Наурыз мейрамының тарихы һәм наурыз көже қайдан шыққан?

Наурыз мейрамының тарихы һәм наурыз көже қайдан шыққан?
Ⓒpikabu.ru

Мыңдаған жылдар бойы Алтай мен Атыраудың арасында мал баққан, қала салған, Жібек жолы бойында сауда деңдерін соққан қазақ, ежелден табиғатпен етене байланыста болған, қойын күндіз ұлы, жылқысын қызы бақса, түнде туқұйрықты ер-жігіттер баққан, жұлдызды аспанды толығымен меңгерген, астрономиялық білімдері ұшан-теңіз болған. Аспан білімдері арқылы ауа райын уағында бақылап, малдарын түрлі жаратылыстық апаттардан аман сақтаған, сондықтан да ата-бабаларымыз күнмен бірге күліп, күнмен бірге мұңайған.

Қазақтар планетаның бәрін жақсы білген, олар темірқазықты қараңғы түнде өздеріне жол бағдар компас еткен, оның маңындағы екі жұлдызды ақбоз ат, көкбоз ат деп атады. Жетіқарақшы (жетіген, жеті қарт) түнгі мал күзетіндегі сағат болды.  Меркурийді қазақтар таңшолпан, не кіші шолпан деп атады. Юпитерді-есекқырған, марсты-қызыл жұлдыз, близнецтты-қос жұлдыз, сириустты- сүмбіле деп атады. Ал үркерге қарап жыл мен күнтізбе ауыстырып отырған. Үркердің аууына қарап күн райының өзгерісін болжап отырған. Әр айдағы үркер мен айдың тоғысуын (тоғыс) күнді қатты бақылаған, сол күн ашық болса ай жайлы, ал жауын-шашын болса, айда сондай жауын-шашынды деп малды қадағалап баққан. Үркер жерге жақындады көктем келді деп жыл ауысатын мезгілді, 22 науырыздағы күн мен түннің тоғысын алдын ала білген. Үркер жерге түспей жер қызбайды деп көктемгі егіс жұмыстарын да соған қарап белгілеген. Күннің ұзарып-қысқаруын өлең жырларға қосып, «тоқсанда торғай адым, қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым, шілдеде шыл адым ұзарады» деген.

Байырғы қаза дәстүрлі күн күнтізбесін қолданған, онда күн қайсы шоқ  жұлдызының тұсында болса, сол шоқ жұлдызымен аталған. Жылдың басы көктемгі күн мен түннің теңелуі болды. Жыл қайыру есебін он екі хайуанаттың атымен атап, 22 наурызда адам жасқа толады деген, наурыз көже ішкенде бір жас қосылды деп, жаңа жасың құтты болсын деп тілек айтқан. Көктемгі теңелуді жаңа жыл басы деп атаған.

Жұрттың бәрі аспанға қарап  жұлдызды танып, жыл басын білмеуі мүмкін, сол себепті қазақтар төрт мезгілге қарай  көшіп-қонып мал баққанда, ат байлайтын мама ағашты алмай сол бойы қалдырып кететін. Соның көлеңкесіне қарап жаңа жылды білетін болған.

Наурыз сөзі Қараханиттер кезеңінен (Х ғасырдан) бұрынғы парсы мәдениетінің өрлеуі кезеңінде бізге сіңді, парысша нау-жаңа, руз-күн мағынасында.

Наурыз ырыс, береке әкелетін күні. Мысалға: бүгін Руми(шамси) күнтізбесі 3 наурыз болса, Хиджри күн тізбесінде 9 ережеп, Милади күн тізбесінде 16 наурыз. Міне ортасында бір жетідеп айырмашылық бар. Қазақы (шамси) күн тізбе Руми тізбесіне сәйкес келеді, батыс қазақтарында дәстүрге айналған көрісу күні осы марттың басында басталады. Осы күнен бастап наурыз тойы бір айға жалғасады, әр атаның балалары сол айдағы он бес тақ күнді жеребе тастап бөлісіп алып, шамси күн тізбесінің тақ күндері қыстан қалған барлық дәмін қазанға салып, тай қазанда көже қайнатып, елді қонаққа шақырады, қатығын мол қосып, қыстай жеген еттен жиналған холестеринді ерітеді.

Жыл бойы ит тірлікпен ырылдасып, бірін-бірі ренжітіп алған ағайын-туыс, көрші-қолаң, (әйелдер өзінше, ерлер өзінше) төс соғыстырып кеткен хақысын халал етеді, адамдар арқа-жарқа құшақтасып, жылы жүздермен амандасқанда, ортадағы реніштері өшіп, күнәлар ағаш жапырағы жерге төгілгендей төгіледі. Солай жаңа  жылды шат көңілмен, күнәсыз бастайды. Ол күні қатты айқайламайды, ешкімді ренжітпейді, әбес сөйлемейді, кір жумаған, сапарға шықпаған. Қыстаудан малды көктеуге көшуді осыдан соң ауа райына қарап белгілеген.

Төс соғыстырудың маңыздылығы туралы мынадай әңгіме ел ішінде бар, бір елді мекеннің әкімі өте жемқор, халқына қатал болады, ондағы абыз ақсақалдар дұға жасайды, артынша әкім тағынан құлайды, орнына басқа әкім келеді олда ақаш, тақ, әйел үшеуінің азғыруына түседі, аз өтпей тақуалардың дұғасы мен жылы орнынан кетеді, жаңа келген әкім келе сала, халқына бір-бір жұмыртқа әкелуге пәрмен береді, ертесі қайтадан алып кетіңдер дейді. Осыдан соң әкімге дұға өтпейді, ақсақалдар иманның дәмін ала алмай қиналады, үлкен ғұламаға барып себебін сұрағанда, сендердің бір-бірлеріңе хақыларың өтіп кеткен, сондықтан да сіздер күнә арқалаған жан болып тұрсыздар, күнәһардың дұғасы қабыл болмайды. Сіздер жиналып төс соғыстырып хақыларыңызды халал етіңіздер сонда бәрі орнына келеді дейді.

Наурызда жұмбақ айтыс жасайды, айтыс тақырыбы ел-жер амандығымен басталып, табиғат тану, астронмия(аспан әлемі, ауа райы, күн мен түн) білімі хақанда өрбиді.

Қыз-келіншектер жігіттеге көжемен қоса «ұйқы ашар» тамағын дайындаса, жігіттер жағы қыздарға кәде-си тарту етеді, үлкендерге «бел көтер» деп қыстан қалған сүріні алдарына тартады. Кәрі жілікте қасиет бар деп сенген, оны қыстай жемей сақтап, қыстан аман-есен шықтық деп көжеге қосып қайнады, үй иесі өзі жақсы көрген балаға береді. Ол баланың әкесі оны қорасының маңдайшалығына ұры-қарыдан қорғайды деп іліп қойатын болған.

Ат жарысы, палуан, теңге ілу, қыз қуар, жамбы ату, арқан тартыс сынды ұлттық ойындарға ұласады. Мықтыларға өз кәдесін берді.

Наурыз жыры ұлттық әдебиетіміздегі басты жанрдың бірі, онда жыршылар ат үстінде алыстан толғап жырлайды, ақсақалдар өлеңдете бата, тілектерін төгеді.

Қаһары қатты қыста отын өшірмей аман-есен шыққан жұрт қуанышында шек болмайды, сон күнге туралап қошқар күйегін есеппен ағытқандықтан алғашқы төл, қозылада туылып, төл басы жырға қосылады. Тәй-тәй басқан баланың тұсауы кесіліп, қой шетіне шыққан балаға тана бау тағады, оның әке-шешесі тойды тойға жалғайады. Қазақтың төл меркесі науырыздың отқа табынушылармен және басқада сенімдермен еш қатысы жоқ, тек ұзақ жылдық  тұрмыстық қажет негізінде қалыптасып, жылы, жақсы күнге жеткенге шүкіршілік етіп барын ортаға салып жеп қуанған, солай мерекеге айналған. Тарихы өте арыда жатса керек.

VІІІ-ғасырда ислам діні қазақ даласына келді, Х-ғасырда Қарахан әулеті кезінде ресми елдің идеалогиясы ретінде ұстанды, Алтын орданың Өзбек ханы тұсында халқымыз асыл дінімізді толығымен қабылдады. Міне осыдан бастап біз мәңгілік ұлттқа айналдық.

Наурызға байланысты Нұх(ғ.а) пайғамбардың кемесі жөңкіліп топан судың үстінде келе жатты, бір кезде тышқан ағаш кемені тесті, пайғамбар кеме қозғалғаннан бастап Алланың уаһи еткен «Бисмилаһи мәжирақа, уа мұрсақа, ина Раби лағафур рахим» деген дұғасын тоқтаусыз оқып отырды, су кемеге кіре бастады, жылан құйрығын тесікке тығын етті, су тоқтады, оның ақысын беру үшін, талабын сұрады, ол ең тәтті қан ішкім келеді деген соң, кеме ішіндегі тіршіліктердің қанының дәмін маса тексере бастады, енді болып жыланға жақындай бергенде қарылғаш, масаның тілін аса тездікпен жұлып тастады, ол тек ызыңдап бірдеңе айтты, ең тәтті адам қанын айтып түсіндіре алмады, жылан қайта-қайта құлағын тосты, түсінбеді, сонда қарлығаш, бұл құр бақаның қаны деп тұр деп аудармашы болды. Пайғамбар дұғада, кеме іші нәжіске толды, сасыды, кенет піл толғатып, қара киікті(доңызды) туды, ол туыла сала тұмсығымен барлығын айнадай етіп сорып шықты. Тышқан тағы кеменің бір бұрышын тесуге жақындады, пайғамбар дұғада, кенет жолбарыс толғатып мысықты туды, ол дереу кеміргішті тырқырата қуып, бас салып ұстады, осылай кеме Қазығұрттың басына аман-есен қонды, қалған бар азықты шығарып Нұх пайғамбар бір қазанға салып ас берді, наурыз көже содан қалды деген жұрт арасында әңгіме де бар. Ақ мол болсын, ел берекелі, жұрт тыныш, науырыз құтты болсын!

Нұрхалық Абдырақын

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Атырауда ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады
    21/05 16:31 0 943
    2
    Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады
    21/05 16:24 0 21
    3
    Головкин-Роллс жекпе-жегін қазақстандықдар қаншада тамашалай алады?
    21/05 16:22 0 27
    "1 секундта ақшаңыздан айырыласыз": Әккі алаяқтардың жаңа айласы қандай?
    21/05 15:55 0 65
    XYZ - ұрпақтар теориясы. Қазір қай буынның өкілі белсенді?
    21/05 15:46 0 80

    Таныстырылғандар

    Бірінші арна "Голос.Дети." байқауы нәтижесінің күшін жойды
    Бірінші арна "Голос.Дети." байқауы нәтижесінің күшін жойды
    Бірінші арна "Голос.Дети." байқауы нәтижесінің күшін жойды
    Бірінші арна көрермендер дауысына біреулер ықпал еткенін мойындап, нәтижені қайта қараймыз деп хабарлады.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 07:33 0 594
    Әйел баласы Жәннәтқа қалай барады?
    Әйел баласы Жәннәтқа қалай барады?
    Әйел баласы Жәннәтқа қалай барады?
    Әйел адам тозаққа түсетін болса, төрт еркекті өзімен бірге алып кетед
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 07:57 0 1760
    Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады
    Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады
    Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады
    2018 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 10:42 0 1271
    Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған
    Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған
    Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған
    "Мен сол кезде осындай бақытты әрі жауапкершілігі мол тіршілік біздің Жомартқа да бұйырғай деп тілек тіледім.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 14:33 0 698
    Түркістан қаласы шығыстық үлгіде жаңарады
    Түркістан қаласы шығыстық үлгіде жаңарады
    Түркістан қаласы шығыстық үлгіде жаңарады
    Қазір кесененің жанында жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы басталды...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 14:36 0 377
    "Ұлы даланы ұран ғып" жаңа ән жарыққа шықты
    "Ұлы даланы ұран ғып" жаңа ән жарыққа шықты
    "Ұлы даланы ұран ғып" жаңа ән жарыққа шықты
    Құлақты айтасыз, көзіме сайын даланы еркін жайлаған Сақ бабалар елестегендей болды...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 18:21 0 463
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Мемлекетті басқаруды дәметіп отырған үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 02:12 0 717
    "Оның жасы 10-да": Ержан Максим кімді жақсы көретінін айтты
    "Оның жасы 10-да": Ержан Максим кімді жақсы көретінін айтты
    "Оның жасы 10-да": Ержан Максим кімді жақсы көретінін айтты
    Ержан Максим ресейлік "Голос дети" бағдарламасында 2-орын алған болатын.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 15:10 0 597
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Естеріңізге сала кетсек, із-түзсіз жоғалған қызға мемлекетаралық іздеу салынған болатын...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 03:46 0 5261
    БҰҰ сарапшысы Қазақстандағы интернет бұғатталғанына қатысты пікір білдірді
    БҰҰ сарапшысы Қазақстандағы интернет бұғатталғанына қатысты пікір білдірді
    БҰҰ сарапшысы Қазақстандағы интернет бұғатталғанына қатысты пікір білдірді
    БҰҰ өкілі командасымен бірге Қазақстандағы интернет бұғатталғанына куә болғанын айтты.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 11:03 0 372
    Түрмедегі қақтығыс: Қашпақ болған 29 тұтқын қаза тапты
    Түрмедегі қақтығыс: Қашпақ болған 29 тұтқын қаза тапты
    Түрмедегі қақтығыс: Қашпақ болған 29 тұтқын қаза тапты
    "Ислам мемлекеттері" тобына мүше 30 тұтқыннан құралған топ, пышақ және басқа да суық қарулар пайдаланып үш түрме қызметкерін өлтіріп, қашып кетпек болған...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 11:29 0 1192
    Елеусіновтің экс-қарсыласы рингте еңбектеуге мәжбүр болды (видео)
    Елеусіновтің экс-қарсыласы рингте еңбектеуге мәжбүр болды (видео)
    Елеусіновтің экс-қарсыласы рингте еңбектеуге мәжбүр болды (видео)
    Нью-Йоркте (АҚШ) америкалық нокаутер Гэри Антуан Расселл (9-0, 9 КО) мен никарагуалық Маркос Мохиканың (16-4-2, 12 КО) жекпе-жегі өтті
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 12:25 0 1385
    Атырауда биыл қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады
    Атырауда биыл қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады
    Атырауда биыл қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады
    Бұл туралы «БатысАльянсСтрой» ЖШС бас директоры Әділ Жұбанов мәлімдеді.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:26 0 106
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    Кемеровада Hyundai және Skoda автосаландары өртке оранды
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 23:03 0 220
    Доллар құны құлдилап барады
    Доллар құны құлдилап барады
    Доллар құны құлдилап барады
    Доллар құны күннен күнге төмендемек
    21/05/2019 13:55 0 965