• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:08:22
+35°

16 Мамыр, 2019 NEWS

Назарбаев: Мен тек жаңа президентке қолдау көрсетемін

Сондай-ақ Назарбаев аздаған қолайсыздық тудырған мәселелер туралы да пікір білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында сөз сөйледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ашылу салтанатында Тоқаев туралы сөз қозғады.  Сондай-ақ Қазақстанды бір ғана президент басқаратынын мәлімдеді.

"Мен Тоқаевты аяқсыз қалған істі жалғастыратын, дайындықтан өткен тәжірибелі адам деп есептеймін. Мен тек жаңа президентке қолдау көрсетемін. Сондай-ақ тыныштықты қамтамасыз етіп және басталған істі аяғына дейін жеткіземін", - деді Елбасы. 

Сондай-ақ Назарбаев аздаған қолайсыздық тудырған мәселелер туралы да пікір білдірді. 

"Мен аздаған қолайсыздықтар тудырдырғанымды білемін. Сіздерге шараға "бірінші президент", сосын президент қатысты деп айтуға тура келеді. Мен Қазақстанды 2 президент басқарады деп ойламаймын. Бір ғана президент болады және сол басқарады. Сайлаудан соң бәріміз өзіміз таңдаған президентке қызмет етеміз", - деді Елбасы.

Оқи отырыңыз: 

♦Назарбаев: Сайлауға қатыссам, сөзсіз жеңіске жетер едім

Дайындаған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір