• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:26:09
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2019 Ғылым-білім

Наурыз айында өткізілетін ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталды

ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген түсушілер саны 80042 құрайды, оның ішінде 62678 қазақ, 17086 орыс, 278 ағылшын тілінде тапсырады.

Осы жылдың наурыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілуге өтініш қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 1 - 15 ақпан аралығында республика бойынша наурыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 154 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген түсушілер саны 80042 құрайды, оның ішінде – 62678 қазақ, 17086 орыс, 278 ағылшын тілінде тапсырады.

ҰБТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес ағымдағы жылы 24 - 29 наурыз аралығында өткізіледі. ҰБТ-ға ағымдағы жылы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері қатысады».

Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың 18-20 қаңтар күндері өткен алғашқы ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілген болатын. Алғашқы білім сынағына еліміз бойынша 34 687 талапкер қатысты. Оның 9-ы мүмкіндігі шектеулі жан. Қатысушылардың санаты келсек, 29 789 – 11 (12) сынып оқушылары, 3 268 – шартты түрде түскендер, 2 781 – шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысушылар.

Тестілеу сынағына 35 838 талапкерден өтініш түсіп, оның 25 615 қазақ тілінде, 10 162 орыс тілінде және 61 ағылшын тілінде тапсырды. Қысқы ҰТБ нәтижесінде 24 012 (69%) түлек белгіленген шекті деңгейден өтті, ал 10 675 (31%) тиісті 50 балды жинай алмады.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір