• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:31:56
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2017 NEWS

НАТО-ның жаңа бас ауруы: Муаммар Каддафиге адал берілген қызы – Айша Каддафи

Бір апта бұрын  «Ұлттық келісім билігі» құлағаннан кейін Ливияда жаңа мәселе пайда болды – Джамахири көсемнің қызы Айша Каддафи. Эритреи...

Бір апта бұрын  «Ұлттық келісім билігі» құлағаннан кейін Ливияда жаңа мәселе пайда болды – Джамахири көсемнің қызы Айша Каддафи. Эритреи хатына төрт жылдан бері жауап ала алмағаннан соң ол ливиялықтарды Батысты жаңаша жаулау саясатына қарсы шығуға үгіттеуде, ал өзін аты аңызға айналған әкесінің мұрагері – «Ливияның анасы» деп танытты. Бени-Валид (Мисурата) қаласындағы Ірі ливиялық «варфалла» тайпасы Джамахириидің  атын бейімділігін жариялап, Айшаның адалдығына ант берді. Бұған жауап ретінде Британиялық ВВС Муаммар каддафидің қызының қызу қандылығын ескере отырып, оның шынайы бет-бейнесін ашатын нақты дәлелдемелер келтірді. Ал НАТО Ливиядағы жағдайға байланысты Голландияда шұғыл түрде жиналыс өткізген, деп хабарлайды zagopod.com, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

Айшаға «қара таңба» жіберу үшін Батыста барлық негіз бар. Ол Каддафидің жалғыз қызы, сол себепті де ливиялықтарға ықпалы зор болып, Батысқа едәуір қауіп төндіріп отыр. Әйелдерге «ливиялық балаларын» қорғауға үгіттей алатын Каддафидің сегіз балаларының ішіндегі жалғызы осы Айша. Сорбоннаның үздік ағартушылық дәстүрі бойынша ол Ливия мен шет елдерде құпия үкімет құратынын жарнамалаған. Батыстықтар оны әкесін қалай қинап өлтірсе, өзін де солай өлтіреміз деп қорқытқан. Әкесінің өліміміен қатар Айшаның жеке есебі  бар  – натолық әуе күштерінің соқысынан екі баласы мен күйеуі көз жұмған екен.

Батыста Айша Каддафи шығыс аруы ретінде өте танымал болғанымен Ресейде ол жайлы білетіндер тым аз. Ол 39 жаста. Айшаның әйел адам екендігіне, сонымен қатар мұсылмандықтан алыс екендігіне қарамастан Ливиядағы төңкеріске дейін оны Муаммар Каддафидің мұрагері ретінде тағайындаған. Әкесінің сүйікті қызы, кішкентайынан әкесінің идеяларынан шабыттанып өскен. Ол жаңа ливиялық дәстүрлер бойынша тәрбиеленген – Арабиялық социалистік Джамахирии, олардың ұстанымдары – бүкіл әлемді болмаса да, Африканы міндетті түрде азат етуі керек. Оны ұзын бұйра шаштары, сымбатты дене бітімі үшін «африкалық Клаудии Шифер» деп атайтын. Негізінен жіңішке джинсы, Gucci биікөкшелері мен мұсылмандық орамал тағып жүретін.

Алайда 2011 жылы кенеттен ол европалық топ-модельдердің имиджіне ауысып, хиджаб кие бастаған. Осылай халыққа жақындығын білдіріп, ел ішіндегі мәселелерге Батыстың араласуына наразылығын білдірді. Қызының негізгі міндеті Каддафидің саясатын жалғастыру болды. Өзінің жалғыз қызын Муаммар Каддафи қан тазалығын сақтау мақсатында туған бөлесі Ахмед Аль-Каддафи аль-Касхиға  тұрмысқа берген. БҰҰ-да Айша Каддафи Африкадағы СПИД пен ашаршылыққа қарсы күрес жүргізу керектігін алға тартып, Каддафидің африкалық идеалдарын ұстанған.

2011 жылдың тамызында Триполи астанасы бүлікшілердің қолына көшкеннен соң Муаммар Каддафи Айшаның Ливияда қалуына рұқсат бермеді. Бес күннен кейін Каддафидің резиденциясын да басып алғаннан соң, ол Мұхаммад пен Ганнибал атты екі ұлына келіншегі мен аяғы ауыр қызын аманаттап тапсырып, Алжирге жібереді. Айша үш күннен соң қыз босанады. 21 қазанда болған Каддафидің өлімі Айшаның өмірге деген құштарлығын жойығанымен, ол ауруханадан шыққаннан соң өз күресін бастаған. Алжир билігінің екі рет тыйм салғанына қарамастан ливиялық тұрғындарды Муаммар Каддафидің өлімі үшін кек алуға шақырған, ал бір жылдан соң, 2012 жылдың қазан айында, Оманға кетуге мәжбүр болады. Ол уақытта Айша БҰҰ-дағы өз мәртебесінен толықтай айырылған болатын, сонымен қатар саяси бүлік туғызды деген айыпппен Интерполдың назарына ілігіп, оған қауіп төнді. «Каддафи Ливияда емес, ол ливиялықтардың жүрегінде» екендігіне Айша Каддафи сенеді.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір