• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:49:07
Алматы
+35°

03 Ақпан, 2018 Саясат

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер туралы пікір алмасты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Екі ел көшбасшылары биылғы 29-30 қаңтарда Сочиде өткен Сирия ұлттық диалогы конгресінің қорытындыларын талқылады. Қазақстан Президенті Сирия дағдарысын реттеу үдерісіне Ресей Федерациясының қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы мен «Жаһандық дәуірдегі цифрлық күн тәртібі» атты форум туралы ой бөлісіп, Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жөнінде әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір