде.
    22/04/2019 15:22 0 6079
    Элизабет Тұрсынбаева ресейлік шоуда өз нөмірін Денис Тенге арнады (видео)
    Элизабет Тұрсынбаева ресейлік шоуда өз нөмірін Денис Тенге арнады (видео)
    Элизабет Тұрсынбаева ресейлік шоуда өз нөмірін Денис Тенге арнады (видео)
    Ол әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық қыз ретінде тарихта қалады.
    21/04/2019 16:52 0 663
    Азия чемпионаты: көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды
    Азия чемпионаты: көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды
    Азия чемпионаты: көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды
    Финалда Моңғолиямен тартысқан қандастарымыз чемпион атанды.
    22/04/2019 10:00 0 215
    Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
    Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
    Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
    Тағы екі қазақ боксшысы қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға өтті.
    23/04/2019 15:47 0 195