02 Шілде, 2018 Әлеумет
Назарбаев: Немерелерім мен балаларымның мені құшақтағаны – үлкен бақыт
Ақорданың Instagram-дағы парақшасында Елбасымен сұхбаттың қысқаша нұсқасы жарияланды.
Бақыт дегенді қалай түсінесіз? Бәлкім сіз үшін бақыт ақшада болар, болмаса жоғарғы лауазымды бақыт деп санарсыз, әлде отбасы, бала-шағаңыз үлкен бақыт шығар. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл сұраққа жауап берді. Ол - мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауазым иесі, ал сондай тұлға бақыт деген сөзді қалай түсінеді дейсіз ғой?! Ақорданың Instagram-дағы парақшасында Елбасымен сұхбаттың қысқаша нұсқасы жарияланды.
«Бақыттың мерзімі қысқа. Бақытты кейбіреулері мәңгілік деп ойлайды. Бақыт деген бір сәт қана. Немерелерім мен балаларымның нәп-нәзік қолдарымен мойнымнан құшқаны – үлкен бақыт. Жақында ғана оқығаным бар еді. Лондондағы университеттердің бірінде 15 мың адамнан бақыт деген сөздің мағынасын сұраған екен. Бірінші орында «балалар, отбасы» деген жауап тұр», - деді Елбасы сұхбаты барысында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір