• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:29:21
Алматы
+35°

02 Сәуір, 2019 Әлеумет

Назарбаев бала кездегі достарымен кездесті (фото)

Әңгімелесу барысында Елбасының ескі достары өздерінің естеліктерін бөлісіп, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады.

 
 
Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Елбасы

Әңгімелесу барысында Елбасының ескі достары өздерінің естеліктерін бөлісіп, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады.

Елбасы

 
 
Айта кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Шамалған ауылының тұрғындарымен жүздескен еді.

– Туған ауылыма келген сайын әрқашан балалық шағымды жылы сезіммен еске аламын. Менің жүріп өткен жолым оңай болған жоқ, мемлекетіміздің ілгерілеуі мен өркендеуі үшін көп еңбек еттім. Шаршаған кездерімде әкем екеуіміз жиі серуендеген Шамалғанның көшелері мен тау бөктерлерін есіме алатынмын. Сол сәтте-ақ шаршағаным басылады, – деді Елбасы.

Назарбаев жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында еліміздің халықаралық аренада мойындалғанын атап өтті. Әрі қарай Шамалған ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен де танысты.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір