НАТО: Біз Ресеймен соғыса қалсақ, күліміз көкке ұшады

НАТО: Біз Ресеймен соғыса қалсақ, күліміз көкке ұшады
Ⓒqamshy.kz

НАТО әскери ұйымының еуропалық мүшелері «егер Ресеймен соғыс бола қалса, біз оған еш дайын емеспіз» деп мәлімдеді. Бұл пікірді ұйымның халықаралық әскери штабының басшысы Ян Брукс те мойындады.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі уақытта НАТО ұйымының әскерлері жедел әрекет ете алмайды. Генерал-лейтенант Ян Брукс Defense News журналына берген сұхбатында бұған себеп болып отырған бірнеше мәселе барын айтты. «Біріншіден, логистикалық бағытта қиындық туады. Екіншіден, орыстарға қай жерден, қай аймақ арқылы соққы жасаймыз? Үшіншіден, әскери техникаларды тасымалдау қай жол немесе қай бағыт арқылы жүзеге асырылады, ол жағы әлі шешілмеген. Тозған темір жол мен порттар соншалықты мөлшердегі әскери техниканы қабылдауға дайын емес. Осы жағынан келгенде,  НАТО мобильді түрде, жедел әрекет ете алмай қалады. Сөйтіп, соғысқа дайын болмай, күліміз көкке ұшады. Төртіншіден,  бәсекелестік жағдайында Ресей сияқты қуатты әскери державаға қарсы тұруға қуатымыз жетпейді. Темір жол тасымалы мен техникаларды таситын алып кемелер де кең ауқымдағы операцияны жүзеге асыруға дайын емес».

Сонымен қатар, НАТО-ның генералы Ресейге қарсы шабуылда қиындық келтіретін тағы басқа мәселелерді атады. Орыстарға соққы беру үшін НАТО-ның құрлық әскерлері мен әуе күштерін олардың территориясына орналастыру үшін, ЕуроОдақтағы  кейбір елдердің рұқсатын алу керек.

Расында да кейінгі кездері НАТО ұйымына мүше елдер мен Ресей арасында салқындықтың ызғары айқын сезіле  бастады. Ресей сонымен қатар,  Еуропаның солтүстік аймақтары мен Арктикада  әскери-жаттығу жиындарын жиі өткізуде. Осыған НАТО ұйымының бірқатар әскери генералдары қатты алаңдап отырғанға ұқсайды. Алайда НАТО альянсының бас хатшысы  Йенс Столтенберг ұйымға мүше елдер өткізген «Trident Juncture -2018» әскери жаттығу жиынында «жанталаса қарулануға ұмтылып отырған жоқпыз. Біз Ресеймен қырғи-қабақ жағдайында емеспіз. НАТО қашан да ұжымдық қорғаныс қабілетін күшейтуге міндетті. Әлемге халықаралық жағдайдың шиеленіскені емес, тұрақтылығы қымбат. Сондықтан біз Ресеймен арадағы қарым-қатынасты барынша жақсартуға тырысамыз»– деп мәлімдеді.

Айта кету керек, НАТО -ның Trident Juncture - 2018 жаттығу жиынына 30 елден 50 мың әскер, 130 ұшақ пен 60 корабль мен Бундесвердің 100 танкісі қатысқан.

Шындығында да, Ресей қаупіне қатысты сарапшылар мен әскери мамандардың пікірі әртүрлі. Америкалық сарапшылардың пікірінше,  қазір күшінде болғанымен, 2025-2035 жылдары  Ресей елінің  демографиялық өсімі күрт кеміп, экономикасы әлжуаздана түседі. Сондықтан олардан келер қатер жоқ. Ең басты қауіп – Қытай.  Олар барған сайын күшейіп келеді.  Сондықтан НАТО мен Америка Қытайдың әскери және экономикалық дамуына назар аударуы тиіс.

Ал Сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса, Ресейдің НАТО ұйымына мүше  елдеріне  ешқандай қатер төндірмейтінін қадап айтты. «Мұның барлығы да ойдан шығарылған нәрсе. Ресейдің шекаралық аймақтарына өздерінің әскерін орналастыру үшін мұның барлығы қолдан жасалынып отырған айлы-шарғы. Біздің сыртқы стратегиямызда қандай да бір елге шабуыл жасау туралы жоспар жоқ. Бұл Балтық жағалауы елдері, атап айтқанда, Эстония, Латвия мен Литваның және Польша елдерінің байбаламы ғана» деп мәлімдеді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Астанадағы мектепке «бомба» қойылды
    14/11 19:36 0 361
    2
    Шетелде шәкірттеріне сексуалдық зәбір көрсеткен педагог Астанадағы элиталы мектепте сабақ берген
    14/11 15:55 0 415
    3
    Ақтөбе облысының мұғалімдері: «Айлықты қашан аламыз?»
    14/11 15:26 0 248
    «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруды қолға алды
    14/11 15:22 0 1274
    "Ақ жол" партиясы: Мемлекеттік қызметкерде екі азаматтықтың болуы – су ішкен құдығына түкіруі
    14/11 15:04 0 832

    Таныстырылғандар

    Палестина мен Күрдістан халқының отансыз қалуы жерді жалға беруден басталған
    Палестина мен Күрдістан халқының отансыз қалуы жерді жалға беруден басталған
    Палестина мен Күрдістан халқының отансыз қалуы жерді жалға беруден басталған
    Ресей де кезінде Алясканы АҚШ-қа 100 жылға жалға берді, ақырында ол жерден орыстар түпкілікті айырылды. Бұл оқиғаны дүние жүзі біледі.
    05/11/2018 15:28 1 13236
    Назарбаев "жауапсыз монополистерді" жазалауды бұйырды
    Назарбаев "жауапсыз монополистерді" жазалауды бұйырды
    Назарбаев "жауапсыз монополистерді" жазалауды бұйырды
    Назарбаев шенеуніктерді таяуда халыққа жолдауының мәнісін анықтауды шақырып, жауапсыз монополистерді жауапқа тартуды бұйырды.
    08/11/2018 10:03 1 1248
    "Ұлы" орыс тілі Украинада ұлылығынан айырылды
    "Ұлы" орыс тілі Украинада ұлылығынан айырылды
    "Ұлы" орыс тілі Украинада ұлылығынан айырылды
    Украина телеарналарында эфир уақытының 75% украин тіліндегі жобаларға берілуі тиіс.
    08/11/2018 11:31 0 3092
    Ёсихиро Фукуя́ма: Путин кеткеннен кейін билік үшін күрес басталады
    Ёсихиро Фукуя́ма: Путин кеткеннен кейін билік үшін күрес басталады
    Ёсихиро Фукуя́ма: Путин кеткеннен кейін билік үшін күрес басталады
    Путин кеткен соң, билік үшін күрес басталады, оның нәтижесін болжау өте қиын.
    08/11/2018 11:56 0 2384
    Назарбаев 31 жыл бұрын: Қонаевтан көресіні көрдік
    Назарбаев 31 жыл бұрын: Қонаевтан көресіні көрдік
    Назарбаев 31 жыл бұрын: Қонаевтан көресіні көрдік
    Қайда барсаң да Қонаевтың портреті қарсы алдыңнан шығатын
    08/11/2018 12:33 0 29247
    Украиндық шенділердің Путинге хаты: «Сен тіпті христиандардың шошқаcын бағуға жарамайсың!»
    Украиндық шенділердің Путинге хаты: «Сен тіпті христиандардың шошқаcын бағуға жарамайсың!»
    Украиндық шенділердің Путинге хаты: «Сен тіпті христиандардың шошқаcын бағуға жарамайсың!»
    Cен, президент, мәскеулік шайтан, қарғысқа ұшыраған шайтанның досы-бауыры, Люцифердің хатшысы!
    08/11/2018 14:13 0 3756
    Елбасы Путинге қазақтың қамшысын сыйлады
    Елбасы Путинге қазақтың қамшысын сыйлады
    Елбасы Путинге қазақтың қамшысын сыйлады
    Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен жүздескенде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы табысты өткенін айтты.
    10/11/2018 11:20 1 1406
    Министр Қытай елшісімен Қытайдағы қазақтардың құқын талқылады
    Министр Қытай елшісімен Қытайдағы қазақтардың құқын талқылады
    Министр Қытай елшісімен Қытайдағы қазақтардың құқын талқылады
    Қазақстан тарапы Қазақстан азаматтарына ҚХР-дың жеке, іскерлік және туристік визаларын беруді тез арада қайта жалғастыратынына үміт білдірді.
    10/11/2018 12:42 1 2832
    Ресей ССРО-ның ыдырауын қайталай ма?
    Ресей ССРО-ның ыдырауын қайталай ма?
    Ресей ССРО-ның ыдырауын қайталай ма?
    Демек, Ресей үшін - бұл мемлекеттік суицидтің көрінісі.
    12/11/2018 10:48 0 1531
    Америкалық журналистер Назарбаевтан кейін кім президент болатынын болжады
    Америкалық журналистер Назарбаевтан кейін кім президент болатынын болжады
    Америкалық журналистер Назарбаевтан кейін кім президент болатынын болжады
    Биліктегі ауыс-түйіс шиеленіске, билікке деген қатігез күреске ұласады.
    12/11/2018 12:49 0 26862
    Дархан Кәлетаев және Нұртай Әбіқаев Түркиядағы отандастарымызбен кездесті
    Дархан Кәлетаев және Нұртай Әбіқаев Түркиядағы отандастарымызбен кездесті
    Дархан Кәлетаев және Нұртай Әбіқаев Түркиядағы отандастарымызбен кездесті
    ҚР Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын.
    12/11/2018 13:45 0 464
    Назарбаев: Қытай өзге аумақтарға шабуыл жасамайды, қысым көрсетпейді
    Назарбаев: Қытай өзге аумақтарға шабуыл жасамайды, қысым көрсетпейді
    Назарбаев: Қытай өзге аумақтарға шабуыл жасамайды, қысым көрсетпейді
    Қазақстан Қытайдың ең жақын көршісі әрі ешқандай қысым көріп жатқан жоқ.
    14/11/2018 11:01 0 1070
    Азат Перуашев «Арселор Митталдағы» өрт туралы ауыз ашпай отырғандардың айыбын бетіне басты
    Азат Перуашев «Арселор Митталдағы» өрт туралы ауыз ашпай отырғандардың айыбын бетіне басты
    Азат Перуашев «Арселор Митталдағы» өрт туралы ауыз ашпай отырғандардың айыбын бетіне басты
    Біз бизнеске үнемі көмектесеміз, бірақ адам, оның құқығы мен денсаулығы бәрінен маңызды.
    14/11/2018 12:59 0 1007
    "Ақ жол" партиясы: Мемлекеттік қызметкерде екі азаматтықтың болуы – су ішкен құдығына түкіруі
    "Ақ жол" партиясы: Мемлекеттік қызметкерде екі азаматтықтың болуы – су ішкен құдығына түкіруі
    "Ақ жол" партиясы: Мемлекеттік қызметкерде екі азаматтықтың болуы – су ішкен құдығына түкіруі
    Әзірбайжанда қос азаматтық үшін қылмыстық жаза 2014 жылы енгізілген.
    14/11/2018 15:04 0 832