• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:43:44
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2017 NEWS

НАЗАРБАЕВ: ДАИШ-ҚА КІРГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗАМАТТЫҒЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ

ДАИШ террористік ұйымынының құрамына кіріп, қару алып соғысқа аттанған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

ДАИШ террористік ұйымынының құрамына кіріп, қару алып соғысқа аттанған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «МИР 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Соныммен қоса, бүгінгі таңда ДАИШ құрамында 500-600-ге жуық қазақстандықтардың барын айтты.

«Қазақстан заңына сәйкес, қандай да бір экстремистік ұйымдарға кіріп елден кеткен азаматтар қайта орала алмайды.  Бұл қатаң шара. Ислам мемлекетінде 500-600-ге жуық қазақстандықтар бар. Алайда, біз бірінші кезекте адамдардың мұндай теріс ағымдардың соңына еріп кетпеуін қадағалайтын шараларды қарастыруымыз тиіс», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Биыл қыста Астанада өткен Сирия келіссөздеріне қатысты пікір айтқан Назарбаев Қазақстанның кездесуге орын ұсынғанын айтты. «Іс жүзінде Астана алаңына Женевадағы келіссөзге қатыспағандар, әсіресе оппозиция жағынан қатысып жатыр. Біз Қазақстан қақтығысушы тараптардың барлығымен бірдей қарым-қатынас орнатқан деп ойладық, себебі біз мұндай келіссөзді ұсынып, оған жағдай жасадық. «Ислам мемлекетін» жеңуге және терроризммен күреске мүдделі барлық мемлекеттер тығыз жұмыс істемей мәселені шешу мүмкін емес» деді Назарбаев.

ДАИШ – Қазақстан Республикасында қатаң тыйым салынған террористік ұйым.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір