• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:03:35
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Әлеумет

"Наубайханада нан да піседі, жан да піседі..." Наубайхана атауы қайдан шықты?

Хана – наубайхана, асхана, тойхана, мейрамхана, яғни көпшілікке арнайы ас (тағам) дайындалатын жер

Адам Ата мен Хауа Ананың қарашаңырағын сақтап бүгінгі күнге жеткізген Қазақтың рулық шежіресінде Адамзаттың дүниеге келуі, есеюі, кемеліне келуі мен толып, толысуы дыбыстық таңбалар және сандармен белгіленіп бәрі қатар өріледі. Сол үшінде кейде біздер, санның орнына 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Г, 5-Ғ, 6-Д, 7-Е, 8-Ж, 9-З, 10-И, 11-Й, 12-К, 13-Қ, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Р, 22-С, 23-Т, 24-Ү, 25-Ұ, 26-У, 27-Һ, 28-Ш, 29-Ы, 30-І деген дыбыстық таңбаларын қолданамыз. Адамзаттың жетпіс мың жыл ғұмырындағы ең алғашқы әлемдік ұлы держава Қазақ қағандығының қолданған дыбыстық 30 таңбаcы осы. Бұл 30 таңба әлем тарихындағы адамдардың, елдердің, мемлекеттердің, қағанаттардың дүниеге келу рет санымен толықтай сәйкес жасалған. Біз әліпби әлемінде өмір сүріп келеміз. Әліпби – халықаралық жағдайда түрлі мемлекеттердің, ұлттардың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыратын және олардың шыққан тегін анықтайтын құрал.             

Қазақтың дыбыстық таңбалары: 1.А,Ә,Е, 2.Б,П, 3.Г,Ғ,К,Қ,(Х), 4.Д,Т, 6.Ж,З, 7.И,Й,Ы,І, 8.Л, 9.М, 10.Н,Ң, 11.О,Ө, 12.Р, 13.С,Ш, 14.Ү,Ұ,У, 15.Һ. болып, 15 топқа бөлінген. Қазақ Алып биінің кереметі, барлық таңбалар мен буындар осылай 15/15 болып белгілі бір математикалық жүйеге, яғни Адам Атамыздың шежірелік жүйесіне сай орналастырылған. Мына топтардың басында тұрғаны бастауы болса, соңында тұрғаны сол буынның толып, толысқан соңғысы. Бір дыбыс-таңбадан тұрғандары мағынасы өзгермейтіндері.

Біз бұл жердегі бірінші топтан Ата (1), Әке (2), Ер, Еркек, Ер адам (3), Ер-азамат (3-1) екенін көреміз.

Және сонымен қатар, Қазақ Әліпбиінде 1.А (Ата), 2.Ә (Әке), 3.Б (Баба (Ата-Баба), Бала), 4,Г (Гүл (қызғалдақ), яғни қыз бала деген мағына береді. «Гүл өссе даланың көркі, Қыз өссе елдің көркі» делінеді. Қазақта «Г» дыбыс-таңбасынан Ер-Азаматтың есімі қойылмайды. 5.Ғ (Аға, ғалым, ғылым), 6.Д (Дай, Дау, Ад, Ада, Адана, Адай, Адам. Бұл Адам Атаның бастау алатын жері, яғни алғашқы Ад қауымы. 7. «Е» Ер (Ер-Азамат)... (Жалғасын мына жерден оқуға болады «Латынға барар жолда» http://abai.kz/post/53374).

Міне осы қағиданы басшылыққа алып "наубайхана" деген атау сөздің этимологиясын былайша талдаймыз:

Наубайхана – сөз түбірі Ау, ары қарай  Нау, Ай, Бай, Ан, Ана, Хан, Хана деген біріккен сөздерден тұрады.

Ау – Ауа анамыздың түбірі және сонымен қатар дем алатын ауамыз. Бұл сөз Ауа анамыздың есімін береді. Осы Ау деген түбірден:

1 (1). Ауыл, аулы, ауылға, ауылдан, ауылдар, ауып қону, жер ауып бару т.т., яғни бір ананың балаларының тұрағы дегЕнді білдіріп тұр.

2 (3). Бау (жіп), баулы, бау-бақша.

3 (6). Дау, дау-дамай, даулы іс, дауласу, дауыл.

4 (8). Жау, жауласу, жауласпау, жауын, Жаулы (ру аты).  

5 (13). Қау, қаулап өсу, қауым, қаулы.

6 (14). Лау (лау тарту).

7 (15). Мау, мауық (мауығын басу), маубас.

8 (16). Нау, науа (астау), Наурыз, наубайхана.

9 (22). Сау, саулық (денсаулық), саумал т.т.

10 (23). Тау, таулы жер, тауға шығу, таудан түсу, таулы.

11 (28). Шау, шау тарту,

Ал, екінші болып тұрған «У» таңбасымен тек қана 20 түбір сөз жасалады: 1.Ау (Ауа Ана), 2.Әу (Әу баста), 3.Бу, 4.Гу, 5.Ду, 6.Еу, 7.Жу, 8.Зу, 9.Ку, 10.Қу, 11.Лу, 12.Му, 13.Ну, 14.Оу, 15.Өу, 16.Пу, 17.Ру,18.Су, 19.Ту, 20.Шу. Еске алайық, Керей мен Жәнібек те Қазақ хандығының шаңырағын осы соңғы Шу-ға байланысты, Шу өзені алқабында көтерген болатын.

Н – бұл дыбыс-таңба сөздің қай жерінде қолданылса да Нұқ пайғамбар атамыздың есімін береді. 1.Наб, 2.Нағ, 3.Наз, 4.Най, 5.Нақ, 6.Нал, 7.Нам, 8.Нан, 9.Нар, 10.Нас, 11.Нау. Және сонымен қатар 12.Ной, 13.Нұқ - синоним. Қазақтар ол атамызды Нұқ десе, Батыс елдері Ной (Ноев копшег) дейді. Сол сияқты Нау деген түбірден туындайтын «науа» деген сөз бар. Ежелгі қазақтар, тіпті Маңғыстау халқы, әсіресе бесқала (Қарақалпақстан) қазақтары науа деп, құдық басына мал су ішсін, деп қойылатын кемеге ұқсас астауды атайды.

Ал, енді осы синоним атаулардың аттары қайсысы қайсысынан бұрын дүниеге келген дейтін болсақ:

  1. 1. Наб 16-1-3
  2. Нағ 16-1-5
  3. Наз 16-1-9
  4. Най 16-1-11
  5. Нақ 16-1-13
  6. Нал 16-1-14
  7. Нам 16-1-15
  8. Нан 16-1-16
  9. Нар 16-1-21
  10. Нас 16-1-22
  11. Нау 16-1-26
  12. Ной 16-18-11,
  13. Нұқ 16-25-13 (Нух 16-26-31, Нұх 16-25-31).

Атамыз Қазақтың ең бірінші сөз болған, ал сөз басы дыбыстармен, буындардан басталады деген қағидасына және әрбір сөздің түбірінде (өз түбінде, яғни өз атасында) сол сөзді дүниеге әкелген Атамыздың аты, яғни бүгінгіше айтқанда «авторлық құқығы» сақталады деген қағидаға сәйкес:

Наурыз – таза қазақ сөзі. Негізі жоғарыдай айтқанымдай, Нұқ (Нұх, Нух) Ной, Нау, Най болып әртүрлі лақап аттармен  аталып жүрген) пайғамбар атамыздың атынан шыққан. Ал екінші буындағы «рыз»-ға келсек, қазақта осы жалғаудан арыз, қарыз, парыз деп, адам баласына жауапты міндет жүктейтін (міндетіңді орындамасаң арыз туындайды) және «ыз» жалғаулығынан уыз, қыз, сыз, тыз деген адамзат ғұмырының бастауындағы тез өтетін ұғымды білдіретін сөздер жасалған.

Нау дегеніміздегі «Н» дыбысы Нұқ атамыздың есімін берсе, одан кейінгі «Ау» - Ауа анамыздың есімін береді. Таудың да сөз түбірі «Ау» болатыны осыдан. Таудың атауы Ауа анамыздың құрметіне қойылған.

Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде айтарымыз, сонау бағзы заманнан бері бізге жеткен ұлы шежіреде қазақтың ежелгі жыл басы Наурыз мерекесінде 365 күнге арнап, 365 күй ойналғаны айтылады.

Еліміздің батыс өңірі және бесқала (Қарақалпақстан) қазақтарының малға шөп салатын кемеге ұқсас ағаш астауды «Науа» деп атауы да, осы айтқанымыздың айдай айғағы болып табылады.  

Ай – аспандағы Ай аты. Аспанда Ай жердің серігі, жерде әйел ердің серігі. Аспанда Ай жерді айналады, жерде әйел ерді айналады. Ай – Адай ата есімінің екінші буынында тұр. Ад – Ада (Ата) болса, Ай – Анамыз болып тұр.

Бай – Бай (бүгінгі қолданысымызда жарлы емес, бай адам), байлық (бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық), Байұлы (Он екі ата Байұлы), байқа, байқау, байқамау т.т.

Ан – Ана, Анашым, Аналық, Ман, Манашы (өзен), Манатау (тау), Манқыстау (Мандардың қыстауы, жер, аймақ),

1 (3). Бан, Бану, Албан (ру аты),

2 (6). Дан, дана, даналық сөз, данышпан, данағөй.

3 (8). Жан (адамның жаны), жаным, Жанар (көздің жанары, қыз баланың есімі), Жанарыс, Жансұлу, Жансая, жантақ (тікенекті бұта) т.т.

4 (13). Қан (денедегі қызыл қан), Қанға баба,

5 (15). Ман, Ман ата (моласы Манқыстауда), Манқыстау (Мандардың қыстауы), Манғыт (ру аты) т.т. Бүкіл әлем елдері Аллатағаланың ең алғашқы жаратқан саналы тіршілік иелерін тек қана екі есіммен: шығыс халқы Адам десе, батыстықтар Ман деп атайды. Осы екі есімнің екеуіде Манқыстауда дүниеге келген. Адам атаның атын Адай ұстап отырса, Ман атаның атын Манқыстау ұстап отыр.

6 (16). Нан (жейтін нан), наным, нану, нанғыш, нанбау, Аднан (Мұхамбет (ғ.а.с.) пайғамбардын он үшінші атасы).

7 (20). Пан, пана болу, пана болмау, панасыз (жетім), баспана (үй).

8 (22). Сан, сана, санасыз, сандық атау, санау, санамау, сансыз (есепсіз көп), санасы сансырау.

9 (23). Тан (таң), естен тану, Тана (сиырдың бұзауы), Тана (ру аты).

10 (28). Шан, шана, шаншу, Шаншар.

Ана – Анаға түсінік беру артық болар.

Хан (Қан) – Қазақ, қазақ болғалы ел (мемлекет) билеушісін осылай атаған. Әлем билеушісі деген мағына беретін Қаған деген ең ұлы лауазым атауыда осы сөзден бастау алады.  Айырмасы, «Қ-аға-н» дегенімізде Ханның ортасына Аға деген сөз айшықталып тұрады. Қағанның балама атауы Аға хан. Біз оны Шыңғыс қағанның мөріндегі АҒА ХАН деген жазбадан және ежелгі қазақтардың қолын жүрегінің үстіне қойып ХАН АҒА деп ілтипат көрсете сөйлегендерінен айқын көре аламыз.

Хана – наубайхана, асхана, тойхана, мейрамхана, яғни көпшілікке арнайы ас (тағам) дайындалатын жер.

 «Наубайханада нан да піседі, жан да піседі» (мақал). 

Наубайхана деген сөз бастауын Нұқ пайғамбар атамыздың заманындағы топан судан бұрынғы «бір рулы елдің», яғни бір хандықтың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» баршаға ортақ бір қара қазаннан (Тайқазаннан) ас ішкен кезеңінен бастау алады. Өздеріңіз көріп отырғандай, бидай (Би Адай), нан (Ман), қазан (Тайқазан «Адтың орнын Дай басар, Аттың орнын Тай басар) және наубайхана атауларында Нұқ пайғамбар атамыз бен  қауымының «авторлық құқығы» толықтай сақталып тұр. Міне нан пісіретін Наубайхана деген бір ауыз сөз осылай сөйлейді.

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір