• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:47:56
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19 наурыз күні өкілеттілігін тоқтату жайында мәлімдегенімен қатар, алдағы уақыттағы қызметімен де бөліскен болатын. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін. Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады. "- деген болатын Елбасы.

Ендеше Елбасының билікте сенім артып отырған жас буын өкілдері кімдер болуы мүмкін? 

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі

Бауыржан Байбек

Алматы қаласының әкімі  Бауыржан Байбек  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Бауыржан Қыдырғалиұлы 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған. Ол  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Алматының жаңа әкім болып ауысқанда Бауыржан Байбекке Елбасы: «Бауыржан Байбек - осындай лауазымға тағайындалып отырған "Болашақ" бағдарламасының бірінші түлегі. Ол Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қасымда жұмыс істей жүріп, менің қызметімді көрді, бүкіл республикамызды аралады, маңызды сайлау науқандарына қатысты, ал бізді алда парламенттік сайлау күтіп тұр, бұл оңай сынақ емес. Оның қала алдында тұрған міндеттерді елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында сіздермен бірлесіп шеше алатынына сенімдімін», - деп баға берген.

Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Дәурен Абаев

Дәрен Абаев 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. Осы уақытқа дейін Дәурен Абаев  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды. 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы болып тағайындалып,  2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты болды. 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, 2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2011 жылғы шілдеден - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болса, 2016 жылғы 6 мамырдан Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарады. 

Алтай Сейдірұлы Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі.

Алтай Көлгінов

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Алтай Көлгінов А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. 2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.

Естеріңізге сала кетсек 2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Алтай Көлгіновты Батыс Қазақстан облысының әкімі етіп өзі тағайындаған болатын.

Самат Әбіш – ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары

Самат Әбіш

Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысында туған. "Дәуір" баспасының жетекшісі. ҚР ҰҚК академиясын (2000); РФ СБҚ академиясын (2002) бітірген. Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі. 2000 жылдан - ҚР ҰҚК органдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың маусым айынан - ҚР Әділет министірлігі Қылмыстық-үдерістік, қылмыстық атқару басқармасының қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2006 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, 2007 жылы комитет төрағасы, 2008 жылдың қазан айынан - ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, 2010 жылдан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі Орталық аппараты Мамандар департаментінің бастығы болып тағайындалған.

2007 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2008 жылы "Астананың 10 жылдығы" медальдарымен марапатталған.

Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі

Жақсылық Омар

Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Жақсылық Омар – экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жетекші маман болып бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, «Қазақстан» телерадиокорпорациясында, ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, кейін басшысы болып қызмет етті. 2011 жылдан 2013 жылға дейін ШҚО мәдениет басқармасының басшысы болды. Өскемен қаласының әкімі болғанға дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Фариза Жомартқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір