• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:34:58
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2018 NEWS

Назарбаевтың мұғалімі Елбасыға болашақта премьер-министр боласың деп айтқан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мұғалімі кезінде барлық сыныптастарына болашақ мамандықтарын айтып кеткенін есіне түсірді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мұғалімі кезінде барлық сыныптастарына болашақ мамандықтарын айтып кеткенін есіне түсірді.

Нұрсұлтан Назарбаев жайындағы деректі фильмнің үзіндісі Елбасы Телерадиокешенінің Инстаграм парақшасында жарияланды.

Деректі фильмде Нұрсұлтан Назарбаев ұстазы Дмитрий Погореловтың сөздерін айтады:«Менің болашақта кім болатынымды айтып берген адам – осы. Ол кісі біздің әрқайсымызға нақты мінездеме бере алатын, кімнің қандай қабілеті бар екенін көріп  тұратын. Көзін алмай қарап тұрып: «Сен болашақта инженер боласың немесе сен бір цехтың бастығы боласың. Ал сен, Нұрсұлтан, премьер-министр боласың» деп айтқан еді, - делінген фильмде.

Деректі фильмнің толық нұсқасын Елбасының Телерадиокешенінің Youtube-каналынан көре аласыздар.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір