25Қыркүйек

Назарбаев ашылуына арнайы барып, кейін жабылып қалған орындар (фото)

Назарбаев ашылуына арнайы барып, кейін жабылып қалған орындар (фото)
Ⓒашық дереккөз

Қазақстанда 2000 жылдан бергі уақытта өндіріс орындары көптеп ашылды. Оларға қыруар ақша бөлінгені былай тұрсын, сапалы отандық өнім шығарады, инновациялық дамуды тездетеді деген сенім артылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев біршама жаңа жобаның тұсауын өзі кесті. Алайда соның көбі үмітті ақтамады. Тіпті, кейбір зауыттар ештеңе өндірместен шығынға батып, банкрот болып жатты. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елбасының өзі салтанатты ашылуына арнайы барып, көп ұзамай жабылып қалған кәсіпорындар тізімін ұсынады.

 

«Caspiy Еlectronics» 

Бұл инновациялық жоба Ақтау қаласында 2011 жылы жалпыхалықтық телекөпір барысында президент Назарбаевтың қатысуымен ашылған. Зауыт планшет пен плазмалық телевизорлар өндірісімен айналысуы керек болды. Жобаны жүзеге асыруға мемлекеттен  800 млн теңге бөлінген. Мұнда жылына 67 мың планшетті компьютер, 40 мың теледидар және 43 мың мониторлар шығарылады деп жоспарланған. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған кәсіпорын шығыны көбейіп, 2013 жылы жабылды.

Кейін тергеу кезінде зауыт техникасына барлығы 600 млн теңге бөлінгені, ал негізінде оның шын мәніндегі бағасы 20 млн теңге болғаны анықталған.

Бұл кәсіпорында бірде-бір планшетті компьютер жасалмағаны тергеу кезінде дәлелденді. Барлық планшет Қытайдан әкелініп, өзіміздің өнім ретінде сатылған. Алаяқтық жасалмаған жағдайда бұл зауыт 30 жылда бүкіл Қазақстанды планшетпен қамтамасыз ете алатындай еді.

каспий

Ақырында,  Ақтау қалалық соты  «Caspiy Еlectronics»  ЖШС-нің экс-жетекшісі Александр Павленконы ҚР ҚК бойынша бас бостандығынан айырды. 2016 жылы кәсіпорынның мүлкін алып-сату туралы келісімшарт жасалып, қазіргі уақытта «Экотек» ЖШС  «Caspiy Еlectronics»   ғимаратын сатып алған.

«Тұлпар» автокөлік зауыты

Оңтүстіккореялық Kia Motors пен LG International компаниялары президент Н. Назарбаевқа автокөлік құрылысын ұйымдастыруды ұсынады.

1996 жылы қазақстандық «Достық-Интеравто» мен LG International компаниялары біріккен өндіріс құру туралы келісімшартқа қол қояды. Н. Назарбаев бұл жоба пластмасс, резеңке технологиялық жабдықтары мен электрсымдар шығаратын зауыттарды үлкен көлемде тапсырыстармен қамтамасыз ететін еді.

Жобаның іске асырылуы «Тұлпар» аталатын «Киа Спортаж» автокөлігінің алғашқы қазақстандық нұсқасын шығарумен басталды. Жоспар бойынша бұл зауыттан жыл сайын 40 мыңға жуық көлік құрастырылып шығарылатын болуы керек болды. «Тұлпар» атымен шығарылған алғашқы көлік Қазақстан президентіне сыйға тартылады. 1998 жылы зауыт  жұмысын тоқтатты.

завод

Балқаш мырыш зауыты

2003 жылы бұл зауыттың ашылуына да Қазақстан президенті қатысқан. Мұнда 100 мың тонна мырыш шығару көзделген. Балқаш мырыш зауыты «Қазақмыс» корпорациясының басты жобасы болған. Жобаның құрылысына 120 миллион АҚШ доллары бөлінгенін қайтейік, небәрі алты жылдан соң зауыт директоры кәсіпорынның жабылғанын хабарлады.

«Ютекс» кешені

Мақтаны қайта өңдеуге арналған кешен 2004 жылы ОҚО-да ашылған. Бұл кәсіпорынның ашылуына да Н. Назарбаев қатысқан. Тіпті, ол кешеннің ашылу салтанатында: «Мұндай фабрика Қазақстан тарихында болмаған», - деген еді. Өкініштісі, бұл кәсіпорынның да ғұмыры келте болды. Жобаға 19,3 млн доллар кеткен.

«КазСат-1»  жерсерігі

2006 жылы іске қосылған «КазСат-1» жерсерігі тапсырыс бойынша Ресейде 65 миллион долларға жасалған. Жерсерікті іске қосу салтанатында Қазақстан президенті Н. Назарбаевпен бірге Ресей президенті В. Путин де болған. 2008 жылы жерсерік бұзылып қалған.

жерсерік

Биохим зауыты

2006 жылы Солтүстік Қазақстан облысында Елбасының қатысуымен «Биохим» зауытынның салтанатты ашылу рәсімі өтті. «ТМД елдерінде баламасы жоқ» деп дәріптелген кәсіпорынға 88,6 миллион доллар жұмсалған. Бұл кәсіпорынға жүктелген міндеттер көп еді. Біріншіден, жыл сайын 57 мың тонна биоэтанол, 24 мың тонна ашытқы, 25600 тонна көмірқышқыл газы, 58 мың тонна ұн өндіріледі делінген. Екіншіден, кәсіпорын 300 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін еді. Алайда 2012 жылы сот зауыттың банкротқа ұшырағанын хабарлады.

биохим

Ақтау-Сити қаласы

2007 жылы Ақтау маңынан салынған Ақтау-Сити қаласының салтаннатты ашылу рәсіміне Н. Назарбаев қатысып, бұл қаланың заманауи, барлық халықаралық стандартқа сай болатынын айтқан.

Жоспар бойынша қалада Тәуелсіздік аллеясы, әртүрлі әлеуметтік нысандар, мәдени мекемелер, сауда және спорт орталықтары салынады делінген. Осы арқылы қала таза, сапалы ауызсумен және электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болған. Кейінен 2013 жылы Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдаров «Ақтау Сити» қаласы жоспарланған нұсқада жүзеге асырылмайтынын хабарлады.

ақтау

«Азия Керамик»

Керамогранит зауыты 2010 жылы Шымкент қаласында Н. Назарбаевтың қатысуымен іске қосылған. Бұл зауыт индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша құрылып, 35 миллион долларға бағаланған. Кәсіпорында барлығы 250 адам жұмыспен қамтылуы керек болған. Алайда 2011 жылы зауыт жұмысын тоқтатады. Тек Елбасының ескертулерінен кейін ғана бұл жоба қайта қолға алынып, 2014 жылы кәсіпорынға сауықтыру жұмыстары жасалған. Араға төрт жыл салып 2011 жылдан бері тоқтап тұрған зауыт 2015 жылы іске қосылған. Қазір мұнда басында жоспарланғандай 250 жұмысшы емес, тек 100 шақты адам жұмыс істейді.

 азия

«ҚАЗТЕХМАШ»

СҚО-дағы «ҚАЗТЕХМАШ» ЖШС 2015 жылы Президенттің қатысуымен өткен жалпыхалықтық телекөпір кезінде қолданылуға берілген. Көлік құрылысымен айналысатын зауыт 2016 жылы 28  астық жинау комбайндарын шығару керек деп жоспарланған. Алайда, арада бірнеше жыл өткен соң, ҚР инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр Петропавлдағы зауыт «Қазіргі уақытта зауыт өнім өндірмейді» деген мәлімдеме жасаған. Осыған қарамастан, «ҚАЗТЕХМАШ» ЖШС қызметшісі бүгінде зауыт жұмыс істеп тұрғанын, көлік құрастырумен айналысатынын жеткізді.

 казтехмаш

Ұшақ шығаратын «КазАвиаСпектр» зауыты

«Авиациялық құрылыс жұмыстары дәл осы жерден басталады», - деді Н. Назарбаев 2011 жылы аталмыш зауыттың ашылу салтанатында. Қарағанды облысында орналасқан зауытта «Фермер-500», «Фермер-2», төрт орынды «Сұңқар» ұшағы, он орынды «Экспедишн» ұшағы жасалады деп жоспарланды. Бұл жобаға 1,6 млрд қаржы жұмсалған.

фермер

Бірақ «ресейлік серіктес компания әуе зауытына тиісті техникалық құжаттарды бермеді» деген сылтаумен уәде етілген ұшақтардың құрылысы созылып кетті. Осыдан барып зауыт басшылығына қарсы қылмыстық іс бір ашылып, бір жабылып, ақыры бес жыл бойы жұмыс істеп, бірде-бір  ұшақ жасай алмаған зауыт толық жабылды. Соңғы жаңалықтарға сенсек, зауыт сатылымға шығарылмақ.

 

Назерке МҰСА

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 5 ай бұрын

    ТАҢҒАЛАТЫН ЕШТЕҢЕСІ ЖОҚ, ХАЛЫҚ КӨРІП, БІЛІП ОТЫРҒАН ЖАҒДАЙ, ӨЗ ХАЛҚЫН ТРУСЫ МЕН МАЙКА, ШҰЛЫҚ ПЕН КӨЙЛЕК, ЖЕЙДЕМЕН ЖАРЫТПАҒАН БИЛІК МАШИНА ЖАСАП, ТАҒЫ БАСҚА КЕРЕМЕТ ҚЫЛАМЫЗ ДЕГЕНІНЕ СЕНГЕН ХАЛЫҚ ТА ЖОҚ, ҰРАНДАТЫП ЖАЛАУЛАТЫП ӨТКЕН 30 ЖЫЛ, КЕРЕК ЕМЕС ЭКСПО, ТАҒЫ БАСҚА ЖИЫНДАР МЕН ОТЫРЫСТАР, ӘТТЕҢ .....................................................

    • 5 ай бұрын

      Дұрыс Айтасыз, Қайран, желге ұшқан қаражат

  • 5 ай бұрын

    сол қаржының шашылуы неге тексерілмейді бізде егер шалдың қатысы болса ол үшін ешкімде жауап бермейді. бұл тізімде айтылмай қалғандары қанша. бізде қазір бір ұры бар ол 10-жыл жоқ аблязов шал ұрлығын мұхтарға жаба салмақ.

    • 5 ай бұрын

      Масқара !ақша қайда кетті

      1
      Балаларды діни бағытта тәрбиелеген балабақшалар анықталды
      25/09 17:16 0 170
      2
      Қазақстанның запастағы офицерлері әскери жиынға тартылды
      25/09 17:13 0 1677
      3
      NUR.KZ журналисін өлтіріп кетті
      25/09 16:54 0 585
      Алматыда «Ұлттық терминжасам ұстанымдары: теория және практика» тақырыбында семинар-кеңес өтті
      25/09 16:31 0 201
      АҚШ-тағы Әз-Жәнібек ханның дулығасын Қазақстанға әкелсек...
      25/09 16:24 0 1252

      Таныстырылғандар

      Аида Балаева: Әлемнің жетекші алаңдарында Қазақстанның мәдениеті мен өнері танылып жатыр
      Аида Балаева: Әлемнің жетекші алаңдарында Қазақстанның мәдениеті мен өнері танылып жатыр
      Аида Балаева: Әлемнің жетекші алаңдарында Қазақстанның мәдениеті мен өнері танылып жатыр
      «Рухани Жаңғыру» – бұл жеке жоба емес, жыл сайын жаңа идеялармен және жобалармен толыға түсетін ұзақ мерзімді бағдарлама.
      28/08/2018 12:26 1 5177
      Қазақстан рохинджа мұсылмандарының мәселесін жоюға күш-жігерін жұмсайды
      Қазақстан рохинджа мұсылмандарының мәселесін жоюға күш-жігерін жұмсайды
      Қазақстан рохинджа мұсылмандарының мәселесін жоюға күш-жігерін жұмсайды
      Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянмадағы ахуал бойынша өткен отырысында мәлімдеді.
      29/08/2018 12:11 0 1520
      Ядролық сынақтарға қарсы мәселелер талқыланды
      Ядролық сынақтарға қарсы мәселелер талқыланды
      Ядролық сынақтарға қарсы мәселелер талқыланды
      Мемлекет басшысы кездесу соңында Қазақстанның антиядролық бастамаларына үнемі атсалысып жүргені үшін Л.Зербоға алғыс білдірді.
      29/08/2018 17:14 0 820
      Конституция қадірі - халқының қажетіне жарауымен
      Конституция қадірі - халқының қажетіне жарауымен
      Конституция қадірі - халқының қажетіне жарауымен
      Заңдардың түп атасы саналатын - Конституция мемлекеттің тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын айқындайды.
      30/08/2018 10:22 0 976
      Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
      Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
      Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
      Бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов министрлік ұжымына жаңадан тағайындалған вице-министр Әсет Ирғалиевті таныстырды.
      03/09/2018 16:40 0 1191
      Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының екінші мерзімінің президенті болды
      Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының екінші мерзімінің президенті болды
      Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының екінші мерзімінің президенті болды
      Саммиттің қорытындысы бойынша қабылданған декларацияда академия жұмысына жоғары баға берілді.
      04/09/2018 13:56 0 1307
      Елбасы кімге сенеді?
      Елбасы кімге сенеді?
      Елбасы кімге сенеді?
      Елбасының сенімі мен қолдауының арқасында бірқатар шенеуніктер саяси ойынның беделді ойыншысына айналған секілді.
      05/09/2018 12:20 0 3611
      "Әумесер" Трамп әумесер емес екен
      "Әумесер" Трамп әумесер емес екен
      "Әумесер" Трамп әумесер емес екен
      Трамп қадалған жерінен қан алатын бәле. Егер де Ресейді аюға теңесек, Трамп сол аюды жуасытып келеді.
      12/09/2018 11:45 0 3153
      Үкіметтегі дағдарыс. Кім кінәлі? Сағынтаев кінәлі емес
      Үкіметтегі дағдарыс. Кім кінәлі? Сағынтаев кінәлі емес
      Үкіметтегі дағдарыс. Кім кінәлі? Сағынтаев кінәлі емес
      Ұзын құлаққа құлақ түрсек, Жақсыбековтің Президент әкімшілігі қызметінен босауы осы жағдайларға жанама қатысы болуы мүмкін.
      12/09/2018 17:07 0 2220
      2017 жылдың 12 қаңтары. Майлыбаевтың құпиясы ашылған күн
      2017 жылдың 12 қаңтары. Майлыбаевтың құпиясы ашылған күн
      2017 жылдың 12 қаңтары. Майлыбаевтың құпиясы ашылған күн
      Майлыбаевқа ұнамаған басқа тұлғалардың ішінен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын атап өткен жөн.
      13/09/2018 12:39 0 1859
      "Каспий конвенциясы үлкен дауға ұласуы мүмкін"
      "Каспий конвенциясы үлкен дауға ұласуы мүмкін"
      "Каспий конвенциясы үлкен дауға ұласуы мүмкін"
      Бұл аймақта геосаяси ойындар басталып кеткені рас па? Рас болса, бұған кім себепші болуда?
      14/09/2018 11:28 0 1889
      Академия ғалымы Моңғолия президентімен кездесті
      Академия ғалымы Моңғолия президентімен кездесті
      Академия ғалымы Моңғолия президентімен кездесті
      Моңғолия президенті Х.Баттулга Моңғолиядағы мәдениет елшілерімен кездесті.
      14/09/2018 14:17 0 727
      Мұхтар Жәкішев науқас анасымен кездесуге рұқсат сұрады
      Мұхтар Жәкішев науқас анасымен кездесуге рұқсат сұрады
      Мұхтар Жәкішев науқас анасымен кездесуге рұқсат сұрады
      Қазақстан ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Азаттыққа Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің өтініш...
      17/09/2018 17:56 0 1336
      Мәні ерекше ерлік
      Мәні ерекше ерлік
      Мәні ерекше ерлік
      Мен оны, Михаил Иванович (Хакім Тілегенұлы) Есенәлиевті, тоталитарлық қасаң замандағы тарихи мәні зор қаһармандық қадамдары үшін қатты қадірлеймін
      18/09/2018 11:11 0 1249
      Мұхтар Тайжан Қытай мәселесі бойынша қазақ билігінің аса маңызды хатын жариялады (фото)
      Мұхтар Тайжан Қытай мәселесі бойынша қазақ билігінің аса маңызды хатын жариялады (фото)
      Мұхтар Тайжан Қытай мәселесі бойынша қазақ билігінің аса маңызды хатын жариялады (фото)
      Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселелерін талқылау барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынас ескеріледі.
      25/09/2018 11:56 0 2759