25Қыркүйек

Наурызға жарым ай қалды? Мәдениет министрінің бастамасын неге қолдамаймыз?

Наурызға жарым ай қалды? Мәдениет министрінің бастамасын неге қолдамаймыз?
ⒸOpen source

Наурыз мерекесіне жарым ай ғана уақыт қалды. Күн райы жылынып, еліміздің оңтүстігіне көктем келіп те қойды. Қасат қардың көбесі сөгіліп, көк жамылғы тебіндеп, бәйшешек бүршік атты. Наурыз менмұндалап тұрса да халықта григорян күнтізбесіндегі жаңа жылды күткендегідей ықылас байқалмайды. Ықылас жоқ емес. Тек желтоқсанның соңғы күніне асыққандай 21 наурызды күтпейміз.

Неге?

Мақаламызға жан бітіру үшін Мәдениет министрі Мұхамедиұлының Наурызға бір ай қалғанда жарияланған сұхбатына тағы бір назар салайық. Министр Наурызға қажет іргелі ізденістер мен тарихи әрі зама­науи шараларды 8 түрлі тақырыппен атап көрсеткен еді.

Президенттің ұлттық киім киіп үлгі болып жүргенін айтқан министр қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелін келтіріп, мереке күні ұлттық киім киюге үндеді. «Бар­­лығымыз осы қасиетті күні, бас­­қа да атаулы күндері ұлттық киім киіп шығайық!» деді Мұхамедиұлы. Ұлттық киім дегеніңіз тек жылтырақ маржан жабысқан, зерлі шашағы төгілген әлем-жәлем киім емес, құдалықта ғана жүретін кең қолтық шапан емес. Оны бәріміз қалауымызша тұрмысқа ыңғайлы етіп кисек болады. Министр мақаласында тіпті ұлттық киімнің түрлеріне де кең тоқталып, ел арасында ұлттық киімге деген сұраныс пайда болатынын болжап, кәсіпкерлер сапалы өнімге көңіл бөлуі керектігіне де назар аудартқан.

«Наурыз ең әуелі бал­­дыр­ғандарға арналуы керек... Наурыздың қадір-қа­сиетін жан-жақты қамти оты­рып, шын мәнінде мереке жаса­ғымыз келсе, Наурыздың бірінші мағынасы да, сәні мен салтанаты да балдырғандар болуы тиіс», - деген министр тағы бір сөзінде. Календарлық жаңа жылды да асыға күтетін балалар ғой. Балалардың ықыласынан барып ата-анада мерекелік көңіл-күй туады. Демек біз балалар мен жас өрендерге наурыз мерекесін насихат ете білуіміз керек.

Мұхамедиұлының «Қызғалдақ – Наурыз­дың атрибуттық белгісі, эмблемасы ретінде бекітуді қажет етеді», - дегені даусыз мақұлдауға татиды. Министрдің «Гүлдің адамға деген әсері өте мол. Себебі гүлден ерекше сұлу­лықпен бірге адам нәр ала­ды. Гүл тұрған жерде биік сезім бар. Мереке күні аналарға, қыз-келін­шектерге гүл сыйлау көңілдерге құштарлық сыйлайды. Бұған қоса мекемелер, көше­лер, саябақтар қызғалдақтармен, басқа да гүлдермен көмкеріліп, абаттандырылса нұр үстіне нұр», - дегенін талқысыз құптаймыз. 

Күн мен түннің теңелуі – астрономиялық көктем­нің тууы екенін болса бәріміз білеміз. Осы жерде министрдің «Түн ортасы ауғанда жаппай жаңа күнді қарсы алу дәс­тү­рін тү­лет­кеніміз абзал» деген бастамасы жалпыхалықтық дәстүрге айналса құба-құп. Сағат тілінің 12 болғанын күтіп, шампан төгіп, торсылдақ ататын «жаңа жыл» дәстүрінен гөрі «Қазақ­стан хал­қы­­­ның Жаңа жыл – Наурызды қар­сы алуы» дейтін дәстүр әлдеқайда көркем емес пе?!

Батыстық ағайын­дардың «Амал келді – жыл келді!» деп, арқа-жарқа болып, Ұлыс күнін бір кісідей атап өтетінін еске салған министрдің «Көрі­су күнін» бекіту бастамасы да құптарлық.

Наурыз мейра­мының рухани-мәдени тәрбиелік мәнін іс жүзінде өмірге енгізуді ұсынсақ артық бола қоймас. Бұл мақсатта наурыздың 21-і күні сипатын ашатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр салтты жаңғыртатындай Отбасы күнін, Қайырымдылық жасау күнін, Ақ дастарқан күнін, Ағаш егу күні деп мазмұн бере отырып, рухани іс-шараларды неге қалып­тастырмасқа?

Дәл осы «Наурыз мейрамы» күндері аясында елі­міздің іскер азаматтары, меце­наттар, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер балалар үйлеріне, тұрмысы төмен отбасыларға және қоғамның әлеуметтік қорғал­маған топтарына жәрдем жасап, қайырымдылық шаралары­на көңіл бөлгені жөн. Ас мәзірін әз-Наурызға бейімдеп, кәсіпкерлер Наурыз көже, бауырсағын алдымен сол адамдарға тегін таратса. Бұл игі істе Қазақстанның бел­сенді жастарын, волонтерларды Наурыздың жаңа тұрпатта тойлануына жұмылдырсақ, жү­ре­гімізге жақын мерекенің мәні мен сәні арта түседі. Керек десеңіз, Наурыздың рухани мәр­тебесі үшін, жыл сайын қыс айларында дәстүрлі берілетін әдебиет пен өнер саласы қайраткерлеріне арналған сыйлықтардың табыс ету мерзімін де Наурыз мейрамына ауыстырған абзал.

Қыдыр баба (Қызыр) бар жақсылықтың, мол­­ш­ы­лық пен берекенің иесі, үмітт­ің шырағын жағатын кие. «Қырықтың бірі – Қыдыр» сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған факторды көреміз. Қыдыр баба көпшіліктің алдында қашанға дейін бата беріп, «үлкен» кісілердің соңында жүруі тиіс? 

Қиялды ұштай түсетін мүм­кін­діктерді пайдаланайық. Ен­деше, Қыдыр бабаны Наурыз мей­рамын өткізу барысында ұтым­­ды пайдаланған абзал. Уа­қы­ты­ның денін балалармен өт­кіз­сін. Тақпақ айтқызсын, өлең оқыт­сын, ән тыңдасын, өнерін көр­сін! Сондықтан Қыдыр ата­ның мейірімі алдымен бал­дыр­ған­­дар­дың көтеріңкі көңіл күйі­мен ұштасқаны керек», - деді министр өз сұхбатында.

Бұған қоса, Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамы кезінде мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мәселесіне де баса назар аударды. Ұлттық ойындарды дәріптеп, жыл сайын республикалық «Наурыз спартакиадасын» өткізуді ұсынды. Министрдің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары Наурыз мейрамын тойлау барысында өткізіліп жатқан шаралардың танымдық һәм мазмұндық жағына мән беруі тиіс.

«Болашаққа бағдар жасап, үлкен серпіліс жасаған елімізге қазір дүниежүзі тамсанып, үлкен үмітпен қарап отыр. Ендеше, игілікке беттеген кез келген жаңа бастаманы ерекше ықыласпен атқарып, жаңғырған рухтың жаршысы болуға ұмтылайық», - деп қорытындылаған Арыстанбек Мұхамедиұлы сұхбатын.

Біздің министр сұхбатындағы өзекті бастамаларға алып-қосарымыз жоқ. Жаңғырта жариялайық демедік. Билік тарапынан  бастама бар. Бекітілген мерекелік демалыс та бар. Тек жұмыла жүзеге асырайық дегіміз келеді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 6 ай бұрын

    Парламент пен үкімет бір ұлттық киім киіп жиналыс өткізсінші. Сол кезде бәрі осы мақаладағыдай болады. Қалғаны бос.

    • 6 ай бұрын

      Айтуын айтқан екен,. енді осы айтылғанды жергілікті жерде іске асыратын кім,..? Әрине аймақтарды басқарып отырған Әкімдер.Әншейінде ақша шашуға шебер Әкмдер(не болса соған) ұлттық мүддеге келген жмут бола қалады! Бәрі Басшыға байланысты,халықты кіналамау керек!

      • 6 ай бұрын

        Еркекше аикан

        1
        Алматының орталық бөлігіндегі көшелер қайта жаңғырады
        24/09 17:28 0 1897
        2
        "Жомарт Ертаев отбасыңмен бірге бауыздап тастаймын деп қорқытты" - Евгений Пак
        24/09 15:51 0 1526
        3
        Альварес Головкиннің жеңісін мойындады
        24/09 15:12 0 4484
        9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
        24/09 14:49 0 694
        Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
        24/09 14:40 0 1050

        Таныстырылғандар

        ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
        ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
        ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
        "Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты.
        29/08/2018 11:21 0 934
        Өгей әкесінің тепкісін көрген 20 жастағы Айсұлу күйеуге шығуды армандамайды
        Өгей әкесінің тепкісін көрген 20 жастағы Айсұлу күйеуге шығуды армандамайды
        Өгей әкесінің тепкісін көрген 20 жастағы Айсұлу күйеуге шығуды армандамайды
        «күйеуге шығамын, бақытты боламын» деп ақ көйлек киетін тойды аңсамайды.
        29/08/2018 15:37 0 3535
        Танымал айтыскер 44 жасында қайтыс болды
        Танымал айтыскер 44 жасында қайтыс болды
        Танымал айтыскер 44 жасында қайтыс болды
        Бұл туралы айтыскер Балғынбек Имаш өзінің инстаграм парақшасына жариялады.
        01/09/2018 12:55 1 15919
        Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
        Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
        Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
        Әрине, әуелі өзімнің Олжас Сүлейменовты тұлға ретінде құрметтейтінімді айта кеткім келеді. Әрине, оның ядролық қаруға тыйым салу, Семейдегі ...
        03/09/2018 16:21 0 2984
        «Арбаға таңылған балаларымызды Елбасы көрмесін деп сахнаға шығармады»
        «Арбаға таңылған балаларымызды Елбасы көрмесін деп сахнаға шығармады»
        «Арбаға таңылған балаларымызды Елбасы көрмесін деп сахнаға шығармады»
        Олар фотокамера объективіне күлімдеп тұрғанымен, анасының жүрегі қан жылап тұрған сәт.
        03/09/2018 17:51 0 2744
        Ресейдегі қазақ тіліне деген құрметсіздіктің тағы бір көрінісі
        Ресейдегі қазақ тіліне деген құрметсіздіктің тағы бір көрінісі
        Ресейдегі қазақ тіліне деген құрметсіздіктің тағы бір көрінісі
        1,5 миллион қазақ ұлты өмір сүретін Ресейде қазақ тілін оқытатын бір ғана мектеп бар.
        07/09/2018 10:28 0 3773
        Ауылда жүр талай имам айлықсыз қызмет ететін
        Ауылда жүр талай имам айлықсыз қызмет ететін
        Ауылда жүр талай имам айлықсыз қызмет ететін
        «Қазақстан қажылық қоры» есебінен 100 имамға 50 мың теңге көлемінде жалақы берілетін болды
        12/09/2018 15:56 0 1874
        Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді
        Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді
        Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді
        2018 жылдың 12 қыркүйегінде ішкі істер органдарына қайта арыз беріліп, құбырларды қазуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтату бойынша шара қабылданды.
        13/09/2018 17:36 0 2351
        Қайық мінген екеуін сот жақтады
        Қайық мінген екеуін сот жақтады
        Қайық мінген екеуін сот жақтады
        Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына сәйкес хаттама толтырған бойда екеуіне 5 АЕК (әрбіріне 12 мың 025 теңге) айыппұл салған еді.
        14/09/2018 13:43 0 860
        Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жасөспірім қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен
        Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жасөспірім қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен
        Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жасөспірім қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен
        12 жастағы қыз мемлекет қамқорына өтуі мүмкін.
        14/09/2018 15:48 0 1611
        Өлімге асығып тұрамын... (Ермұхан атаның айтқаны)
        Өлімге асығып тұрамын... (Ермұхан атаның айтқаны)
        Өлімге асығып тұрамын... (Ермұхан атаның айтқаны)
        Сұмдық-ай, күйеуінің әке-шешесін сыйламаған келіннің, соңынан еріп ата-анасынан безген баланың ана дүниеде жазасы болар.
        17/09/2018 13:47 0 3199
        "Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...
        "Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...
        "Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...
        "Халық Банктегі" бедірейген менеджерден сақта, кекірейген бөлім бастығынан сақта, қозғалмайтын кезектен сақта, картаңды қағар есептен сақта!"
        18/09/2018 14:51 3 6093
        Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
        Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
        Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
        Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген Түркия азаматының кешірім сұраған видеосы таралды
        21/09/2018 11:55 0 2249
        Индонезия Түркістанға қызығып отыр
        Индонезия Түркістанға қызығып отыр
        Индонезия Түркістанға қызығып отыр
        Түркістан-Самархан-Индонезия туристік бағытын қалыптастырып, әуе рейстерін ашылмақ.
        21/09/2018 13:49 0 876
        «Орыс емес, орысқұлдар қауіпті» топтамасынан 5 жыр
        «Орыс емес, орысқұлдар қауіпті» топтамасынан 5 жыр
        «Орыс емес, орысқұлдар қауіпті» топтамасынан 5 жыр
        Қырғыздардың жүрек жұтқан ерлігі біз Қазаққа үлгі болмай келеді-ау.
        22/09/2018 12:16 0 2076