• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:12:39
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2018 NEWS

Назарбаев Назарбаев даңғылымен жүріп өтті

Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды қамтитын Тимирязев және Жандосов көшелерінің бойымен тартылған BRT көше-жол желісімен танысты.

 Қазақстан президенті Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін инфрақұрылымы қайта жасақталған Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарын аралап көрді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтее жасап хабарлады. 

Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына шаһар тіршілігін сәулет-құрылыс жүргізу тұрғысынан реттеу үшін пилоттық режімде енгізілген жаңа дизайын-код әдісі жөнінде мәлімдеді. Бұл әдіс мегаполистің бірыңғай стилін қалыптастыруға арналған әрі бір құжатта нақтыланған ережелер мен ұсынымдарды айқындайды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды қамтитын Тимирязев және Жандосов көшелерінің бойымен тартылған BRT көше-жол желісімен танысты.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Алматы қаласының индустриялық аймағын аралап көрді.

Назарбаев Алматыда

Қазақстан президентіне Алматы қаласының индустриялық аймағындағы жұмыс нәтижелері мен оны дамытудың перспективалық жоспарлары жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев жоғары технологиялы ток өткізгіш кабель өнімдерін шығаратын «КМК Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік циклімен, сондай-ақ дайын өнім үлгілерімен танысты.

Кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелескен Елбасы өндірісте еуропалық сапаға сай бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технология мен құрылғылар қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Tokyo Rope Almaty» жауапкершілігі шектелу серіктестігінің зауытында металл габион торын жасайтын автоматтандырылған өндіріспен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір