• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:26:59
Алматы
+35°

14 Қараша, 2018 Саясат

Назарбаев: Қытай өзге аумақтарға шабуыл жасамайды, қысым көрсетпейді

Қазақстан Қытайдың ең жақын көршісі әрі ешқандай қысым көріп жатқан жоқ.

Қазақстан Қытайдың ең жақын көршісі әрі ешқандай қысым көріп жатқан жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында мәлімдеді.

«Мұндай текетірестің қайдан шыққаны маған түсініксіз. Біреулер Қытай өзін мемлекет ретінде танытқысы келіп жүрген континент деп атайды. Енді бірі халық ретінде танытқысы келетін цивилизация деп жатады. Иә, расында солай. Қазақстан Қытайдың ең жақын көршісі, шекарамыз 1700 шақырым ғана. Әрі біз Қытай тарапынан ешқандай қысым, қорлау әрекеттерін көріп тұрған жоқпыз», - деді Назарбаев отырыс барысында.

Бұған қоса Елбасының айтуынша, Қытайдың өзінде мәселе деген жетіп артылады – жұмыссыздық, миграция және тағы басқалары. «Мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жиі кездесі тұрамын, біз бұл мәселеде бір-бірімізбен ашық сөйлесеміз. Өзге аудандарға шабуылдау жайлы Қытайдың ойына да кіріп шықпаған. Керісінше, олардың өздеріне даму керек, тыныштықты қажет етеді», - деді Президент.

Әрі Қытай Қазақстанмен тығыз байланыс орнатуда белсенділік танытып жатыр.

«Жібек жолында» жаһандану дамып келеді, бағдарламаға әлемнің 60-тан аса  мемлекеті қатысуда. Ал Қытай сол елдерге көмектесуден алдына жан салмайды. Бұдан жаулап алудың ұшын да көрмейсіз», - деді өз сөзінде.

«Қытай теңіз аймақтары мәселесінде Вьетнаммен, Жапониямен үнемі қақтығысқа ұшырап жатты. Алайда жұрт істің байыбына бармай Қытайды кінәлай бастады. Мен сарапшы емеспін, ешкімді жақтағым да, қорғағым да келмейді. Мұның бәрі – елдер арасындағы сенімділікті жояды және адамзатқа тиімсіз текетірестің болуына әкеп соғады», - деді сөзін қорытындылаған Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір